Ел жаңалықтары

ТЖ комитеті ескертеді: Алыс сапарға шықпаңыз

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов таяу күндері Қазақстан азаматтарын жолға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Дауылды алдын ала ескерту шаралары болды. Бүгін және ертең ауа райы қатты өзгереді деген мәліметтер бар. Осы орайда қауіпсіздікті сақтау аясында азаматтарға алыс сапарға шықпауға шақырамыз», - деп атап өтті ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Руслан Иманқұловтың сөзіне қарағанда, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа райы жағдайы нашарлауы мүмкін. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда алдағы күндері боран соғып, көктайғақ болады.


«Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға атлантикалық циклонмен байланысты ауа ағындары жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысына алдымен жылы, кейіннен суық ауа ағындары келеді. Кей жерлерде қар жауып, боран болады, жел батыстан секундына 15-23 метр жылдамдықпен соғады, ауа температурасы көтеріліп, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.


 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.01.2018, 17:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30