"Сүйегім жасиды..."

"Сүйегім жасиды..."

Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адал­дығың жайлы аз-кем толғанғанда лайықты, лайық­сыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі – заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі...

«Батырдың көңілін сұрап барып едік, еңкілдеп жылады ғой», – деп есік алдында отырып әңгіме бастаған көрші шалдардың сөзіне елең ете қалғам. Махоркаларын ширатып орауға кірісіп, сөз үзіле қалған тұста жандарына таяп барып отырдым. «Еңіреген ер, адамгершілігін айтсаңшы», – деді екінші шал үзілген әңгімені жалғап. Махоркасын құшырлана сорып, түтінін будақтата үрлеген Жодай қария қазық ұштап, әңгімеге араласпай, шаруасымен отырған әкемізге бұрылып: «Сөкең төсек тартып жатқалы біраз болды ғой, мына кісі екеуміз көңілін сұрап шықтық. «Батыр, хал-жайыңыз қалай? Күйлі-қуаттысыз ба?» деп хал-ахуал сұрасқанымыз сол еді, байғұс: «Мені батыр деп айтпаңдар, сүйегім жасиды, сүйегім жасиды!» демесі бар ма, бір айтқанын қайталап. Сақалын жас жуып, қатты егілді. Әйтпесе қайратты кісі еді ғой. Ештеңенің мәнін түсінбей мына екеуміз отырмыз», – деп Жодай шал бір тоқтағанда әкеміз де елең ете қалды. Көзіне жас алып, егілмек түгілі қандай қиыншылық көрсе де қабағын бір шытпайтын Сөкеңнің (ешкім атын атамайды, Сөкең дейтін) мына қылығы әкемізге де жұмбақ болды-ау, орнынан тұрып, үстіндегі ағаш жоңқаларын қағып-сілкіп екі қарияның қарсы алдына келіп отырды. «Неге жылапты?». Сөзді Мардан шал іліп әкетті. «Бұ кісінің батырлығын елдің бәрі біледі ғой. Талай үркін-қорқынды басынан өткізді. Талай барымтаға барды. Сүйегін жасытатын оқиға Қалқадан (Өр Алтайдың аржағы – моңғол жерін біз жақта солай атайтын) қыл құйрық қуып келген жолы болыпты», – деп махоркасын бір сорып, қақырынып-түкірініп, ұзақ булығып отырып қалған Мардан шалдың әрекеті маған тым ұзаққа созылғандай сезілді. «Ой, көксау неме! Әңгіменің құтын қашырдың ғой, өзім айтайын» деген Жодай ақсақалдың тура сөзіне әкем де разы болғандай мырс етіп күліп қойды. «Әңгіме былай болыпты. Қалқаның жерінен мал қуып келуге бес-алты жігіт аттанады. Ішінде осы Сөкең бар. Қалқа жеріне өткен соң дараны жалғыз жайлаған, неше жүз жылқысы бар жалғыз қалмақтың қонысын көреді. Малшы дейін десе, батыр тұлғалы. Қостан кіріп, шыққанда ірілігі сонша, артындағы қос көрін­бей­ді. Батыр дейін десе, малшының бүкіл шаруасын өзі атқарады, жалшы секілді. Жалғыз өзі ат тағалап, атан жығатын қалмақты бір аптадай аңдыған сайлауыт жігіттер оны байлап-матап, жылқысын алдыға салып айдап кетуге шамалары жетпейтінін біледі. Ақыры жоқ қарап жүрген адам секілденіп қалмақтың қара қосына түседі. Қалмақ та олардың жай жүрмегенін сезсе де сыр алдырмайды, етін асып күтеді. «Мал жоғалтып едік» деген сөзіне сенген сыңай танытады. Бірер күн еру болып, жігіттер аттанбақшы болғанда қалмақ батыры: «Е-е-е... жігіттер! Не мақсатпен жүргендеріңді мен де білем. Алыстан ат өксітіп келіпсіңдер, аттың тері деген бар. Мына жылқыларды айдап кетіңдер», – деп алдарына бір-екі айғыр үйір жылқы салып береді. Өзі де жылқыларды айдасып, біраз жерге дейін еріп отырады. Сол кезде сайды өрлеп, шұбыртып жылқы айдаған жігіттердің алдынан аю ақырып шығады. Мылтықтарын оқтап, сайлана қалған жігіттерді тоқтатқан қалмақ аттан секіріп түсіп, аюмен алыса кетеді. Сүт пісірім уақыт алысып, дәрмені құрыған қалмақтың аяғы дірілдей бастағанда Сөкең етік қонышынан кездігін суырып алып, аюдың тірсегін қиып жібермекші болып ұмтылады. Жігіттердің мылтығының ұңғысы да тап сол тұста аюға емес, Сөкеңнің кеудесіне кезеледі. Сөкеңнің аяғын аттың бауырынан айқастырып шандып, қолын артына қайырып байлаған барымташылар қалмақтың қара қосына қарай кері бұрылады. Дәл сол кезде қалмақтың шыңғырған үні бүкіл тауды жаңғыртып, дауысы Құдайға жетеді. Қалмақтың қалған жылқыларын қайта барып, түгел алдына салып айдап қайтқан барымташылар аю алдарынан шыққан сайға келгенде жыртқыштың адамды қолын қол, бұтын бұт қып әлдеқашан алба-жұлбасын шығарғанын көрсе де аялдамастан алға тартады. Сөкеңнің құлағында сол қалмақ батырының шыңғырған дауысы мәңгілікке қалып кетіпті. «Батыр демеңдерші мені, сүйегім жасиды» деп егіліп отырғаны сол үшін екен кәрі тарланның. Өкінішін өмір бойы арқалап, жанын жегідей жеген сырын о дүниеге арқалап кетпейін деп бізге сыбырлап айтып берді. Күннен күнге хәлі құрып, әл-дәрмені кетіп барады, мүмкін бүгін, ертең...», – деп Жодай шал әңгімесін айтып бітіргенде көзінен бір-екі тамшы жас сырғып кеткендей болды...
Баламыз, тап сол кезде қорқынышты әрі қызық хикая тыңдағандай-ақ әсері болған ақсақалдар кеңесінің. Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған сайын «сүйегі жаситын қасиеттің ауылын» төңірегіңнен іздей бастайды екенсің. Өзін батыр демек түгілі, елдің қолпашын – өкінішін еске түсіретін ауыр сөз ретінде қабылдап, адам – пендені жүректің көзімен таныған кешегінің парасатына таңқалмай көр. «Біз – ақындар...», «Біз – жазушылар...», «Біз – қоғам қайраткерлері...», «Біз – журналистер», «Біз – өнер адамдары...». Радио-теледидарды қоссаң, газет-журналды ақтарып қалсаң ең көп еститін, оқитын сөз осы болды бүгінгі. Ешкім де періште емес қой, сүйегіңіз жасымай ма сіздің?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста