Қазақтар туралы атақты шетелдіктер не дейді?

Қазақтар туралы атақты шетелдіктер не дейді?

Астана. 28 тамыз. Baq.kz-Кейде өзіңді тану үшін өзгенің пікіріне де құлақ түрген артық емес. Төменде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне біршама қанық атақты шетелдіктердің біздің халқымызға берген бағасын ұсынып отырмыз. Шетелдіктердің аузымен айтылған ақиқатқа тіпті мақтанғың да келеді.
Марко Поло, италян саяхатшысы:
…Олар (қазақтар немесе көшпелілер) бие сүтін ақ шарап тәрізді ішеді, кемиус деп атайды, өте дәмді. Қарулары садақ, семсер және шоқпар. Садақ атудың нағыз шебері… Қажет болса айшылық жолға ешқандай азықсыз шығады …Қажет болса қару-жарағымен түнді ат үстінде өткізуге бар. Қиындық пен мұқтаждыққа кімнен де болса төзімді.
«Книга Марко Поло о разнообразии мира,
записана пизанцем Рустикано в 1298 о р.х»
Иоган Шильтбергер, көне бавар жауынгері:
Ұлы Татарияда (қазақ даласы) болдым. Олар нан жеп, шарап ішпейді, оның есесіне бие мен түйе сүтін ішеді. Кең жайылымда өздерінің бар байлығын артып алып, қатын-бала, мал-мүлкімен көшіп-қонып жүреді. Олар өз хандарын ақ кигізге отырғызып, үш рет жоғары көтереді. Жорық кезіндегі азапты тауқыметке сондай көнбіс.
«О великой Татарии»
Петр Паллас, саяхатшы неміс ғалымы:
Қазақтар қан төгуге құштар емес, біреуді өлтіргеннен гөрі тұтқынға алғанды тәуір көреді. Адал қызмет еткен құлға қайырымды…
«Путешествие по разным провинциям
Российского государства» 1773 – 1778гг
Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым:
1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінрек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді.
«1825 жыл Париждегі «Азия» журналына
француз тілінде жарияланған мақаласынан»
Григорий Потанин, орыс ғалымы:
Қазақтар – еті тірі, дені салауатты, өмірге іңкәр халық. Олар сауық-сайранды жаны сүйеді, ашық түсті киім-кешекті, өмірінде мереке, той-думандарды ұнатады. Әртістік өнер мен сәнді жасану жарыстары қазақтардың бойына атаққұмарлық нышанын дарытуы да ықтимал, мұның өзі оларды француздарға ұқсататын секілді. Афиндықтар тәрізді қазақтар жаңалықты әдеттен тыс ұнатады.
Мейлі дала құнарының аңқасы кеуіп қалса да, мейлі табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да, қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан-тамырында күш-жігердің көл-көсір қайнар көзі бар, тек қазақтардың өздері осы қайнардан теріс айналмаса болғаны.
«В юрте последнего киргизского царевича»
Юджин Скайлер, американдық дипломат, ғалым:
Қырғыздар (қазақтар) басқа азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қырғыздарды (қазақтарды) құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар – қырғыздар (қазақтар) басқа тайпалардан жоғары тұр деген пікір айтады.
Д.У.Уарделл, ағылшын инженері:
Қазақтар – ер жүрек, еркіндікті сүйетін халық. Олар өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Достарына ақ көңілде, қонақжай, жолаушыға қайырымды, алайда, жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Балаларын шексіз сүйеді. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән.
1914 жыл
Элизе Реклю, француз географы:
Бүкіл европалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әсерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады.
«Земля и люди. Азиатская Россия»
Э.С.Вульорсон:
Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйкіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды.
«Киргизы» М., 1901
Алексей Левшин, орыс ғалымы:
Табиғатпен етене болып, қарапайым тамақ ішіп, таза ауамен тыныстап, жайбарақат өскен қазақтардың денсаулығы мықты болып келеді. Олар күшті, қуатты, ыстық-суыққа төзімді келеді. Жазықта тұрып он шақырым жердегі затты айырып көре береді.
Бала күннен ат құлағында ойнау – күнделікті гимнастикасы. Әйелдер кейде бұл тұрғыдан еркектерден асып түсіп жатады. Көп сөйлей бермейтін, тұйық мінезді, жеке дара ойланып отырғанды жақсы көреді. Деспотизмді көп көрмеген қазақтар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал, ақ көңіл, сенгіш. Қайырымдылық, адамды аяушылық, ақсақалдарға құрмет көрсету – олардың асыл қасиеті.
«Описание киргиз – казачьих, или
киргиз – кайсацких, орд и степей»
Николай Зеленд, ресейлік дәрігер:
Қазақ – қызу қанды халық. Оның рухында жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды. Мейілінше тату-тәтті өмір сүруді қалайды. Әйелдері иманжүзді, ақылды.
«Киргизы» Омск, 1885
Василий Радлов, түрколог ғалым:
Басқаларға қарағанда қазақтар арасында шешендік өнері ерекше дамыған. Әрі сөзі ойнақы, әуезді, ырғақты. Тілі өлеңнің өрнегі іспеттес. Бейнелі сөз төркіні айқын да дәлме-дәл мағына береді. Қазақтарды Батыс Азияның орман-құздары деп атауға толық негіз бар.
Қазақ – нағыз шабандоз халық. Кең-байтақ өлке де өмір сүрген олардың тілі тұтас бірлікте. Каспий теңізі мен қара Ертіс қазақтары тілінде диалектілік айырмашылық аңғарылмайды.
«Сибирские древности»
Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі:
…Қазақтың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті балаларының ақылы ерте толысады. …Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес.
«Дневник и письма из путешествия по казахским степям»
Николай Ядринцев, орыс ғалымы:
Қазақ халқы – ақынжанды халық. Бақташы халық. Өздерін ең әуенді халық санайды. Олар батырлар жыры бір замандарда жер үстінде әуендеген деседі, сол төменде шалқыған жердегі халық та мейлінше әуенді халық дейді, олар өздерін басқа халықтардан гөрі жыр-өлеңге жақынырақ тұрған халықтар санатына қосады.
«Сибирские инородцы, их быт и современное состояние»
Каруц Рихард, неміс этнографы:
…Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы. Бұл ұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбы-құрдас, ойнайтын жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда «бала дәуірі» үшін әлек болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі би, өзі қожа.
Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай баланы көтеріп, ойнату, құдықтан су тасып, мал суғару, қой сауу, т.б. жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді.
«Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке»
Николай Рычков, орыс барлаушысы:
Барлық үш жүз қазақтың жері Алтай тауларынан бастап, Каспий теңізіне дейін жалғасады. Жауларына қарсы жорыққа шыққанда әрбір қазақ үш-төрт атпен атанады. Олар күніне 60-80 шақырым жолды еш қиындықсыз басып өтеді.
«Жорық жазбалары» 1771 жыл
Камел Карпат, АҚШ Висконсин университетінің профессоры:
Қазақты ұлт ретінде сақтау – түрікіт сақтау деген сөз. Өйткені, ең таза түрік – қазақтар. Қазақ тілі – ең таза түркі тілі. Түркі тегінің тамыры да осында. Түркиядағы мұсылманшылық – Иасауи уағыздаған мұсылманшылық. Мен американдық түрікпін. Жүрегімнің бір түкпірінде қазақ тұр…

baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста