Ел жаңалықтары

«Рухани жаңғыру» порталы іске қосылды

  • 24.kz

    24.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыт-бағдары енді бір сайтта жан-жақты айшықталады. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Бірыңғай ақпараттық порталдың тұсауы кесілді.


Жаңа контент арқылы «Туған жер», «Киелі мекен жағрапиясы», «100 жаңа тұлға» және латын әліпбиіне көшуге қатысты ақпараттарға қанығуға болады. Енді кез келген адамның киелі жерлермен етене танысып, алуан түрлі суреттер көруге мүмкіндігі бар.


Сондай-ақ білімге құштар жастар ғылыми танымы зор, тағылымы мол фильмдерді көріп, білім нәрімен сусындай алады. Атап өту керек, Қазақстанның киелі жерлерін барша әлем қауымдастықтары көріп, біле алады.


Өйткені алдағы қазан айында «Рухани жаңғыру» ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб пәтерінде паш етілмек. Осылайша бағдарлама ашық пікір алмасатын ауқымды алаңға айналғалы тұр.


Евгений Кочетов, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы:


– Порталымыздағы «Латын әліпбиіне көшу» бөліміне ертеңнен бастап кез келген әлеуметтік желі қолданушысы өз ұсынысын жаза алады. Себебі бұл бастама бүгінгі қоғам арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Ал жұмыс тобының мүшелері мен тіл саласының мамандары халықты толғандырған мәселелерге жедел жауап беріп, тиісті ақпаратпен қанықтыратын болады.


24.kz

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 15.09.2017, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28