Ел жаңалықтары

Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

  • © Foto: официальный сайт акимата Шымкента

    © Foto: официальный сайт акимата Шымкента

Шымкент қаласы әкімдігі мен мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылдады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, қалалық мәслихат депутаттары мен қала белсенділері қатысқан.


"Сессияда Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруге ұсыныс жасау туралы бірлескен шешімге қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады", — делінген хабарламада.


Халық қалаулыларының алдында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев "Сессияда тарихи құжатқа қол қойылды, бұл Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуда ауқымды жұмыстың бастауы болды" деп атап өтті.



Республикалық маңызы бар қала мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Мұндай өзгеріс қаланың дамуына, сондай-ақ, мегаполистің әр тұрғынына да оң әсер алып келеді.


"Алда жоспар көп, олардың барлығы мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының қолдауымен ғана жүзеге асады", — деп Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаев сессияны қорытындылады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31