Бір шайқастың шындығы

Бір шайқастың шындығы

Мені 2011 жылдың 13-14 мамыр күндері өтетін ІІ Бүкіл украиндық халықаралық конференцияға шақырған еді. Мамыр айының 12 күні славян халқының өсіп-өнген қасиетті мекені – украин жеріне табан тіредім.

Қарсы алған таныстарым Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Днепр шайқасының бір құрамды бөлігін құраған Григоревка селосының қарсысында жатқан Днепрдің сол жағалауына алып барды. Украин әріптесім Иван Капас оң жағалауды нұсқап: «анау жердегі биіктігі 100 метрден асатын жарқабақтан немістер, бергі жағынан кеңес әскері түйісіп, қиян-кескі майдан өткен. Онда сіздің жерлесіңіз партизан Қасым Қайсенов те шайқасып, ерлік көрсетті» деді.

Келесі күні біздерді Переяслав қаласындағы бұрын Вознесенкий шіркеуі болған, қазіргі соғыс мұражайына алып барды. Онда «музей-діорама «Бытва за Дніпро в районі Переяслава І створення Букринского плацдарму в осени 1943» деп жазылған. Ішіне кірсек, Днепр шайқасының панорамалық суреті қойылыпты, бұған қоса партизандардың киімдері, қару-жарақтары, фотолары, жорық жолдарын көрсететін карталар тұр. Дәл осы жерде Қасым Қайсеновтің «Переяслав паризандары» деп аталатын кітабы мен соғыстан кейін барып, партизан достарымен түскен фотолары бар екен. Батыр атамыздың рухы Днепр шайқасының тарихын қайта қаузағанымызды жөн көргендей. Расында да, батырдың өз шындығы бар екен.

Қасым Қайсеновтің Григорьевка селосы тұсындағы Днепр шайқасының шындығы туралы мәліметтері жеке мұрағат қорында сақталған. Оған назар аударсақ, соғыс кезінде Украинаның астанасы Киевті азат етуге бағытталған атақты Букрин плацдармын Днепр шайқасына дайындап, шеп құруда маңызды рөл атқарған әскери басшылар қатарында белсенді қызмет атқарған. Шайқас алдында ол жауынгерлерімен бірге Қызыл Армияға көмек көрсету үшін Днепрдің сол жағасындағы Котцковский орманында дайындалып жүрген болатын. Дәл сол уақытта Чапаев атындағы партизан отрядының командирі Иван Кузьмич Примак Қасым Қайсеновке 3-отрядтан 120 адамды алып, оң жағалауға шабуылмен өтуді тапсырады. Ержүрек жауынгерлердің көмегімен плацдармды алып, тәулік бойына екпіндеп келе жатқан жаудың жолына тосқауыл қою керек болады.

Қиян-кескі шайқасып, түнгі сағат екілер шамасында жауынгерлерінің жартысынан айырыла отырып, жағаға шыға шабуылдаумен Григорьевка селосына жеткен. Бұл жерде жаудың танктері мен машиналары тұрған. Бірақ, село көшелері тар болғандықтан, танктер шабуылға шыға алмай қалған. Ақырында немістер техникасын тастай қашып, село партизандардың қолына өткен. Осы уақытта партизандарға Қызыл Армия бөлімшелері көмекке жетіп, одан әрі қарай бірлесе отырып, Зарубенец және Луковец хуторларын алып, 1943 жылғы 22 қыркүйекте күндізгі сағат 12-де Кеңес әскерлерінің негізгі құрамалары келгенше жау шабуылын тежеп тұрған.

Шайқас жүріп жатқанда десанттар тобының командирі Александр Тканко және Роберт Кляйн Харьков қаласына барып, майданның әскери кеңесінің мүшесі, генерал-лейтенант Н.С.Хрущевке жолығып, өздерін плацдарымды басып алған отряд командирі ретінде таныстырған. Ондағы ойлары жау шебіне өткен Қасым Қайсенов пен оның жауынгерлері қаза тапты, енді ешқандай айғақ жоқ, біздің айтқанымызға бәрі сенеді деп ойлаған. Сондай-ақ, олар сол жерде ешқандай күмәнсіз Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Сол сәттен бастап газет тілшілері олардың теңдессіз ерлігі туралы күмпілдетіп жаза бастаған сол бұрмаланған мәлімет кейін «Украин ССР-і Кеңес одағының 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында» (1968) деп аталатын кітапқа да кірген, онда Кеңес Одағының Батыры Александр Тканконың аты аталған. Қасым Қайсенов бастап барған, нағыз ерліктер көрсеткен жауынгерлерге марапаттау түгілі рахмет те айтылмаған екен.

Днепр шайқасын зерттеушілердің еңбектеріне назар аударсақ, ол 1943 жылдың 26 тамызынан 23 желтоқсанға дейін созылған. Кеңес Одағының армиясын Г.К.Жуков, К.К. Рокоссовский, И.В.Конев, Н.В.Ватутин сынды қолбасшылар, ал неміс әскерлерін Эрих фон Манштейн, Гюнтер Ханс фон Клюге басқарған. Қарсыластардың әскери күш-қуатына тоқталсақ, Кеңес Одағынан – 2650000 солдат, 51000 қару, 2400 танк, 2850 ұшақ, ал немістер жағынан 1250000 солдат, 12600 қару, 2100 танк, 2000 ұшақ шайқасқа түскен. Әскери шығын да қисапсыз көп болған. Мысалы, Кеңес Одағының адам шығыны – 1,5 млн, немістер жағынан – 1,6 млн адам қырылған. Днепр шайқасы 1400 шақырымды, Смоленскіден Азов теңізіне дейінгі аралықты қамтып, 2 кезеңнен тұрып 4 айға созылған. Барлығы бес ірі майданға бөлінген. Бұл алапат қақтығыс 1943 жылғы Сталинград, Курск майданынан кейінгі үшінші үлкен шайқас деп есептеледі.

Соғыстың шындығы өрескел бұрмаланғанын Қасым ағаның соғыстан кейін майдандастарымен жазысқан хаттары арқылы білеміз. Мәселен, соғыстан аман қалған партизан достарының ішінде Радион Феодрович Груша: «Құрметті Қасым Қайсенов! Мен ойлаған едім, Сізді Букрин плацдарымы туралы мақалаға қуанды ма деп едім, сөйтсем, керісінше, ренжітіп алған екенмін. Сондықтан, қателік үшін кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, бұл жерде менің кінәм жоқ. Мен өз мақаламды сіздің кітабыңызға сүйеніп жазған едім, бірақ, редактор Ұлы Отан соғысының тарихы туралы кітапқа сілтеме жасай отырып, өзгерістер жасап жіберген екен. Оның айтқаны осыған келіспесең, мақала жарыққа шықпайды дегені еді. Мен оған келісуге мәжбүр болдым. Ал, соғыс тарихында Букрин плацдарымы туралы құпия бар.

Кеңес үкіметі Переяслав партизандарының әскери қимылдары мен ерліктерін бағалады. Олардың көпшілігі орден және медалдармен марапатталып, десанттар тобының командирі А.В.Тканко «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Ал, партизандар құрамасының командирі И.К.Примак «Богдан Хмельницкий» орденімен марапатталды. Одан басқа, мақалада лейтенант Синашин туралы және соғысқа қатысқан 4 батыр аталады.

Мен Сізден майдан жайлы шындықтарды жазуыңызды сұраймын. Сондай-ақ, партизандардың фотолары қажет. Олар біздің музейлер үшін керек. Жіберуіңізді өтінеміз. Алда келе жатқан Ұлы Октябрь мерекесімен құттықтаймын» деп, өзінің тұрғылықты жерін: 256800 Киев облысы, Мироновка қаласы, Франко көшесі, 41 үй, Радион Феодрович Груша, 31.Х. 1984 жыл» деп көрсетіпті.

Қасым Қайсенов соғыстан кейін украиналық партизан досы Р.Грушаға жазған хатында: «Құрметті Радион Феодрович! Сіздердің территорияларыңызда Иван Кузьмич Примак Саяси бөлімнің ұйғарымымен №8 Қызыл Армия құрамасына қалдырылып, оған 1941 жылдан бастап Чапаев атындағы дивизия құрамын жасақтау тапсырылған. Ол оны ойдағыдай құрып, командирі ретінде басшылық жасады. Яғни, 1941-1942 жылдары партизан құрамасын жасақтап, соғысқа дайындалғанда 4 отряд топтастырылған. Олардың командирлері ретінде мынадай адамдар тағайындалды: 1) Нагацев Феодр Степанович; 2) Қайсенов Қасым (Вася); 3) Попов Николай Михайлович; 4) Клопов Василий Матвеевич; 5) Аброменко Николай Михайлович; 6) Алексеенко Григории Давыдович; 7) Гаман Иван және тағы басқалар бар еді. Біздер шайқас алдында 1943 жылы Переяслав партизандарымен қосылдық, осы құраманың басшысы Григоревка селосының азаматы Емелян Ломако болды. 1943 жылы Чапаев дивизиясының құрамындағы бір топты Е.Ломако басқарып, партизандық қозғалысқа кіріскенде ондағы белсенді жауынгерлердің есімдері төмендегідей еді: «1) Яковец Дмитри Никитович; 2) Спижевой Константин Иванович; 3) Спижевой Григории Силеверстович; 4) Горевенко Силевестр Григоревич; 5) Гром Михайл Анатонович; 6) Проценко Ильия Артемович; 7) Янцелевич Анатолий Совенович және тағы басқалар.

Мен Иван Кузьмич Примакпен 1942 жылы Македон селосындағы Николай Аброменконың пәтерінде таныстым. Бұлар өте қажырлы еңбек етіп, 1943 жылы ерлікпен қаза тапты. Партизандар тізімі мен фото суреттер өзімде көп сақталған еді. Менде Иван Кузьмичтің түрлі фотолары бар. Партизандардың фотоларын алдағы уақытта көбейтілген нұсқаларын жіберейін.

Қазір Александр Василевич Тканко Черкас қаласында тұрады. Ашығын айтсам, ол бірқатар атақты партизандардың қаза табуына себепші болды. Орынсыз бұйрықтармен жаудың өтіне айдап салып отырды. Оның Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – келеңсіз жағдай. Мәселен, шайқас жүріп жатқанда ол Григорьевка селосының маңына да жоламаған. Бар болғаны штабта Н.С.Хрущевтың қабылдауында болған» деп жауынгер досына хатын 1984 жылдың 27 қыркүйекте жолдаған.

Қазақ халқы: «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген ғой. Қан кешіп жүріп фашизмді жеңген, аман-есен елге оралып, сол жылдардың шежіресін жазып кеткен қас батырдың шындығы осындай.

 

Қанат ЕҢСЕНОВ,

Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері,

тарих ғылымдарының кандидаты

www.astana-akshamy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста