Ел жаңалықтары

Шымкентте екі жүзге тарта адамды балмұздақпен улаған кәсіпкер сотталды

  • Шымкентте екі жүзге тарта адамды балмұздақпен улаған кәсіпкер сотталды

    Шымкентте екі жүзге тарта адамды балмұздақпен улаған кәсіпкер сотталды

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында балмұздақ жасау кезінде санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкер бір жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.



 


рррррр

Көренкі фото: Спутник Қазақстан


Рассказать Вконтакте


Аудандық соттың судьясы Талғат Қахаров кәсіпкер Дилмурат Ишмуратовты Қылмыстық кодекстің 304-бабы ("Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды.


Сондай-ақ, кәсіпкер 3 жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істей алмайды. Жәбірленушілерге бір жарым миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.


Сот тергеуі кезінде кәсіпкердің кінәсі дәлелденіп, ол тиісті санитарлық тәртіпті сақтамағанын толық мойындаған.


Естеріңізге сала кетейік, 29 наурыз күні Шымкенттегі "Южный"кафесінің жанында орналасқан дүңгіршектен балмұздақ сатып алған тұрғындар уланып қалған болатын. Бір аптаның ішінде 188 адам ауруханаға түсті. Уланғандардың 101-і ересек, 39-ы бала мен 48-і жасөспірім. 


Кейіннен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті уланғандардың 31-і сальмонеллёз, 13-і стафилококк инфекциясын жұқтырғанын хабарлаған. Балмұздақ дайындаған 12 қызметкердің бесеуінен сальмонеллёз және стафилококк бактериясы табылғаны белгілі болды.




Көрілген: 145    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31