Өзбек болып кеткен мың отбасы қайта қазақ болғысы келеді

Өзбек болып кеткен мың отбасы қайта қазақ болғысы келеді

Досым атаның әулеті тумаларын іздейді
2014 жылы 5 сәуірде азаңғы шайдан кейін біреу есікті қақты. Келіп тұрған орта жастағы өзбек жігіті екен, аты Хамид көрінеді. Қолына ұстаған Ә.Момбектің «Қарабатыр шежіресі» атты кітабы бар. Ол маған көке, менде Қарабатырдан тараймын, Дуст атаның әулетімін, сізге қояр сұрағым бар еді – десін. Мен сонда оған сіз Момбекке барыңыз, Сіздің сұрағыңызға сол кісі жауап береді — дедім. Сөйтсем Хамид сол кітаптың авторын да таниды екен. Өзі де құралақан емес, өзбек тілді басылымдардың бірінде тілші болып қызмет істепті. Бірақ ол көке, мен сізге келіп тұрмын ғой -деген соң екеуміз ішке кірдік. Ол содан маған «Қурғанчи, Уммат, Бекон, Эрмат, Исоқ, Рахматулла, Хамид» — деген өзінің аталар шежіресін көрсетіп, біздің ұлы атамыз Дуст ата Сіргелі Қарабатыр руы ішіндегі Төбет деген қазақ көрінеді. Енді сіз бізді Қарабатырға жалғап берсеңіз, сізге мың да бір рахметімді айтар едім деді. Екеуміз сұхбатқа көштік. Сөйтсек, шешімі таппаған сұрақ көп екен.
Ә.Момбектің «Қарабатыр шежіресі» кітабын парақтай бастадық. Онда: Есенкелдіден Төбет, Төбеттің қазақ әйелінен Тілеулі, Алдан, Қалдан, өзбек әйелінен Есім, Досым көрінеді. Есім мен Досым нағашы жұртында — өзбек арасында жүріп ержетеді. Төбет өлерінде баласы Тілеуліге: «Ақсу бойындағы өзбек ішіндегі қос бауырыңды елге әкеп азамат ет» — дейді. Әке аманатын іске асыру үшін Тілеулі оларды іздеп табады. Есім әлі үйленбеген екен, Тілеуліге еріп Қаратауға келеді. Ал, Досым сол нағашы жұртында қалып қояды — деп, әрі қарай автор: «Бәйдібек ауданы, Қазата ауылының қариясы Қонысбек ұлы Төрехан: «1948 жылы Шымкенттегі Сайрам көшесіндегі бір өзбектің үйіне әлде бір жұмыстармен барған едім, үйде жасы тоқсаннан асып кеткен кәрі шал бар екен, екеуміз жөн сұрасып қалдық, мен шыққан тегімді, руымды айттым. Сонда ол пәлі екеуміз туыс болып шықтық қой. Сенің Есім атаңның туған бауыры — Досым менің атам болады. Қазір Досымнан тараған елу шақты үй бармыз. Сол Досым әулеттері бұл күнде Тельман, Сайрам ауданы, Манкент елді мекендерінде тұрып жатыр. Барлығы өзбек болып жазылып кеткен» — депті. (105 б).
Одан әрі «Тілеулінің өмірге келген жері Шаян өзенінің жоғарғы жағындағы Арыстанды өңірі. Тілеулі 1694 жылы өмірге келген, өлген уақытысы 1754 жылы деп айтуға болады — дейді. (111 6.). Автордың осы жазбаларын біздің көшіріп беріп отырғанымыз Хамид осы жазбалармен танысып, содан маған келіп отыр екен. Одан әрі ол Есім мен Досымның өмірін енді менен білгісі келетін көрінеді. Содан мен Сіргелі тайпасы қолжазба шежіресіне үңілдім. Онда Сіргеліден Райс би, оның бірінші әйелінен Ақсиық, Қожасиық. Екінші әйелінен Құбасиық, Қарасиық. Ақсиықтан Таңатар (Таңат), Қожасиықтан Тобыт. Осы Тобыттан Есентай, одан Бура, одан Есенгелді, одан Төбет. Осындағы Райс би, Қожасиық, Тобыт аталар тұсында Сіргелі тайпасы орта Сырда (Сырдария) қоныс еткен. Тобыттан Есентай, Бөгентай. Осындағы Бөгентайдан Құлаша, Құмаша. Құлашадан Байжігіт, Құмашадан Шалдар. Ал Есентайдан Бура. Осы Байжігіт, Шалдар, Буралар Түркістан ханы Есімхан мен Ташкент ханы Тұрсынханның Сайрамдағы соғысына қатынасқан тұсында да олар орта Сырда тұрған.
