Ел жаңалықтары

Шамаң жетсе, ақша ұтып ал - 60 жастағы ақсақал жастарды бәске шақырды

  • Шамаң жетсе, ақша ұтып ал - 60 жастағы ақсақал жастарды бәске шақырды

    Шамаң жетсе, ақша ұтып ал - 60 жастағы ақсақал жастарды бәске шақырды

Гимнастикалық жаттығулар жасайтын 60 жастағы ақтаулық ақсақал жастарды жарысқа шақырды, деп жазады Lada.kz.


Жексен Аюповтың гимнастикалық жаттығулар жасап жатқан видеосы талайды таң қалдырды. Ол кез келген адаммен жарысқа түсуге дайын екендігін айтты.


Жексен Аюпов 1958 жылы дүниеге келген. Бала кезінен спортты жанына серік еткен азамат, күрес және жеңіл атлетикамен айналысқан. Ол өзі бағындырған нормативті қайталай алатын адамды әлі кездестірмегенін айтады.


«Біз түсірген видео жастарды менімен бәске түсу үшін әзірленген. Мен роликпен жасалатын жаттығуды 100 рет жасаймын, осыны қайталай алатын Ақтауда адам бар ма екен? Базарда жұмыс істеймін. Күн сайын мен істеген жаттығуларды қайталаған адамға бәс тігем. Бәс құны 5 мың теңге. 10 рет жасаса болды. Ақшаны алғысы келетіндер көп бірақ оған әркімнің шамасы жете бермейді. Көбі бір реттен кейін құлап жатады»,-дейді ол.


Соңғы 10 жыл көлемінде Жексен Аюпов таңғы алтыда тұрып 3-4 шақырым жүгірген соң 30 рет турникке тартылады екен. Одан кейін үйіне барып міндетті түрде суық душ қабылдайды.


«Ақтаулықтарды менімен бірге жаттығу жасауға шақырамын. Кез келген көлемдегі ақшаны бәске тігулеріңізге болады. Меніңше 50 мыңнан артық ешкім тіге алмайтын шығар. Өзіне сенгендер хабарлассын, мен тек қуанамын», - дейді Жексен Аюпов.


Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын Жексен Аюпов өмір бойы жүргізуші болып жұмыс істеген.



www.inform.kz




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31