Ел жаңалықтары

Тәуелсіздік жылдарында 81 мыңға жуық атаулы кітап жарық көрді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Мемлекеттік хатшы елорда төрінде төрт күн бойы өтетін Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі барлық кітапсүйер қауымның рухани мерекесі екендігін атап өтті. Сонымен қатар таяуда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 18 кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылғандығын айтты. «Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда ұлттық кітап басып шығару ісі дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдардың ішінде жалпы таралымы шамамен 400 млн дана болатын 81 мыңға жуық атаулы кітап шығарылды. Тек 2010 жылдан бастап қана кітап басып шығару ісіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде баспа қызметімен 380 компания айналысады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.




Айта кетейік, «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі сәуірдің 25-28 аралығында «Көрме» көрме орталығында жұмыс істейді. Биылғы көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған. Көрме-жәрмеңкеге әлемнің Ресей, Ұлыбритания, Польша, Түркия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан сынды 18 елінен 155 компания мен ұйымның өкілдіктері қатысуда.





 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31