Ел жаңалықтары

ШҚО-ның антимонополиялық комитет басшысы түңгі клубта талып қалды (видео)

  • ШҚО-ның антимонополиялық комитет басшысы түңгі клубта талып қалды (видео)

    ШҚО-ның антимонополиялық комитет басшысы түңгі клубта талып қалды (видео)


Youtube желісінде ШҚО-дағы облыстық антимонополиялық департамент басшысының түңгі клубта көңіл көтеріп жүрген видеосы таралып кетті. Бейнежазба 12 сәуір күні жүктелген деп хабарлайды NUR.KZ.



Фото: Youtube

Фото: Youtube


Рассказать Вконтакте


Видеода Мұрат Оспановтың аса қымбат мейрамханалардың бірінде өзін жаман сезініп, талып қалғаны көрініс тапты.


Түңгі клуб күзетшілері шенеуікті би алаңынан алып кетіп, жерге құлатқан. Алайда, оған қарамастан қайтадан аяққа тұрған Оспановтың мұрнынан бірден қан кетті. Оны бейнежазбада анық байқауға болады.


Бұл оқиға жайлы шенеуіктің пікірі мынадай:


"Интернет желісінде 5 сәуір күні түңгі клуб ішінде түсірілген бейнежазба таралып кетіпті. Видеода мен өзімді жаман сезінген соң, мейрамхана қызметкерлері маған көмектескені көрініс тапты.
Мен өзімді жаман сезінгендіктен талып қалдым, артынша есімді жиып қайта тұрдым. Ал күзетшілер маған шулы жерден шығуға көмектескен.
Мен ешқандай құқықбұзушылық жасағаным жоқ, есірткі мен ішімдік атаулысынды қолданбағанмын. Алайда желі қолданушылары бұл бейнежазбаны қолданып, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратып жатыр. Бұрмаланып кеткен ақпарат менің ар-намысым мен қызметтік беделіме кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырамын", - деп айтты шенеуік NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

 



 








Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сенбі, 14.04.2018, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30