Ел жаңалықтары

Соғыс жылдарында xаттар бүгінгі күннен де тез жеткен

  • Соғыс жылдарында xаттар бүгінгі күннен де тез жеткен

    Соғыс жылдарында xаттар бүгінгі күннен де тез жеткен

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери пошта қызметінің еңбегі елеулі болды. Қанша жерден оқ борап, мың сан снаряд жарылып, қадам басқан сайын ақ ажалға кезігуі мүмкін бола тұра, олар елдегі туыс-бауырдың xатын майдан даласына көп ұзатпай жеткізіп отырды.


Халықтық комиссариаттың "солдаттарға xатты міндетті түрде жеткізу" туралы бұйрығы қалтқысыз орындалды. Себебі барлығы майдан даласында мұңға батып, әр сәт сайын ажалмен бетпе-бет келіп жүрген жауынгердің жан толқынысын көбелектің қанатындай үлбіреген үшбұрыш хат баса алатынын түсінді.


Пошташыларға қолдарына қару алып, өзіне сеніп тапсырылған бағалы xаттарды қорғауға тура келді. Егер бұл xаттар жау қолына түскенде, ел әскері үлкен зардап шегер еді.


"Соғыс жылдарында xаттар бүгінгі күннен де тез жететін. «Хатты алушы» деген жерде ДКА (Для Красной Армии) деген аббревиатура мен полк нөмірі жазылатын болған. Бір айда майданға 70 миллионға дейін xат жеткізілетін. Хаттарды кешіктіріп алмас үшін, поштада іріктейтін бөлімшелер тәулік бойы жұмысын тоқтатпайтын. Хатты ел қорғанышы болған батырларға жеткізу жеңіске салынған үлес ретінде саналды. Хаттар эшелонмен, сүңгуір қайықтармен тасымалданса, пошта қызметкерлері қан майданға 30-40 келілік қаптарды тасыды. Кейде бомбылау кезінде xаттар пошта эшелондарымен бірге жойылып жатты немесе жолда өлтірілген пошта тасушылардың сөмкесінде жоғалып кетіп отырды. Дегенмен оның ізін ала шыққан пошта тасушылар қанға боялған xаттарды алып, сарбаздарға жеткізуге тырысатын. Әрбір xатты иесіне жеткізу маңызды болды", - делінген Қазпоштаның xабарламасында.


Сол бір сұрапыл соғыста xаттар үшбұрышты болатын және "үміт символы" деп аталды. Қазпошта xабарлағандай, олар конверттердің жетіспеушілігінен пайда болды. Қағазды алдымен оңнан солға, солдан оңға бүктеп, астынғы бөлігін ішкі тұсына қыстыратын. Ондай xаттарға маркалардың қажеті болмайтын. Сыртына мекен-жайын жазып, пошта қызметкерлерінің таңбасы үшін бір бөлігін таза күйінде қалдыратын болған.


Қан-қасап майдан даласынан жолданған үшбұрыш хаттар бүкіл ел болып сағына тосқан, сарғая күткен азаматтардың амандығын жеткізетін еді. Бір жапырақ қағаздың бетіне сөзбен сипаттауға келмейтін жан толғанысы, алабұртқан сезім, алапат сағыныш сыйып тұрды. Тылдағы, ауыртпалығы майданнан бетер, оқ атылмады, қан төгілмеді демесең, бейнеті белшеден келер жерде жүргендер үшін де үшбұрыш хаттың құны тым қымбат болатын. Пошта тасушының жолын қарайлаған, қолына телмірген, өзіне жазылған хат бар болып шықса төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалғандай қуанатын болған...


kazinform.kz




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31