Ел жаңалықтары

Семейліктер қайын атасының қолынан қаза тапқан әйелді ақтық сапарға шығарып салды

  • Семейліктер қайын атасының қолынан қаза тапқан әйелді ақтық сапарға шығарып салды

    Семейліктер қайын атасының қолынан қаза тапқан әйелді ақтық сапарға шығарып салды


27 жастағы Ақерке Қозыкешованы ақтық сапарға аттандыруға күллі Семей жұрты келді. Әйелдің отбасысы достары және жақындары. Тек бұрынғы күйеуінің туысқандары ғана болған жоқ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.



Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz


Рассказать Вконтакте


Ақеркені жерлеу рәсіміне оның жақын туыстары мен қатар тіптен таныс емес адамдар келіп атсалысты.


27 жастағы ананың бетін жауып жерлеген. Оның өмірін қиған қайын атасы жас келіншектің бетінде сау жер қалдырмаса керек.


Қайғылы жағдай Орал қаласында орын алды. Баласын алып кетуге барған әйелді жалдамалы пәтерінде қайын атасы аяусыз соққыға алып, артынан пышақтап өлтірді. Қылмысынан кейін ол полиция бөлімшесіне өзі барып жасаған сұмдығын айтып берген.


Алайда Ақеркенің туыстары бұл қылмысты ер адам жалғыз өзі жасады дегенге сенбейді. Олардың ойынша, қайын атасының сыбайластары бары анық.


Жарық дүниемен қош айтысқан ананың артында екі баласы қалды. 9 жасар қыз бен екі жасар ұл бала.


Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz


Рассказать Вконтакте


Балалардың өмірі үшін шырылдап жүрген Ақеркенің туыстары қалай болса да оларды заңды түрде өз қамқорлығына алуға тырыспақ.


"Немересінің анасын аямағандар балаға қандай тәрбие береді? Әлішерді көрген сайын олар Ақеркені еске алып тұрады. Баланың әкесі бірнеше мәрте істі болды, атасы сотталды. Баланы қылмыскерлер қолында тәрбиленуіне жол бермейміз", - деп айтты марқұм әйелдің жақыны Райхан Абдрахманова.

Алайда ата-ана құқығынан айырылмаған әкеден баланы тартып алу оңай шаруа емес. Енді бар үміт сот органында дейді қайғыдан қан жұтқан туыстары.








Көрілген: 3292    Пікірлер: 0

сенбі, 14.04.2018, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30