Соғысқа қазақтың қанша батыр қызы қатысты?

Соғысқа қазақтың қанша батыр қызы қатысты?

1943 жылы мамыр айында Алматыдан 185 қыз майданға аттанған. Олардың iшiнде 73 қазақ қыздары болған. Осы тұста Орал облысынан бiр топ мұғалiм әйелдер мен медицина қызметкерлерi майданға аттанды.

Дәрiгер Роза Момынова, мұғалiм Ағипа Кенжеғалиева, полиграфистер Ғалия Үмбеталиева мен Нәпия Дәулетқалиева, Қараоба орта мектебiнiң мұғалiмi Майра Махатова, темiржолшы Жәмия Ғилажова, кинофикация қызметкерi Ғарифа Рахметова және басқа да ондаған Жайық өңiрiнiң қыздары соғыс басталғанда майданға өз ерiктерiмен аттанған алғашқы қарлығаштар болатын. Қазақстандық қыз-келiншектер Қиыр Солтүстiкте де, Карелияның омбы қарында да, Смоленск өңiрiнiң қалың ну орманында да, Қап тауларында, Қара теңiз жағалауында, Украина мен Белоруссия қалаларында,Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшiн болған шайқастарда батырлықтың, шабандылықтың Отанға шексiз берiлгендiктiң жарқын үлгiлерiн көрсеттi.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрiнен кездестiруге болатын-ды. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты. Айталық, штурман, гвардия лейтенанты Хиуаз Доспанова, ұшақтың механигi Дәмелi Жәкеева, зениттi артиллерия расчетiнiң командирi Ақлима Ақжолова, танкистер Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмила Талқанбаева, пулеметшi Жәмилә Бейсенбаева, «Қызыл әскер ақиқаты» атты майдан газетiнiң қызметкерi Рахима Жанбекова, зенитшi Ажар Оразғалиева, десантшылар Рәзия Сыздықова мен Қалзия Асанова, барлаушы Жәмилә Сәлiмова, гвардиялық атқыштар дивизиясының сержанты Шағила Құсанова, әуе бақылаушылары Раушан Мазитова, Нұрғайын Хамитова, Бибiнұр Тынысбекова, майдан дәрiгерлерi Мәрия Сырлыбаева, Роза Момынова, Рәпия Мақашева, Мархаба Түкiбаева, Гүләндә Түсiпжанова, майдандық медбикелер Сағындық Шынәлиева, Сара Сартбаева, Әмина Орынбасарова, Қызыл Крест Комитетiнiң «Флоренс Найтингейл» медалiмен марапатталған лейтенант Рәзия Ысқақова, байланысшы Раиса Абдуллина, авиамоторшы Әқима Ақжолова, I және II дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерi зеңбiрекшi Қалзия Асанова, аспазшы, сержант Шәмшiбану Әмiрова, радист Шекер Ботаханова, зенитшi Қантай Елубаева, барлаушы Рахила Ералина, байланысшы Алтынай Есболатова, әуе механигi, ұлы Абайдың шөбересi Ишағы Жағыпарова, зенитшi Ажар Оразғалиева, жау ұшақтарының «тамыршысы» аға сержант Роза Шамжанова, Мәскеу қаласындағы Бас поштаның әскери цензурасының Кеңес Армиясындағы түркi тiлдес халықтар жауынгерлерiнiң хаттарын тексерушi (цензор) болған Халима Өзбақанова (соғыстан кейiн майдангер, Қазақстанның халық жазушысы Әзiлхан Нұршайықовқа тұрмысқа шыққан), Сталинградтағы талқандалған трактор зауытын қысқа мерзiмде танк жөндеуге қайта жабдықтап, майданға танктер жөнелтуге атсалысқан он бiр қазақ қыздарының бiрi Жұмакүл Оңғарова, тағы-тағы сол сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшiн жанқиярлықпен шайқасты.

