Ел жаңалықтары

Ұрланған телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болмақ

  • Ұрланған телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болмақ

    Ұрланған телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болмақ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ұрланған ұялы телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болатын бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Ұялы телефонға қатысты айтар болсақ, оларды сәйкестендіру шаралары қабылданып жатыр. Ұрланған телефондарды ЖСН, паспорттағы мәліметтерді көрсетпейінше Қазақстанда қосу мүмкін емес. Сол себепті ұрланған ұялы телефондар сыртқа кетіп жатыр. Біз мұны білеміз, алдын алу шараларын қабылдап жатырмыз. Ұрланған телефон қайда, қай елде қосылып, жұмыс істеп жатқанын көре алатын бағдарлама әзірленіп жатыр. Осындай бағдарлама жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады Қасымов.


Министрдің айтуынша, ұрланған ұялы телефондардың 85-87%-і Қазақстанда қосылады.


«Біздің қолымызда талдау бар. Қытайда, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан (ұрланған телефондарды – авт.) көріп отырмыз. Сұрату жіберіп жатырмыз, жұмыс істейтін боламыз. Оларды тіркеу тәртібі болмаса ұрланған телефондардың 85%-і Қазақстанда қолданылады. Бағдарламаны апробациядан өткізіп, басқа елдермен өзара қатынас орнатып жатырмыз», - деп атап өтті ол.


Еске сала кетсек, бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұрланған ұялы телефондардың Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізілетінін айтқан болатын.


 


 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31