Ел жаңалықтары

Синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескертті

  • Синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескертті

    Синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескертті

 Синоптиктер дауылға байланысты ескерту жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.


«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, ертең, 3 маусымда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.


«Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді», — деп ескертті мамандар.


Сонымен қатар, метеорологтар Астана қаласында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 метрге дейін үдейтінін ескертті.


Сондай-ақ, Алматы ТЖД оңтүстік астанада да жел күшейіп, жаңбырдың жауатынын ескертті, мамандар дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды. Мамандардың айтуынша, Алматыда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде қатқақ күтілетінін хабарлаған болатын.


Tengrinews.kz.


 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.06.2018, 11:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31