Ел жаңалықтары

Парижде 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандықты МКК іздестіріп жатыр

  • Парижде 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандықты МКК іздестіріп жатыр

    Парижде 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандықты МКК іздестіріп жатыр

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев Парижден 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандықты іздестіріп жатқандарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық. Сауалда пәтерді қай елдің азаматы қанша ақшаға сатып алғанын сұрадық. Бізге берілетін деректер негізінде оны (жауапкершілікке - ред.) тарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бәлкім өз декларациясын көрсеткен де шығар. Мыңдаған қазақстандықтың шетелде өте үлкен сомада қаражаты бар, бірақ олар бұл соманы ресми жариялаған», - деді Теңгебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Комитет төрағасының айтуынша, халықаралық сауал елшілік пен сыртқы істер министрліктері арқылы жолданады және біршама уақытты талап етеді. Теңгебаев мәліметті алған сәтте журналистерге хабарлауға уәде берді.


Бұған дейін қазақстандық БАҚ Қазақстан азаматының Парижде аумағы 1200 шаршы метр болатын пәтерді 65 млн еуроға сатып алғанын хабарлаған еді. Пәтер иесінің аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз.


 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 20:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30