Ел жаңалықтары

Шаниннің шекпені немересіне табысталды

  • Шаниннің шекпені немересіне табысталды

    Шаниннің шекпені немересіне табысталды

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университетінде Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналып «Театр. Мәдениет. Руханият. Қазіргі заман» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға режиссердің немересі Болат Шанин қатысып, атасының өмір жолы және өліміне қатысты архив деректері жайлы әңгімеледі. Болат Қасымханұлы Қазақ АССР-ының Халық әртісі атағы тұңғыш рет 1931 жылы Жұмат Шанинге, сосын Елубай Өмірзақовқа берілгеніне тоқталды.

Филология ғылымдарының докторы, ПМПИ-дың профессоры Бекен Сағындықұлы «Сахнаны саралаған сардар» тақырыбында баяндама жасаса, филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Айман Зейнуллина Жұмат Шаниннің театртану шығармашылығындағы ұлттық идея көркемдігі жайлы ой өрді.

Айта кетерлік жайт, таяуда облыс әкімінің қаулысымен Баянауылдағы Күркелі ауылына Жұмат Шанин есімі қайта берілді. Осы оқиғаға байланысты, Болат Қасымханұлы атамекеніне барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде режиссердің өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, ауылға кіреберістегі стелаға гүл қою рәсімі өтті.

Бұған дейін Күркелімен іргелес Жарылғап ауылынан Жұмат Шаниннің шекпені табылғаны жайлы жазған едік. Түйе жүнінен тоқылған осынау көне жәдігер бұл жолы Болат ағамызға табысталды.


Жанаргүл Қадырова,

Павлодар облысы


 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 28.09.2017, 13:11

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30