Соғыс жылдарының шежiресiне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлiгi қайран қалдырады. Ұрыс шебiнде қазақ тiлiнде шығарылып тұрған майдандық газеттер парағын аударыстырып отырып, небiр ерлiк шежiрелерiне қанығуға болады. Алапат аласапыран айқас кезiндегi бiздiң жауынгерлерiмiздiң теңдесi жоқ ержүректiлiгi, қазақ қыздарының жауапкершiлiгiмен толысып, толыға түседi. Осынау майдандық газет беттерiндегi жауынгер қыздар ерлiгiнен елес беретiн сұрапыл сәттерге көз жүгiртiп көрелiкшi.

«Жауға қарсы аттан» газетiнiң (9 наурыз,1944 жыл) бетiнде аға лейтенант Асқар Закариннiң «Мәншүк» деген мақаласында Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлiк iстерi тәптiштелiп, Невель қаласы үшiн болған шайқастың алғашқы бiр күнiнде Мәншүк өзiнiң күнделiгiне «шiлденiң 20 күнi немiс жауыздарының екеуiн өлтiрдiм, бұл бiрiншi адым» деп жазып қойды делiнген. Әсiресе, Мәншүктiң 14 қазан күнгi кескiлескен ұрыста көрсеткен жанқиярлық ерлiгi айна-қатесiз баяндалады. Сосын «Қазақтың қайратты қызы ауыр жараланып, сүйiктi «Максимдi» құшақтап қаза тапты. Оның жанын қиып қорғаған қаласы Невельдiң Приамур көшесi мен Трофяной переулогi Мәншүк Мәметованың атына көштi» деген сөздер кеудеде мақтаныш отын маздатады.

Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев басқарған Бiрiншi Украин майданының «Отан намысы үшiн» атты қызыл әскер газетiнiң 1945 жылғы 8 ақпандағы санындағы мақала «Батыр қыз» деп аталады. «…Қазiр Зоя Досбергенова бiздiң артиллериялық бөлiмшенiң взводында радист болып iстейдi. Мұнда осы бiр өткiр қарақат көздi, орта бойлы сымбатты қызды бiлмейтiн жан жоқ… Командованиенiң тапсырмасын үлгiлi орындағаны үшiн Зоя II дәрежелi Отан соғысы орденiмен және «Ерлiгi үшiн» медалiмен наградталды. Зоя атқарып жүрген қызметiн мiсе тұтпады. Қолына қару алып, майданның алдыңғы шебiне барып, ұрысқа араласқысы келдi. Осы арманына бой ұрған Зоя бiр күнi өзiнiң командирiне келiп, өтiнiш еттi.

Ақыры полковник Зояға рұқсат бердi. Ұрысқа бой ұрған өжет қыздың тiлегiн орындады. Зоя батальон комсоргi болып тағайындалды. Қазақтың қайратты қызы бұл қызметте жап-жақсы ұйымдастырушы екенiн, батылдығын көрсеттi. Кеңес батырларының соққысынан тозғындап шегiнген жау маңызды бiр елдi-мекеннiң маңында табан тiреп қарсыласты. Үлкен ұрыс болды. Осы ұрыста рота командирi саптан шықты. Осындай сын сағатта Зоя үлкен батылдық iстедi. Ол бәрiне тым жауапты қызмет жүктедi. Ұрыста ротаны басқарды. Батыр қыздың ерлiгiн көрген полковник:

– Жарайсың, Зоя! Ерлiгiңе Отаның риза! Өркенiң өссiн! – дедi. Осы ұрыстағы ерлiгi үшiн Зоя Досбергенова «Қызыл жұлдыз» орденiмен наградталды».

