Бейбарыс бабамыздың ісі кейінгі шенеуніктерге үлгі болса игі

Бейбарыс бабамыздың ісі кейінгі шенеуніктерге үлгі болса игі

Орыстар өз елін монғолдардан қорғай алмай, құлдық ұрғанда әл-Мәлік әз-Заһир Рукн ад-дін Бейбарыс алғашқы тойтарыс берушілерден болды.
Он жас шамасында монғолдарға құлдыққа түсіп, артынан көзіндегі ақаудан арзанға сатылып кеткен Бейбарыс тарихи қымбат тұлғаға айналды. Қазақтың Беріш руынан шыққан сұлтан Бейбарыстың өмір жолы тым күрделі сынақтарға толы болғанымен, барлығынан дерлік абыроймен өткен. Сұлтанның кей қылықтарын әдейілеп сынағандай, нысанаға алғандай болып көрінетін кей зерттеушілердің өзі жақсы қасиеттерін мойындауға мәжбүр болған. Ендеше, көрнекті тарихшылардың қалдырған деректерінің негізінде жазылған Қайрат Сәкидің «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Бейбарыс туралы» атты кітабын басшылыққа ала отырып, осындай ұлтымыздың ірі тарихи тұлғасы, адал да айбарлы, иманды да данышпан билеуші, әлемдік деңгейдегі құрметке лайық саяси қайраткер, исламшыл саяси басшы – Сұлтан Бейбарыстың тарихта қалдырған дана ойлары мен өнегелі істеріне аз-кем тоқталғанды жөн деп таптық (тіпті жаңа бір зерттеу жұмысын қолға алу, басты рөлін дарынды актер Нұрмұхан Жантөрин ойнаған бұрынғы «Сұлтан Бейбарыс» көркем фильмінен де кең кино түсірсек және т.б. тетіктерді іске қосып, ел құлағына сіңіре беру артық болмайды). Сұлтан Бейбарыстың өзі де кезінде: «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат», — деген екен… Демек, бұл, біріншіден, өткеннен сабақ, өнеге алып, соған сай жас ұрпақтың өз елін сүюі үшін де маңызды болса, екіншіден, бірнеше ғасыр бойы отарлық езгіде ұстап, «Петр», «Иван», «Дмитрий» секілділерді ортақ батырымыз, мақтанышымыз деп санаттырған, өткен өмір жолында Қазақ ұлтының мемлекеті болмаған деген «ЖирЛиПут» және сол сияқтыларға үлкен бір жауаптардың бірі болмақ. Тіпті «жирлипутшылар» біздің бабамыз Бейбарыстың алдында үлкен қарыз, себебі арыны басылмаған, кеудесі жер сипамай, жолындағы көптеген мемлекеттердің бірінен соң бірін жайпап келе жатқан монғолдарды алғашқы тоқтатқан осы түркі халқының Ержүрек ұлдары болатын. Сонымен, Сұлтан Бейбарыс жөнінде…

Шетте жүрсе де, ол өз ана тілінде сөйлегенді жөн көрген
Барлық тарихшылардың көрсетуі бойынша, қыпшақ мемлекетінің басында тұрған мәмлүктер түркі тілінде сөйлейтін. Рас, олардың ауызекі тілдерінде араб және парсы сөздері молынан қолданылатын болған. Ибн Абдузаһир: «…Мәжіліс аяқталғанда сұлтан әділет үйінің қараушысы, осы үкіметтің атқарушысы, сұлтанның арабшадан аудармашысы атабекке мол сый-сияпат көрсетті…» — деп жазады. Десе де араб тілін білмеді деу қиын. Бірақ әңгіме онда емес, басқада: «Мәмлүктер арасындағы тәртіп бойынша бір-бірімен түркіше, тарихшылар айтпақшы, қыпшақша сөйлескен» делінгендігінде. Қазіргі таңда өз жерімізде, өз елімізде жүріп, ана тіліміз, Ата заң бойынша бекітілген мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілінде сөйлеуге селсоқтық танытып, оны «жанұя іші тілінен» әрең шығарып келе жатқанда Сұлтан Бейбарыстың жат жерде жүріп, тіпті құлдықта бірнеше жыл өмірін өткізсе де құлмінездікке түспей, еліне, тегіне, жеріне адал болып қалуы қай кезеңдегі ұрпаққа болсын өнеге.

