Шартиған қарын, торсиған емшек…

Шартиған қарын, торсиған емшек…

«Бір қызымнан бір қызым Һәм сорақы!» Еліміздегі көңіл қынжылтар қалың шаруаларға қарап отырып осы сөз еріксіз еске түседі. Қазақтың танымына жат, ұлттық қалпына қарсы келетін жұмыстарды кімдердің ойлап таба беретініне кейде қайран қаласың.
Бүтін қазақтың бет-бейнесі жарамсызданып қалғандай соңғы кездері жарнамадан бастап барлық көрнекті орындарға, балабақша мен мектептерге еуропалықтардың фотосуреттерін самсатып қою белең алып барады. Мына суреттерге назар салыңыз. Бұл – әйелдердің жүктілік кезінде емханадан алатын кітапшасының мұқабасындағы суреттер.
Көріп отырсыздар, көзіңді тіктей қарасаң жүрегің шіміркенетін сұмдық қой. Шартиған қарын, жарқыраған кіндік, торсиған емшек, жатырдағы ұрықтың жетілуін көрсету – қандай анайы көрініс. Кітапша мұқабасын безендіру үшін осынша анайылыққа баруға бола ма? Бұл не сонда? Қазақ келіншектерін «Мұқабаға қарағың келмесе, өзің қаптап ал. Сендердің суреттерің мұндай кітапша мұқабасын безендіруге де жарамайды» деген мұқату ма?
Тәуелсіз Қазақ Елінің барлық өңіріндегі аяғы ауыр келіншектер мен бөпелі болған аналардың қолында қазір осы кітапша. Бұл және бірнеше жылға арналған кітапша.
Дуылдасып, дауласып жүріп мектеп дәптерлері мұқабасының жөнге келгені кеше ғана еді. Енді міне баяғы оспадар дүниелер емхана, ауруханаларды жағалай жөнеліпті. Көрші елдер сіріңке өндірсе де өнімінің өзерінікі екендігін айқындап, әйгілеуге құмар. Қазақияда өнім тұрғай, жер иесі, ел иесі қазақ ұл-қыздарының әсем бейнесін, айбынды жүздерін жариялаудан тартынады да жатады.
Егер санасы құлданғаны анық болмаса, денсаулық министрлігіндегі азаматтар аталмыш кітапшаның мұқабасын ұлттық қалыпқа лайықтап қайта шығарғаны абзал.
www.namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста