Хат жазып тұр... (Сұрапыл соғыс кезіндегі хаттар)

Хат жазып тұр... (Сұрапыл соғыс кезіндегі хаттар)

Біз соғысты көрген жоқпыз, 
Естідік, 
Соғыстан соң туғандармыз, 
Етек жауып, ес біліп. 
Соғыс үні жетім болып, жесір боп, 
Тұратындай әлі бізге естіліп…

Ж.Әуелбайұлы
Соғысты көзбен көрмесек те, жүрекпен сезіне білу – біздің борышымыз деп білем. Бір сәтке өткенге оралып, соғыс жылдарындағы үзік сәттерге көз жүгіртелік...

Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар. Арада бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, сарғайған қағаздарды қолға алып оқыған адамның жүрегі елжіремеуі мүмкін емес…
*** *** ***
Сәлем хат, менің қымбатты да қадірлі Болатым! Білесің бе, сені сондай қатты сағындық! Кішкентай қызымыз Шолпан менен «Әкем неге біздің қасымызда емес?» деген сұрақ қоя береді. Оның сұрағына жауап беру мен үшін қиын әрі ауыр. Біз Қара Ертіс бойында тұрып жатырмыз. Үй іші жылы. Жалғыз сиырдың амандығына шүкір етіп жүрміз. Сиыр бар болса, сүт те бар. Таң бозарып атқанда далаға шықтым. Алғашқы қар да жауыпты. Аспан мен өзен түсі бірдей көгілдір түске боялыпты. Сондай әдемі көрініс, әттең… қасымызда сен жоқсың… 
*** *** ***
Кеңесбек, сенен бір-ақ нәрсе өтініп сұраймын: бізді көбірек ойла. Бәлкім, сонда ғана тірі қаларсың… Түн ішінде жалғыздығыммен бетпе бет кездесіп, оңаша қалған сәттері «Кеңесбегім аман-есен оралсыншы, Жаратқаным! Мені қойшы, оның артында қалған екі баласына обал ғой. Бізді жарылқашы!» деп жалбарынамын…
*** *** ***
Балам, бізді уайымдама. Күнделікті бір қалыпты тірлік: жұмыс істей береміз, істей береміз. Жұмыс істей жүріп сені бір сәтке естен шығарған емеспіз. Елге қаралы қағаз келген сайын ет-жүрегіміз езіліп, «Менің балам тірі ме екен?!» үміт пен үрейге толы сұраққа жауап іздейміз. Келінім оңаша қалғанда өксіп жылап алады. Сені сағынғаны ғой. Көрсем де көрмегенсимін. Қолдан келер басқа амалым бар ма? Артыңда қалған Тілеуғазы бұл күні өсіп қалған. Тыпыршып, бір онында отырмайды. Сол жүгермекті көзімнің қарашығындай көріп, жаныма медеу етемін…
*** *** ***
Мен медбикелер курсына жазылдым. Бір-екі айдан кейін ойдағыдай аяқтасам, мен де фрондқа баруға сұранамын. Мүмкін, сол жақтан сені де кездестіріп қалармын. Мен сені сондай жақсы көрем! Сені сондай сағындым. Екеуміздің би кешіне баратын кезіміз есіңде ме? Өте ерекше, ең керемет кездер еді сол бір шақ… әттең… сұм соғыс…
*** *** ***
Сәлем хат, менің сағынышыма айналған үй-ішім, асыл жарым, Саят, және менің қос құлыншағым! Сендерді қатты-қатты құшақтап, беттеріңнен сүйдім… Құдайға шүкір, мен әлі тірімін. Денсаулығым да жақсы. Қазір окоптың ішінде отырмын. Сендерден өтінерім, мені еш уайымдамаңдар. Білемін, сендерге жеңіл емес. Маған да оңай емес, бірақ мен жалғыз емес екендігімді білемін: қасымда майдандас достарым, ал туған жерімде өз ошағым бар. Аяулы жарым, өткен өміріміздегі бір-бірімізге деген ренішімізді санамыздан өшірейік, ал балаларыма айтарым: әкелеріңе ешқашан ренжімеңдер. Бір күні болмаса бір күні қастарыңнан табыламын деп ойлаймын. Сендерге алдағы өмірлеріңе зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін!.. Барлық жақындарыма дұғай сәлем! Біздің ендігі алған бетіміз – Сталинград.
*** *** ***
Саламатсыңдар ма, менің ардақты анам мен бауырларым! Сендер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қуанышымда шек жоқ болып отырмын. Біздің батальон екі апта бойы соғысып жатыр. Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: айнала қара түнек, қираған үйлер мен өртенген ғимараттар. Ауа райы қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Бірақ біз мойымаймыз. Анашым, есіңде ме, мен кетер кезде өзім жақсы көретін кәмпит пен иіссу және юбкамды чемоданға салып алып едім ғой. Сендердің суреттеріңді де ала кеткем. Қандай күлкілі болғанмын: мұнда аз уақыт қана болып, қайта оралам деп ойлаппын. Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар, жақын арада соғыс бітіп, елге басында білімі бар ақылды адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңдар. Ыстық сәлеммен: мәпелеп өсірген қыздарың мен апайларың.
*** *** ***
Ардақты анашым, қал-жағдайыңыз қалай? Менде бәрі жақсы. Күннен күнге Сталинградқа таяп келеміз. Қасымдағы солдаттар аналарын, әйелдері мен балаларын көруге асығып жүр. Енді қайтіп бұл соғыстың бетін көргіміз келмейді. Айналамызда көптеген адамдар аштан қырылып жатыр. Қатты жауған жаңбыр кесірінен бізге тамақ уақытымен келмейді. Батпақты жолмен адам түгіл машиналар жүре алмайды. Жараланғандарды алып кетудің өзі мүмкін емес. Анашым, сені қатты сағындым. Ұйықтаған кезде түсіме туған жерімдегі үйім мен ақ жаулықты анашым – өзіңді көремін. Үнемі осы түсім қайталана береді. Уақыт аз болғандықтан көп нәрсе жазуға үлгермеймін. Аман-сау болғайсыңдар!
*** *** ***
Сәлем хат, сүйікті жарым Айман, құлыншақтарым Ербол мен Қаракөз! Сендерден хат алған кезде құлазыған көңілім көтеріліп, жүрегім елжіреп кетеді. Сендерден хат алған сайын өмір сүруге деген құштарлығым артады. Біздің бақытымызды ойран еткен соғысқа лағнет айтып, бар дауысыммен айғайлап алғым келеді!.. Дубно қаласына жақын маңында кішкене ауыл бар. Бірде аяқ астынан автомат асынып келген фашисттер ауыл тұрғындарын шіркеуге қамады да, есік-терезесі мен айналасына бензин құйып, өртеп жіберді. Шіркеу бір сағат ішінде жанып кетті, ал оның ішінде сегіз жүзден астам еш жазықсыз адамдар болған еді… Оның басым бөлігі ойын балалары мен айелдер, апалар. Осындай жан түршігерлік көріністі көргенде жүрегің соғуын тоқтатады. Бойыңды жек көру сезімі ғана билейді. Айналдырған екі ай ішінде бұрын-соңды көрмеген қайғы-қасіретті көрдік. Қолыма қалам алып, көргенімді рет – ретімен жазғым келеді. Бірақ қолым жүрмейді, көргенімді айтып та, жазып та жеткізу мүмкін емес. Қарға адым жерде снаряд жарылған кезде өзге түгіл өз аты-жөніңді ұмытып, бір сәтке өмір мен өлімнің арасында қалғандай күй кешесің. Қымбатты Айманым, сен берілме! Мықты бол! Балаларымды қорға! Тағдыр жазса, жеңісті күндерде жолығармыз!
*** *** ***
Саламатсыз ба, аяулы анашым! Старшина ертең майдан алаңында үлкен ұрыс болатынын, қазіргі уақытты пайдаланып хат жазуымызға рұқсат етті. Негізі қолымыз қалт еткенде окоп қазамыз. Өзімнің госпитальден шыққаныма көп болған жоқ. Басыма снаряд сынығы тиіп, бір айдай екі дүние арасында жаттым. Сауығып шыққаннан кейін «Ерлігі үшін» медальін берді. Бірақ мен үшін мұның бәрі маңызды емес. Туған жеріме барып, жаныма жақын жандады көруге асығамын.
*** *** ***
Сәлем хат, әке, іні-қарындастарым! Майдан алаңынан хат жазып отырмын. Әлі де соғысудамыз. Ешкімде әл қалмады. Бар-жоғы 44 адам ғана қалдық. Қыс түскеніне екінші апта. Суық пен аштықтан зардап шегудеміз. Командир бізді ұмытып кеткен-ау деймін, өлілердің қатарына қосып үлгерген де болар… Бірақ біздің кеудеміздегі үміт сәулесі сөне қойған жоқ. Жауын мен дауылға, аштыққа қарамастан елге жеңіспен оралатынымызға сенеміз. Бар күшімізді сала күресудеміз. Көп ештеңе жазбағаным үшін ренжімеңдер. Бәрімізге ортақ бір қаламсап бар, өзімді ғана ойламай, оны келесі жауынгерге беруім тиіс. Сау болыңдар! 
*** *** ***
Ардақты анашым! Немістерден Будапешт қаласын азат еттік. Қала тұрғындары көшеге шықты. Бізге гүл сыйлады. Көз алдымда венгрлердің қуанышқа толы бейнелері, ыстық құшақтары қалып қойды. Азат етілген қаладағы балалар бейнесі ешқашан есімнен кетпейді. Олар алдымыздан жүгіре шығып, қолдарын жайып нан сұрады. «Солдат» пен «нан» сөзі әр түрлі тілде айтылып жатты. Біз үнсіз ғана керекті заттарымызды алып жүретін сөмкеміздің ішінен нан, қант, консервілер шығарып, балаларға үлестіріп бердік. Адамдарға қуаныш сыйлаған қандай үлкен бақыт!
Ұлы Отан соғысы ардагелерлеріне хат...
Қолыма қалам алып, майдан алаңында қаза болған және осы күнге дейін асылдың сынығындай болып аман-есен жеткен соғыс ардагерлеріне хат жазып отырмын. Бейбіт күнде өмірге келген ұрпақ болсақ та әрбіріміздің аталарымыз Отан қорғау жолында жанын пида етіп, майдан алаңына бірі қолын, бірі аяғын қалдырып кеткен. Сондықтан, соғыс тақырыбына келгенде саналы-бейсаналы түрде біздің де жанымыз ауырып, денеміз түршігеді. 
Біз соғысты көрген жоқпыз. Соғысты теледидар, ғаламтордағы көркем фильмдер арқылы, жыл сайын мерекеге орай жарияланатын соғыс тақырыбындағы мақалалар арқылы ғана білеміз. Соғыс тақырыбындағы қаншама деректі фильм көріп, қаншама көркем шығармалар оқысақ та дәл сол кездегі адамдардың сезінгенін сезіне алмаспыз. Біздің қолдан келетіні – өткен тарихымызды ұмытпай, ерлік көрсеткен ерлерімізді ұлықтап, қазіргі жүріп жатқан «жаһандану» деген мылтықсыз майданда рухымызды жоғары ұстап, желбіреген көк байрағымызды қайта құлатпау үшін аянбай еңбек етіп, тер төгу ғана… Біз сіздерді ұмытпаймыз, сұрапыл соғыста сынға түскен соғыс ардагерлері!..
kerekinfo.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста