Ел жаңалықтары

«Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

  • «Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

    «Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

Сотта «Сезам» театрының басшысы Қайрат Баянов М.Әуезов академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләлге ақшаны қалай бергені туралы айтып берді.


“Ол (Ерлан Біләл) Жапонияға кетер алдында қалта шығындарына қаржы керектігін айтты. Мен ақша тек билеттер сатылғаннан кейін болады деп жауап бердім. Біз міндеттерімізді атқармайынша, ол ақша менікі де сенікіде емес дедім”, – деп жауап берді Баянов.


«Сезам» директоры алғаш рет Ерлан Біләлмен 2017 жылдың қазанында кездескен. Сол кездесу барысында сыйақы көлемі туралы келіскен.


«Сома туралы сөйлеспедік. Ол (Ерлан Біләл) 1,5 млн теңгені меңзеді. Жарайды, көрейік дедім», – деді Баянов.


Баянов Біләлге 1,5 млн теңге көлемінде ақшаны бөліп төлеуі керек болған.


Кейінірек Баянов тергеу орындарымен бірге жұмыс жасай бастаған. Олар Баяновқа Біләлмен кездесуде уақытты соза тұруын және үшінші қаңтарға, яғни жұмыс уақыты басталғанға дейін кездеспеуін сұраған.


“Сезам” директорының айтуынша, Біләл оған 2 қаңтарда хабарласып, ақша керектігі жөнінде айтқан. Тергеу органдары “барып, ақшасын бер” деген. Сол кезде, алғашқы 600 мың теңгені конвертке салып берген. Қалған 900 мың теңгені Баянов 4 қаңтарда беруі тиіс болды.


Сонымен қатар Баянов сот алдында тағы бір оқиға туралы айтты.


“30 қаңтарда Біләл өз кабинетіне шақыртып, ақша болмаса, қойылым да болмайтынын айтып, айқайлады. Ақша болмағасын, кетіп қалдым”- деді ол.


Сол кезде Баяновта тергеу органдары орнатқан тыңдау құрылғысы да болған. Бірақ, әңгіме жазылмай қалған.


Куәгер Баянов 600 мың теңгені қайтаруға ниетті екенін айтты.


Бұған дейін куәгер болып келген «Сезам» қорының директоры Қайрат Баянов азаматтық арызданушы болуға ниет білдірген еді. Оған Біләлдің қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушы қарсы шығып, бұл істе тек мемлекет жапа шегуші екендігін жеткізді.


Алдыңғы сот отырысында Ерлан Біләл 600 мың теңгені қарызға таратып тастағанын айтты.


Еске сала кетейік, Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 900 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын.


Sputnik Қазақстан




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31