Ел жаңалықтары

Президент пен Премьер-министрдің биі елді тәнті етті (видео)

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен айдағы жұмыс кестесі бойынша атқарған жұмыстары, сапарлары мен халықпен кездесулерінен видео-ролик жариялаған Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Астананың орталық алаңында билеп жүрген сәтін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бірінші мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Астанадағы орталық алаңда халықпен жүздескен Нұрсұлтан Назарбаев елмен бірге биледі. Және ол өзі ғана билеп қоймай, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты да биге араласуға шақырған сәтін анық байқауға болады.


«Өткен айда Елбасының жұмыс кестесі қауырт болды. Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесулер мен жиындардан басқа жұмыс сапарымен еліміздің екі өңірінде болды және Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысты. Президенттің ресми сайты Akorda.kz-те Президентке қатысты 15 ақпараттық хабарлама жарық көрді. Осыған байланысты Президент баспасөз қызметі Мемлекет басшысының жұмыс кестесінің ерекше сәттерін жариялап отыр» - делінген хабарламада.


Өздеріңіз көріп отырғандай, видеода Елбасының бір айда атқарған жұмыстарының ерекше сәттері бейнеленген.



 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30