Ел жаңалықтары

Өзбек билігі Қазақстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді

  • © Sputnik / Кирилл Каллиников

    © Sputnik / Кирилл Каллиников

Өзбек билігі екі елдің шекарасында пайда болғаны жүк көліктерінің кептелісіне қатысты түсінік берді, деп хабардайды Sputnik Өзбекстан.


25 қазанда Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі қазақ-өзбек шекарасында 150-ден астам қазақстандық көліктің жиналып тұрғанын хабарлаған болатын.



"Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық автомобиль тасымалдары туралы екі жақты келісімге қол қойылған. Осы келісімге сәйкес екі мемлекет арасындағы және олардың аумағындағы транзит рұқсатсыз негізде іске асырылады. Қазақстаннан Өзбекстанға немесе керісінше біздің елден көрші мемлекетке тасымалдау кезінде ешқандай проблема жоқ. Сонымен қатар осы аумақтар арқылы транзитпен өткенде де ешқандай қиындық жоқ", — деді Sputnik тілшісіне Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі басшысының орынбасары Шаалим Шавахабов.


Оның айтуынша, үшінші елдерден немесе осы елдерге жүк рұқсат қағаздары негізінде тасымалданады.


"Биылғы жылға Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі мен Қазақстанның құзырлы органы арасында 1200 рұқсат бланкісімен айырбас болды. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап шамамен 700 бланкіні пайдаланған. Сондықтан жыл соңына дейін бланкі жетеді", — деді ол.


Оның пікірінше, шекарадағы жағдай заңға бағынбайтын тасымалдаушылардың кесірінен туындап отыр.

"Кейбір тасымалдаушылар қолында рұқсат бланкісі болмаса да, шекараға келіп, Өзбекстанға өткізуді талап етеді. Бірақ, заңнамаға сәйкес ел аумағына үшінші елдерден жүк тасымалдаған кезде міндетті түрде рұқсат бланкілері рәсімделуі керек", — деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.


Sputnik




 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 18:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30