Түркілік тегін ұмытпаған…
Бейбарыс сұлтан Мысыр мен Шам арасындағы кең иеліктерінің қалалары мен ауылды жерлерінде жұма мешіттер, мешіттер, ғибадатханалар, салтанатты сарайлар, тұрғын үйлер салдырған. Хулагу шапқыншылары қиратқан қамалдар мен бекіністерді қайта қалпына келтірген. Бір Египеттің өзінде медресе, өз атынан мешіт, көптеген қақпалар, құдық, базарлар, қонақүй және т.б. салдырған Бейбарыс сұлтан сол уақыттың өзінде кешенді түрдегі ғимарат салудың маңызын жоғары ұққан. Оның бір мысалы — Құдыс қаласында тұрғызылған үлкен керуен сарайдың қасынан биік орасан зор сарай тұрғызуы. Онда мешіт, диірмен, наубайхана орналасқан.Бейбарыс сұлтан Ислам әлеміндегі, мүмкін, дүниежүзіндегі алғашқы діни оқу орны болып саналатын әл-Азһар бүгінгі күнде барлық мұсылман халықтардың, оның ішінде қазақ жастары оқып жатқан (жалтырақ немесе жарқыраған мешіт) мешітін қалпына келтіріп, құтпа орнатқан.
Тағы бір кереметі, бабаларынан келе жатқан тұрғын үй құрылысын да ұмытпаған. Мәселен, Сирия жеріндегі «Зауия мұнарасының үстіне төбесі күмбез тәрізді сұлтан отыратын, ішінде ас ішетін үлкен үстелі бар үлкен ағаш үй» салдыртқан. «Әрине, ағаш үй деп отырғаны киіз үй». Сөйтіп, Бейбарыс сұлтан мәмлүктердің әлем тарихына қалдырған сәулет өнері стиліне (Еуропадағы готикалық стиль секілді) үлкен еңбек сіңірді.

Жетімдерге қарасқан, кісі ақысын жемеген
Бейбарыс жыл сайын кедей-кепшік пен бейшараларды назардан тыс қалдырмауға тырысқан. Белгілі тарихшы әл Мақризи Мысырдағы бір ашаршылық кезін әңгімелей келіп: «Сұлтан Бейбарыс Каир мен Мысыр қаласы маңындағы кедей-кепшік, кембағалдарды жинап, тізімін алдыртты», — деп жазады. «Олардың саны бірнеше мың болды. Сұлтан тізім бойынша кедейлерді барлық наиб, әмір, саудагерлер мен байларға бөліп беріп, үш айлық мерзімге тегін тамақтандыруға бұйрық етеді». …Тулун мешіті қасынан тегін нан үлестіретін орын ашады. Кісі ақысын жемеуге тырысқан. Оның бір дәлелі: «Ол 1265 жылы Каир қаласында, кейін Медресе заһирия деп аталған, үлкен оқу орнын тұрғызды. Құрылыс жұмысында құл еңбегін пайдалануға тыйым салып, жұмысшылардың еңбекақылары жеткілікті мөлшерде болуын жеке өзі қадағалап отырады», — деген дерек.

Біздің қазіргі шенеуніктерге де құлаққағыс…
«Сұлтан аңда жүріп, өзі бөлек жасырын кетіп қалады, адамдардан өзі туралы, өзінің наибтары және орындаушылары туралы сұрайды. Егер ойлағаны расталса, орнынан алады, тәртіпке шақырады немесе жұмыстан босатады». Сондай-ақ, Бейбарыс ғалымдар мен озат өнер адамдарын өзіне тартып, тарихшыларды ерекше жақсы көрген делінеді. Ол «әскерін бір шығарса, жарты жолдан қайтпайтын». Араққа қатысты мына ойы да берік иманымен тығыз сабақтасып жатса керек, яғни Шамда жүрген кезінде сыра секілді ішімдік – Мизрді тыю туралы хат жолдайды. «Адамдар үшін құт етіп Алла жаратқан бидайды аяқасты етпейік», — дейді. Есірткіге де тыйым салған. Қоғамның тазалығы басшылардың арына да тікелей байланысты екендігін сезіне білген.
Мұндай қасиеттер «тегіс жерде сүрініп, ашық күнде адасып жүрген» қазіргі шенеуніктерімізге үлкен бір үлгі әрі өнеге.

Тарихшы ғалымдар не дейді?
Әл-Айни, мысырлық тарихшы:
«Жеңімпаз патша қарасұр, көкшіл көзді. Даусы жер жаратын. Бойында ұлылық және еріксіз құрметтеу сезімін тудыратын айбындылық бар еді. Бойы ұзынға келетін. Қайсар, ержүрек, сақи, жігерлі, тұңғиық, өжет, көзсіз батыр, сұлтандық ісіне көп көңіл бөлетін, ислам және мұсылмандардың жеңісіне және патша рәсімдерінің орындалуына ұмтылған еді».
(«Заман тұрғындары туралы маржан моншақ» атты еңбегінен)

Ибн Абдузаһир, ортағасырлық тарихшы:
«Халық оның заманында соғыс істерін одан артық білетін, одан епті, одан батырлығы артық бірде-бір атқа мінген батыр жоқ деп санайды».

Ибн Айбек ад-Дауадари, ортағасырлық тарихшы:
«Бейбарыс ержүрек, даңқты мәлік, жаужүрек батыр еді. Өлімнен қорықпайтын. Айла-әдісі мол, саясаты жайлы, істері әдемі, қимылы сәтті, соғыста ақжолтай, ешқашан қорғалақтамайтын».
(«Түркі мемлекеті туралы маржан моншақ» атты еңбегінен)

С.Рансиман, қазіргі кезеңдегі батыс тарихшысы:
«…Өзінің алдына қойған мақсаттарына жету жолында көреген болатын. Өзінің құлдан шыққандығына қарамастан өнер мен құрылыс ісіне қамқорлық жасайтын. Қалаларын көркемдеуге, бекіністерін жаңалауға үлкен күш-жігер жұмсайтын».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста