Ел жаңалықтары

Ресейден жеткізілген құс еті Қазақстанда сальмонеллез таратып жатыр

  • Ресейден жеткізілген құс еті Қазақстанда сальмонеллез таратып жатыр

    Ресейден жеткізілген құс еті Қазақстанда сальмонеллез таратып жатыр

Ресейден жеткізілген құс еті сальмонеллез таратып жатыр, деп хабарлады КТК.


Телеарнаның мәліметінше, Ресейден жеткізілген сапасыз құс еті еліміздің 7 бірдей облысына тарап кеткен. Ал олардан сальмонеллез ауруын тарататын бактериялар табылыпты. Еліміздің бас санитар дәрігері осылай деп дабыл қақты. Оның айтуынша, елімізге сырттан жеткізілетін барлық құс етінің 10 пайызы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Ал Ресейден әкелінген әлгі ауру ет Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстарының дүкендерінен анықталыпты. Мамандардың айтуынша, құс етін құйтырқылықпен сататындар әсіресе, ет құрамына антибиотиктер мен гармоналды препараттар егіп жіберуге әбден машықтанып алған. Яғни, етті ісіндіріп, мұздатып салмағын арттыру үшін фосфат аралас екпе салады. Бар бәле осыдан. Өйткені, ет мұздаған кезде бұлшықеттері ажырайды да ондағы бактериялардың таралуы 2-3 есе артып кетеді. "Жыл басынан бергі 4 айда импорттық құс өнімдеріне 1244 сынама жасап, соның 32 пайызы талапқа сай келмейтінін анықтадық. Оның ішінде, тауар белгісінің дұрыс қойылмауына дейін бар. Ал тек ет сапасы бойынша 1,5 тонна қауіпті өнім анықталды. Оларға миллион теңге айыппұл салдық", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

сенбі, 26.05.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31