1628 жылы Бура, Байжігіт, Шалдар Есімханның тұрақты әскері сапында болады. Осы кезде олар орта Сырдан Түркістанға көшіп келеді. Сол жылы қыс түсе Есімхан өледі. Кейін Бура, Байжігіт, Шалдар Түркістанды тастап сол маңдағы Шорнаққа көшіп келіп, егін салып, қолға мал ұстайды. 1708 жылы құба қалмақтар Шу өзеніне шабуылмен келгенде Тобыт әулеттері осы жерде отырған. Дулат, Шанышқылы, Жалайыр рулары кісілері Шудан көшіп, олар да Шорнаққа келіп, Сіргелі Тобыт ауылына қоңсы қонады. Осы жылы Байжігіттен тарайтын Өтеміс Дулат руының қызына үйленсе, Шалдар атадан тарайтын Қуат Шанышқылы руы қызына үйленеді. 1709 жылы көктемде Тәуке хан қазақ қолын бастап Шу бойында қалмақпен соғысады, Тобыт қолын осы соғыста Байжігіт Тоғанас батыр басқарады. Соғыс үстінде Өтеміс пен Қуат өледі. Тобыттар Өтеміс пен Қуатты жерлеп Шорнаққа келсе, сол кездің салты бойынша осы екі кісінің жесірлерін қарабауыр етіп әлде біреулер өздерімен бірге алып кеткен екен. (Қарабауыр — майданда өлген жауынгердің жесірлерін өздері иемдену).
Содан Тобыттар екі кісісінен өлідей, екі келінінен тірідей көз жазып қалған соң, олар енді Шорнақтан көшуді ұйғарады. Сондағы олардың келген жері Арыстанды өзенінің тау шатқалдары болады. Осы жерде Тобыттар 1724 жылдың көктеміне дейін отырады. 1709-1724 жылдар аралығында қалмақтар Қаратауға шабуылын әсте тоқтатқан емес. Тәуке хан өлген соң әсіресе 1715 жылдан кейін қазақтар қалмақтардан жеңіліс таба бастайды. Әсіресе 1718 жылы Арыс, Бөген, Шаян өзені бойында қазақ ауылдары қалмады десе де болады. Қалмақтар егесіз қалған ауылдардың малдарын өздерімен қоса алып кетіп отырған. Дегенмен Арыстанды өзені құз шатқалын паналаған Тобыттар осы жерде бір жола қырылып кетуден аман қалады. Қалмақ соғыстарының бірінде, атап айтқанда 1718 жылы шайқаста Төбет батыр өлсе керек.
Содан кейін 1718-1723 жылы сәл тыныштау болады. Төбетұлы Тілеуліге «Ақсу бойындағы өзбек ішіндегі қос бауырынды елге әкеп ал» деуі шындыққа сай келеді. Біз жоғарыда Тілеулі Есімді Арыстанды өзені бойына алып келеді деген едік. Ол осы жерде үйленіп, содан ұл бала көреді. Оның атын Игембай қояды. 1724 жылы Түркістанды алған қалмақтар енді көктемде Сайрамды қоршауға алады. Осы тұста Арыстанды өзені бойында отырған Тобыт ауылы бұрынғы ата қонысы болған орта Сырдың шығысына көшеді. Бұл жөнінен Момбек: «1723 жылғы Жоңғар шабуылынан Сіргелілер Сыр бойының шығысындағы ата қонысына қайта оралды» — дейді. Бірақ олардың Сырға келуі 1723 жыл емес 1724 жыл болатын (аталмыш кітаптың 300 беті).
Тілеулі батырдың Ақсуда қалған Досымды іздемеу сыры осында еді. Есім Төбет атаның кішісі, үлкенінің аты Досым еді. Төбет ата Досымның тұңғыш ұлының есімін Таңатар қояды. Таңатар бұл Сіргелінің Райс би деген ұлының төрт немересінің үлкенінің есімі. Төбет ата осы есімді немересінің үлкені есіміне таңдаса керек. Қалмақ Сайрам қаласын қоршағанда Досымның әйелі тағы бір ұл бала көреді. Оның есімін енді Досым ата өзбекшелеп Қургончи — деп қойыпты. Осы Қургончидан бастап Досым атаның балалары өзбек тілінде сөйлеп, өзбек ұлтына сіңбе бола бастағанын көреміз. Бірақ Досым атаның анасы өзі өле өлгенше немере, шөберелеріне «сендердің ұлы аталарың қазақ, Төбет деген кісі» деп кетіпті жарықтық. Досымнан тарайтын әулет өзінің төр шежіресін осы Досым аталарынан таратады екен.
Бірақ өзбек тілді Төбеттің әулеттері осы Досым атасын өз шежірелік таралымына олар Досым ата демей өзбек тілі үндестігіне сай «Дуст Ото» деп, Таңатарды «Таңат» деп кеткенін көреміз. Осы Таңат атадан қазір Манкентте тұратын 83 жастағы Акромиддин ата әулеті тарайды екен. Таратып айтсақ Дуст ото, одан Таңат, одан Бидон би, одан Ниезқұл қози, одан Новча, одан Низомиддин, одан Бодриддин, одан Содриддин, одан Акромиддин ата. Маған келген Хамид Таңаттың інісі Қурғончидан болып шықты. Қурғончи атадан Ғайып, Жаммат, Уммат болып келеді екен. Умматтан Бекон, одан Эрмат, одан Исмайл және Исоқ деген екі бала. Исоқтан Икром, Улуғбек және Рахматулла. Осы Рахматулладан Хамид болып келеді. Мен сөз үстінде осы Хамидке қолыңдағы «Қарабатыр шежіресі» кітабын саған кім берді дедім. Оның айтуынша егемендік алған соң Исақтың ұлы Улуғбектің үйіне үш қазақ іздеп келіпті. Содан олар әй, Улуғбек біз сенің қазақ тумаларын боламыз. Сенде, бізде Төбеттен тараймыз, сендер өзбек емес, Қазаңсыңдар. Сіргелі ішіндегі Қарабатырсыңдар депті. Сонда өзін өзбек санап жүрген Ұлуғбек мына бейтаныс тумаларынан қашқақтап оларға көкелер мен сіздерді танымаймын, сіздер менімен бірге жүріндер деп оларды ағасы Икромның үйіне алып барады. Содан арада жылдар өткен соң бұл іс ұмыт болады. Ұлұғбектің қазақ тумалары да қайтып оларды іздеп келмепті.
Бірде Эрмат атаның немересі Абубәкір (Исоқ атамен туыстас Исмоилдың баласы) Улуғбекке келіп: «Бізді іздеп сенің үйіңе қазақ туыстарымыз келген екен, рас па?» депті. Улуғбек «солай болғаны рас, бірақ мен оларды Икромның үйіне қалдырып, өзім шығып кеткенмін, олармен Икром көке сөйлескен» дейді. Ал Икром өзіне тастап кеткен олардың адрестеріне де ие болмапты. Содан Абубәкір Улуғбекті жанына алып, Шаянға аттаныпты. Олар бірнеше қазақ ауылдарына да барыпты. Бірақ, сондағы Улуғбектің үйіне келіп, біз сендердің тумаларыңыз боламыз деген үш қазақ, олардың алдынан шығып құшағын жая қоймапты. «Мына кісі біледі» деген соң Улуғбек пен Абубәкір аудандық ақсақалдар алқасы төрағасы Игісінов Бейсенбекке жолығады. Бейсенбек оларды «Қарабатыр — өлкеміздің батыры» кітабы авторы Бораш Ахатайұлына кездестіреді. Бораш көке оларға сендердің іздеп жүрген кісілерің Қарабатыр ішіндегі Есім әулеттері ғой демепті. Бірақ, Абубәкір мен Улуғбектің қолына Момбектің «Қарабатыр шежіресі» кітабын ұстатып жіберіп, бір сауап іс қылыпты. Кітапты алуын алғанымен Улуғбек пен Абубәкір олар осы кітапты парақтап оқымапты. Оған себеп қазақ тілін ауызша сөйлегенімен, олардың тісі қазақтың жазбаша әліпбиіне батпапты. Мен: «Хамид, сендер іздеген Есім әулеттері мына кітапта тұр ғой!» дегенімде ол өзіне-өзі кейістік білдірді.
Сіргелілер — Сыр бойында
Түркістан құлаған соң Тобыт әулиеттері Ақтабанда Сыр бойындағы Алқа келге аяқ тірегені де шындық. Содан Тілеулі батырдың өзінің Тобыт әулиеттерімен Шыназдағы қазақ-қалмақ соғысына қатынасқаны да дұрыс жазылып жүр. Одан әрі қалам ұстаған авторлар жалғыз Момбек ғана емес Тілеулі батырды Ташкент үшін шайқастырып, Сіргелі қамалын салдырып, одан әрі Тілеулінің ұлдары Мырзабай мен Мырзатайға Жызақ жерінен шелді суландыртып, сол жерлерге жеміс-жидек ектіріп, кейін осы ұлы даланы Мырзабай мен Мырзатайдың атына байланыстырып, мына дала содан Мырзашөл аталынған деп қоюы — өтірік. Деректерде Тілеулі Ташкентте болмаған кісі. Оның әулиеттерінің табаны өңінде де, түсінде де Жызақ жеріне табаны тимеген. Тобыт әулиеттері болып келетін Қарабатыр, Байжігіт, Шалдар руы кісілері Орта Сырға ақтабанда келгенде әуелгі аяғын тіреген жері қазіргі Әлімтау ауылдық округі орталығы орналасқан «Мырза шөл» делінген дала болатын.
Бұл жерлерде қазір Малайқұдық, Бозайқұдық, Шоланқұдық, Тасқұдық, Бесқотанқұдық құдықтары орналасқан. Бұл жерлер ежелден он екі ата Сіргелінің ата жұрттары болатын. Қалмақтар Ташкент асып кеткен соң Тобыт әулеттері мамыражай күн кешті. Енді олар мал өсіріп шаруамен айналысу үшін Мырзашөл даласынан онша ұзақ емес жердегі Шөгірлітауы баурайына келіп тұрақтайды. (Шөгірлі «Мұңлық-Зарлык» дастанында айтылатын жер аты). Бұл жерлерде сол тұстарда Тобыттың ағасы болып келетін Таңаттан (Таңатар) тарайтын Есболай әулеті (Есболай — Батыр руының бір атасы, Е.Б.) қоныс ететін еді. Қоныстың аты «Қарақұм». Сол жердегі құдықтың атын Қызылжардың құдығы дейтін. Осы құдықтың күнгейінде тұз кені орналасқан көл де болатын. Ол көлді осындағы ел «көл» деп те, «кен» деп те атай беретін еді. Осындағы аталмыш тұз кені көлі де, Қызылжардың құдығы да, Қарақұм жайылымындағы қоныста Шағалақ (Шақалак, Е.Б.) сай делінген құрғақ өзен — сайдың сол жақ кенересіндегі аймақтардағы жерлер болатын.
Осы Шағалак сайдың үстіндегі төбелерді ел бірін «Үлкен қабан», бірін «Кіші қабан» дейтін тағы бар. Осы жерлерде Есболайдың Құдайберген, Құрбан, Бердібай, Дүкенай, Маса әулиеттері, Көктің ұлы Қоңыраттардың Құлшығаш, Тоқболат, Байлар-Жандар руларымен қойы қоралас, ауылы аралас тұрған. Қоңыраттардың арғы аталарын «Сырғалы» -деп те, үш дербіс деп те атайтын еді. Таратып айтқанда олар Жандербіс, Жолдербіс, деп «Жандар» аталарын айтса, Байдербіс деп «Көшік» аталарын атапты. Сол тұса осындағы Шақалақ сайдағы Тобыт ауылында Тілеулінің де, Есімнің де отбасы қоныс еткен. Тілеулі Қаратауда қалмақтармен соғыс барысында әкесі Төбеттін тумалары Қалдан, Алданнан көз жазып қалады. Содан ол құба қалмаққа өшіге түседі. Қалмақты құртпай қазаққа тыныштық жоқ екенін түсінеді. Енді ол қасына інісі Есімді ертіп, қалған өмірін ат үстінде, майдан даласында өткізеді. Ел Тілеуліні енді Қарабатыр атай бастайды. (Қара батыр – қаһармен, күшті мағынасында Е.Б.) Ол үнемі соғыс жағдайында жүріп Досымды іздеді ме, іздемеді ме, ол жағы деректерде айтылмайды. Біз де айтылмаған нәрсені айта алмадық.
Шыназдағы соғыста Сіргелі қолын Таңаттан тарайтын, Толыбай батырдын бесінші әулеті болып келетін, Даубай батырдың басқарғаны деректерде сақталып қалған. Одан кейінгі соғыстарда Тілеулі мыңбасы сапында айтылады. Мақаланың мақсаты Тілеулі батырдың ерлігі емес, қалмақ соғысы жылдары және одан кейінгі жылдардағы Есімнің қайсы жерлерде ғұмыр кешкені болатын еді. Есімнен Игімбай. Ол Арыстанды өзені бойында дүниеге келген бала-деп түсінеміз. Тобыт әулиеті Қарақұмға келгенде Игімбай жас бала. Осы тұста Сарыағаш даласында Қойкелді батырдың аты аспандап тұрған еді. Қойкелді батырдың өзі Сарыағаш даласының тумасы болатын.
Осы Игімбай ата тұңғыш ұлының есімін Қойкелді қояды. Қойкелдіден Қойыт (Осы Қойыттың шын есімі Қойлық болса керек). Осында Қойлық деген жер де бар. Қойыттан Кеншім. (Бұл Кеншім датқа болмаған кісі). Осы Кеншім де тұз кенін мензеп тұр. Ол тұста осы көлден ел тұз алып, Ташкентке сататын болған. Тұз өндірушілерді ел «кенші» деп атаған екен. Тұз өндіру сол тұста мәртебелі қызмет болған. Осы тұз кені туралы Майлықожа бір өлеңінде: «Ассалаумағалейкум, Қоңыратым-ай, Сен болмасан қалар ед жол жатып-ай. Жаз болса тұз, қыс болса көмір тасып, Құдайым қойған екен сорлатып-ай?» дейді.
Тобыт әулеті кісілерінің көбінің есімі тұз кеніне байланысты қойылғаны шежірелерде сайрап тұр десе де болады. Игімбайдың екінші ұлы Қабан Сыр бойындағы Шағалақсай өзені кенересіндегі «Үлкен қабан, Кіші қабан» төбелерінде дүниеге келген болып шығады. Қабанның бір ұлының есімі Кентбай (Кенбай). Қабан атадан — жеті бала. Тұңғышының есімін ата Сырға деп қояды. Шежіреде Сырға-Ізбасар деп жазылған. Жоғарыда біз Тобыттар Қаратаудан Сыр бойындағы Шөгірліге келгенде осы жерлерде Қоңырат тайпасының Сырғалы тармағына жататын кісілер тұрған деген едік. Сырға атадан Шынтемір мен Ақмырза туылады. Ақмырза ата өзінің ұлының есімін «Байтоғай» қояды. Осы Байтоғай Тобыт ата әулеттерінің қыстауы орналасқан тоғайдың аты. Осы Байтоғай тоғайын қыста Қаратаудан босқын келген әр рудың кісілері қоныс еткен. Олар қыста малға шөп дайындаған емес. Ірі қараны қыста тоғайға айдап салған. Тоғай ірі қараға қыста әрі пана, әрі азық болған. Ал уақ малдарын олар кенере үстіндегі сүйекті қалың қаражусан, түйесіңір, қоянсүйек боз бораннан аман алып шыққан. Сыр бойы құм жиектеріне қыста қар іздік, тобықтан аспайтын болып түсетіні белгілі. Сыр бойында жұт сирек болған. Мал өлім-жетімге ұшырай бермеген.
Шынтемірден Сандыбай ата туылған. Оның ұлдарының есімінің соңы кілең қожамен аяқталады. Мысалы: Байқожа, Айқожа, Балқожа, Шалқожа. Осы Байтоғайдың терістігінде қазақ ішіндегі қожалар ауылы тұрған. Сол тұста бұл ауылды қос Жарсуат атапты. Кейініректе осы ауылдан Майлы қожа, Мәделі қожаның аты елге тарап, осы Жарсуат ауылын осындағы ел Қожатоғай атап кеткен. Қожатоғай қазіргі Байырқұм-Арыс асфальт жолындағы Сырдарияның үстіне түскен көпірден түстігінде 26 шақырымдағы елді мекеннің аты. Сол тұста тобыттар осы қожаларменде ауылы аралас, қойы қоралас тұрған. Қазақ төрт атаға жеткенде олар ата атаға бөлініп, аналар ана атаның баласы, мыналар мынау атаның баласы деп, жігі ажырап ата-атаға бөлінетін.
Тобыттар да Есентай ауылы, Бөгентай ауылы болып екі атаға бөлініп, бірінен-бірі іргесін бөле бастағаны тағы да рас. Әр ауылдың өз биі, өз кісісі болды. Осы Бөгентай әулеті Байжігіт, Шалдар болып бөлінгенімен осы күнге дейін қыз алыспай туыстығын сақтап келеді. Ал Есентай ауылының биі де, батыры да сол тұста Тілеулі батыр болған көрінеді. Осы әулеттен Тілеулінің оза шығуы келешекте Есентай ауылын осындағы елдің Қарабатыр атап кетуін тудырса керек. Есентайдың немересі болып келетін Бектеміс балалары Атанбарқы, Байтуған, Шоқай таралымы, Төбетпен тума Жақсыкелді (Қаракемпір), Жақсымбет таралымы да өздерін енді бізде Қарабатырмыз дейтін болыпты. Тілеуліге бұл атты халқы силаған. Бұхар жырау: Қазақ деген халқыңнан, Батыр деген даңқыңнан, Сіргелі Қара, Тілеулі — дейді.
Қарабатырдың қалмақ соғысы кезіндегі ерлік істерін Сыр бойындағы Қоңырат, Қожа, Сіргелілер әлі де аңыз етіп отырады. Мен өзім Қарабатырдың ерлігін жеті жасымда анамнан есіттім. Анам Жаңабай руы қызы еді. Арғы атасы Құдайсүгір батыр Қарабатырмен замандас екен. Мен Қарабатырдың ерлігіне сүйсініп, «сол Қарабатыр қазір бар ма?» дедім балалықпен. Сонда анамыз қоңсының үйін көрсетіп, «сол Қарабатырдан мына Жүніс тарайды» деді. Жүніс нағашымның әкесі Қарабатыр руынан, анасы Елібай руының қызы екен. Күйеуі өлген соң Елібайдың қызы төркініне келіпті. Сол Жүніс өзін бірақ Қарабатыр руы санамайтын, мен де Елібаймын дейтін еді жарыттық.
Қазақты қайта қазақ ету – мемлекеттің міндеті
Мақаланың мақсаты Тілеулі батырдың батырлығы емес, қалмақ соғысы жылдары Тілеулі мен Есімнің отбасыларының қайсы қоныстарда жүргені болатын. Тілеулі батыр 1694 жылы Шорнақта Тобыт ауылында дүниеге келеді. 1709 жылы Тобыт ауылы Арыстанды өзені бойына көшіп келеді. 1724 жылы Тобыт ауылы Ақтабанда Сыр бойына көшіп келіп, 1798-1821 жылы аралығында Сырдан олар Арыстандыға емес, Шаян өзені бойына қоныстанады. Сәл шегініс жасасақ, Арыстанды өзені бойында Тілеулінің Айсана бәйбішесінен «Ақтабанға» дейін Ақпан туылады. Ал Тілеулі батыр Сыр бойындағы Қарақұмға қоныстанған соң, осындағы Шақалақ сайда Айсана ұл бала көреді. Баланың есімін жер атына байланыстырып (Шақалақ) қояды. Уақыт өте Ақпан Шоланқұдықты қоныс етіп отырғанда ұл бала көреді. Осы ұлдың есімін Шолан қояды. Кейін сол баланы ел Шобан деп кеткені бар. Шолан құдық Мырзашөл даласының кіндігіндегі құдықтың аты, қазіргі Жабай әулие кесенесі батысындағы ат шаптырым жерде.
Біз жоғарыда Тобыттардың қыстауы Сырдың шығысындағы Байтоғай тоғайда болған дедік. Осы Байтоғайда сол тұста Шанышқылы Бердіқожаның да ауылы Тобыттармен көрші тұрған. Шанышқылы, Жалайыр, Арғын, Дулаттар Түркістан, Шорнаққа 1708 жылы Қалмақтардың Шу бойына баса көктеп кірген кезінде босқын келіп, 1724 жылы Түркістан құлаған соң, олар да Алқакөл бойына келіп, Сыр бойындағы Байтоғай тоғайын қыстағаны белгілі. Бердіқожа батыр өлген соң оның қарындасы Манапқа Тілеулі батыр үйленеді. Осы Манап Мырзабай, Мырзатай деген ұл бала туады. Олардың есімін Мырзашөлде дүниеге келді деп жер атына байланыстырып қояды. Тілеулінің Ақпан деген баласы тағы да бір ұл бала көреді. Оның есімін Бұлан қояды. Осы Бұланнан Нұр туылады. Кейін осы Нұр Байжігіт, Шалдар, Қарабатыр руларының датқасы қызметін атқарады. Осы Нұр Қоқан хандығы қазақ жерін басып алғаннан кейін туылған деп айтуға болады. Тобыттар Нұр датқаның тұсында Сырдан Шаянға қоныс аударады. Нұрдан — Мамай, Жабай. Жабай қазақ-қалмақ соғысы батыры атына қойылған.
Мырзабайдан — Дән және Шауқар. Шауқардың 1-әйелі Жалайырдың қызы Күлтайдан Шымырбай. Шымырбайқұдық әліге дейін бар. Шауқардың 2-әйелі Барын Қоңыраттың қызы болған. Ол Байлар, Жандар, Тоқполат деген ұл бала көреді. Осы жерлерде қоңыраттың байлар, жандар, тоқполат рулары тұрған. Шоланқұдықтың түстігінде Жандарқұдық атты құдық әлі бар. Қазір бұл құдықтың атын ел Тасқұдық деп жүр. Жалайырлар бұл жерде тұрмайды. Қалмақ соғысынан кейін олар Ескелді батырдың басшылығымен елдеріне көшіп кеткен. Ескелді — Төлебидің үшінші қызы Ұланбикенің баласы. Төлеби қалмақ соғысы жылдары қызын осы жерде паналатқаны да рас. Барыннан туған Байлардың бір баласының есімі Шолан. Шоланқұдықтың маңында туылған бала. Ол құдық сол қалпында сақталған.
Төбеттен тарайтын Есім әулеттері Нұр датқаның тұсында Шаян өзені бойына көшкенде Тілеулінің балалары Мырзатай, Мырзабайдың әулеттері Сыр бойында көштен қалып кеткен көрінеді. Себебі Қоңырат Тұрлыбек датқа (Байлар руы кісі) Жаушықұм болысында 1880 -1890 жылдары болыс төрағасы болған кісі. Осы датқаның есімін Қозыбақ ата баласына қойған сияқты. Сөзіміз дәлелді болу үшін Мырзабай әулеттерін тарқатып көрейік. Мырзабайдан Дән, Шауқар. Дәннен Сиқымбай одан Сырғабай, одан Қозыбақ, одан Тұрлыбек. Осы Тұрлыбек тұсында осы әулет кісілері Шоланқұдықтан көтерілген сияқты. Осы әулет Мырзашөл даласынан көтерілген соң Шаян асты ма, әлде Ташкент асты ма, ол жағын мен айта алмаймын. Бірақ, әулиеттерінің айтуынша олар осы Тұрлыбектің тұсында Ташкент асқан көрінеді. Тұрлыбектен Рыстай, Арапбай, Қоқан. Сонда Тұрлыбектің кенжесі Қоқан ата Қоқан жерінде туылған болды да. Тобыт әулеттері Шаянға келген соң шамасы 1821 Нұрды Қоқан билігі датқалық қызметке бекітеді. 1861 жылы Кеншім Нұрдан датқалық қызметті алады.
Осы Кеншім датқа тұсында ол жанына Байжігіт, Шалдар, Қарабатыр руы кісілерін топтайды. Орыс келген соң орыс төрелері Қоқан ханы тұсындағы датқалық, бектік қызметті тоқтатып, болыстық әкімшіліктер құрылған тұста таңдау енді Қалбырға түседі. Қалбырдан кейін оның баласы Тұрғанбек Кеңес өкіметі орныққанша болыстық қызмет атқарады. Енді осы Кеншім датқа, Қалбыр болыс, Тұрғанбек датқаларға келсек осы кісілер біріне-бірі аталас, туыс кісілер екен. Шежіре таралымы: Мырзабайдан Шауқар, одан Шымырбай, одан Ұлтуған, одан Қыстаубай, және Бәшкен (Бәшкен-Баскен, тұз кенінін аты). Бәшкеннен Кеншім датқа. Осындағы Қыстаубайдан Қалбыр болыс, одан Тұрғанбай болып келеді екен. Игімбай, Қойкелді, Қойыт, Кеншімдер Сыр бойындағы қоныстарда болса, Кеншім тұсында олар Шаянға көшіп келген деп түсінеміз. Кеншімнен Орыс. Осы Орыс 1864 жылы Шымкентті орыс алғанда Шаянда дүниеге келген бала екен-деп айтсақ, Есім әулиеттерінің 1724-1864 жылдары қайда болғанын енді Сіздер де түсінеді деп ойлаймын.
Бүгін күнде Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласымен Сайрам ауданында Досым атадан тараған ұрпақтар шамамен мың (1000) отбасы бар. Осы азаматтар өздерінің төл құжаттарына қазақ ұлты болып жазылуды қалап тұр. Мемлекеттегі құзырлы орындағы азаматтар осы мәселеге көмек беруін сұраймыз!

Еркебай Бүрлібайұлы,
ҚР еңбегі сіңген қызметкер, тарихшы
(Тақырып өзгертілді. Түпнұсқадағы тақырып:
«Өзбек болып кеткен мың отбасының
мұңын ұғар жан бар ма?»)

kazakia.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста