Ел жаңалықтары

Павлодарлық үй-күйсіз көше реперін соңғы сапарға шығарып салды

  • Павлодарлық үй-күйсіз көше реперін соңғы сапарға шығарып салды

    Павлодарлық үй-күйсіз көше реперін соңғы сапарға шығарып салды

Павлодар жұртшылығына көше репері ретінде танылған Сергей Галямов қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттінінің аймақтағы тілшісі.


Тұрғылықты мекенжайы жоқ репер Солтүстік өңірдің ерекшеліктерін паш ететін әндері арқылы ғаламтор жұлдызына айналған. Бұл жанрдағы шығармалары өзі жазып, орындаған.


Серега Павлодар қалалық №3 ауруханасының токсикологиялық бөлімінде көз жұмды.


«Сырқатқа «этанолдың улы әсері» диагнозы қойылды. Кезбе интенсивті терапия жүргізу барысында қайтыс болды. Оның денесі бойынша сараптама жүргізіледі», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.


Көше әншісінің қайтыс болғанына жергілікті еріктілер мен қала тұрғындары бейжай қарай алмады. «Клуб добряков» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен азаматтың жерлеу рәсіміне 75 мың жиналды.


«Реперді соңғы сапарға шығарып салуға 75 мың теңге екі сағаттың ішінде жиналды. Осы әрекет арқылы қаламызда қайырымды жандардың көп екеніне көзіміз жетті. Сереганы желеу рәсімі екінші қыркүцекте өтеді. Ол біздің есімізде позитивті адам ретінде сақталады», - дейді еріктілер.


Сергей Галямов – 48 жаста. Үй-күйсіз азаматтың 20 жасар қызы мен зайыбы Ресейдің Омбы облысында тұрады. Кей мәліметтерге сүйенсек, Сергей туыстарын соңғы рет 90-шы жылдары көрген. Кейін байланыс үзілген. Бүгінгі күнге дейін ол көше кезіп, ән айтумен күнін көріпті. Павлодар қаласын жырына қосқаны үшін ол халық арасында «көше дауысы» деген атаққы да ие болған.




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

жұма, 31.08.2018, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31