Ел жаңалықтары

Петропавлда жаңа теннис орталығы ашылды

  • Петропавлда жаңа теннис орталығы ашылды

    Петропавлда жаңа теннис орталығы ашылды

Бүгін Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Петропавл қаласында әмбебап теннис орталығы ашылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ForteBank спорт нысанына 1,7 млрд. теңге инвестиция салған.


Жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымының табысты әріптестігінің үлгісі іспетті болған нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгінде жайлы спорт орталығы қалалықтарға пайдалануға берілді.

Бұл жобаға елдегі балалар теннисін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы бастамашы болғанын айта кеткен жөн.

"Қазақстанда теннис ойыны жоғары деңгейде танылып келеді. Жаңа орталықта 250-ден астам бала шұғылданады. 2019 жылдың бірінші жартысында Петропавлда ATF сериясы турнирі, ал 2019 жылдың екінші жартысында ITF сериясы халықаралық турнирі өтеді. Енді спортшы жеткіншектер еліміздегі турнирлерге қатысып қана қоймай, жақын және алыс шетелдердің кәсіби теннисшілерін бақылауға мүмкіндіктері бар", – деп түсіндірді теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Барлық халықаралық талаптарға сай спорт орталығы Мұз айдыны сарайының жанында орналасқан. Қазіргі екі қабатты кешенге төрт жабық және үш ашық корт, 1 200 көрерменге арналған трибунасы бар орталық корт кіреді. Жобаның жалпы ауданы – 7 239 шаршы метр.




"Біз осындай маңызы зор және әдемі жобаның қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру біздің қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, жаңа спорт орталығы кәсіби спортшыларды даярлау бойынша қазіргі заманғы жаттығу базасы ғана емес, Петропавл тұрғындары арасында танымал болады деп сенемін", - дейді Fortebank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили салтанатты рәсімде.

"Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясындағы әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру – бірегей теннис орталығын салу біздің банкпен ынтымақтастығымыздың бір мысалы болып табылады, ол бүгінгі күннен бастап қала тұрғындарына жайлы теннис корттарында, волейбол және баскетбол алаңдарында уақыт өткізуге мүмкіндік береді", деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Жаңа спорт кешенінде кәсіби және әуесқой тенниспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған: душы бар киініп, шешінетін бөлмелер, кафе, жаттығу залы, теориялық сабақтарға арналған конференц-зал.




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

жұма, 12.10.2018, 13:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31