Ел жаңалықтары

Тәуелсіздік күніне орай астаналық құстар «баспаналы болды»

  • Тәуелсіздік күніне орай астаналық құстар «баспаналы болды»

    Тәуелсіздік күніне орай астаналық құстар «баспаналы болды»

Құстарға арналған «72 пәтерлі үй» Отбасы саябағында пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.


Құстар үйі - 6 қабат, онда 72 «пәтер» бар. 150-ге тарта «тұрғын» мекен ете алады.


Үйшікті орнатқан - астаналық Санжар Боқаев. Ол суыққа тоңған кішкентай балапандарды көріп, үйшікке тапсырыс берген. Ұя бес күнде дайын болыпты. Әр бөлікке екі құс сияды. Енді, кем дегенде, 150 торғайдың баспанасы бар. Құстар өз баспанасын көрген соң, бір мезетте-ақ жиылған.


«Көппәтерлі» үйшікті орнатып жатқан кезде, айналадағы көгершіндер мен торғайлар ұшып келді. Жаңа баспана олардың көңілдерінен шыққан сияқты. Достарым, құстар, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болды», - деп күледі С. Боқаев.


Жаңадан қоныс тапқандарды саябақта демалушылар қоректендіреді.


«Бұрын алматылықтар Астананың «жаны жоқ» деп жиі айтатын. Олардың ішінде мен де бармын. Ал қазір олай емес. Елорданың өз қуаты, аурасы, өмірінің динамикасы бар. Шынына келгенде, қала деген, бірінші кезекте, адамдар. Қаланың бейнесі, жаны, өмір сүру деңгейі қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты. Біреу сіздің айналаңыздағы әлемді жақсарта түседі деп күтпеңіздер. Сол әлемді өзіңіз жарықтандырыңыз», - деп түйіндеді Санжар Боқаев.


www.inform.kz




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сенбі, 16.12.2017, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30