Бiрiншi Прибалтика майданының «Жауға қарсы аттан» газетiнiң 1944-1945 жылғы сандарында майдан шебiнде жүрген қазақ қыздарының есiмдерi жиi кездеседi. Соның бiрi Белоруссия мен Литва, Польша жерлерiндегi қатты соғыстарда болып, ақыры Фашистiк Германияға бұзып өткендердiң iшiнде болған Баян Байқожина. Жан ұшыра арпалысқан немiс-фашист әскерлерi Шығыс Пруссияда мықты бекiнiс шебiнде болды. Осындай бiр берiк қамал Гинденбург қалашығында да жасалған. Баяндардың бөлiмi осы кiшкене қаланы алу үшiн ұрыс жүргiздi. Екi мерген – Баян мен оның қарулас жолдасы сержант Иван Вараксин – қала шетiндегi бiр биiк үйдiң тасасына отырып алып, дұшпанның солдаттары мен офицерлерiн, әсiресе пулеметшiлерiн бiреулеп құрта бердi. Бiр кезде жақын жарылған снарядтың жарқыншағы Баянның бетiне келiп тидi. Оның омырауына қарай қан саулады. Баян қалтасынан бинттi алып, бетiндегi жарасын өзi таңды да, ұрысты жалғастыра бердi. Бiздiң жаяу әскерлерiмiз жау шебiн атқылауға көтерiлген кезде Баян да орнынан тұра жүгiрiп, «уралаған» айғаймен алдыңғы сапқа барып араласты. Бұл ұрыста Баян он бес немiстi өлтiрдi. Оның Гинденбург үшiн ұрыстағы ерлiгi де лайықты бағаланды. Байқожина “Отан соғысы” орденiмен наградталды. Баянның сондағы шайқаста көрсеткен ерлiгi жөнiнде «Правда» газетi жазып, қарапайым қазақ қызының есiмiн дүние жүзiне таратты.

Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының бұрынғы «Қызыл Диқан» колхозынан майданға өз тiлегiмен аттанған Майра Қанатова шынайы ерлiктiң үлгiсiн паш еттi. Бiр ұрыста қарсы жақтың күшi нашарлағанын байқап дандайсыған немiстер винтовкадан атқан оққа тоқтамай, тiке шабуылға көшедi. Аралары жақындай түседi. Жау 100 метрдей қалғанда ер жүрек медбике Қанатова иесi қаза тапқан пулеметке отыра қалып оқ жаудыруға кiрiседi. Жауынгерлерге: «Серпiлiңдер, немiстер қазiр-ақ жер жастанады!» деп айқайлап күш бердi. Ақыры, немiстердiң шабуылы тойтарылып, позиция шебi бұзылмай қалады. Асқан батылдығы үшiн сержант М.Қанатова «Ерлiгi үшiн» медалiмен наградталды.

Батыс Қазақстан облысында туған Нұрғаным Байсейiтова – соғысқа өз еркiмен сұранғандардың бiрi. 1942 жылдың сәуiр айында Мәскеу радиомамандар дайындау мектебiне курсант болып қабылданады. 1943 жылы ол Белорус майданы штабының тапсырмасымен сегiзiншi партизан бригадасының радисткасы ретiнде жау тылына жiберiледi. 1943 жылғы тамыз айынан 1944 жылғы шiлденiң 15-iне дейiн осы бригадада үздiк қызмет етiп, «Қызыл Жұлдыз» орденiмен наградталды.

Қызылорда облысының тұрғыны Торғаш Жұмабаева соғыс басталған кезде Минск облысында жау тылында қалып қояды. 1943 жылы желтоқсан айында Минск облысындағы «Большевик» партизан отрядына кiредi. Жетi шайқасқа қатысып, ерлiктерi үшiн «Ұлы Отан соғысының партизаны» медалiне ие болады.

Соғыс басталған жылы Мәриям Сырлыбаева Алматыдағы медицина институтын бiтiрiп шықты. Ол Алматы маңында құрылып, әзiрлiктен өтiп жатқан қазақтың ұлттық 100-шi атқыштар бригадасының медсанротасына ординатор болып барды. Бiраз күннен соң бригада майдан шебiне аттанды. Ол Калинин майданына жөнелтiлдi. Мәриямға әскери-медицина қызметiнiң капитаны атағы да сол кезде берiлген. Бригада бiрден-ақ ұрысқа араласып кеттi. Соғыстың аты – соғыс. Талай адам жараланып, талай боздақ оққа ұшты. Даңқты 100-шi қазақ атқыштар бригадасының қатарында әскери дәрiгер Мәриям Сырлыбаева Невель түбiнен бастап Польшаның Сопот қаласына дейiн барды. Белоруссияда Брест қамалын алуға қатысып, Польшаның Торн, Тухель қалаларын жаудан азат ету соғыстарына қатысты.

(Түп-нұсқадағы тақырып: Жауға қарсы аттанған батыр қыздар)

malimetter.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста