Әлеумет

2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланып отыр

  • 2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланып отыр

    2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланып отыр

 ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұржан Нұрашевтың айтуынша, қазір солтүстік өңірлерде жұмыс күші жетіспей жатыр. Ал оңтүстік өңірлерде халық саны тез өсіп, еңбекке жарамды адамдардың жұмыс табуы қиынға айналуда. Сондықтан да, 2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланған.


Оңтүстіктен-солтүстікке жобасы 2015 жылдан бері қолға алынды. 2017 жылы 5 облыстан: Шығыс Қазақстан облысына — 98

Қостанай облысына — 30, Павлодар облысына — 69, Солтүстік Қазақстан облысына -184 отбасы қоныстанған. Ал 2018 жылы қоныс аударуға: Шығыс Қазақстан облысына — 364, Қостанай облысына — 272, Павлодар облысына — 380, Солтүстік Қазақстан облысына 690 квота бөлінді.


Солтүстікке қоныс аударған оңтүстік азаматтарына бірқатар жеңілдіктер мен қаржылай көмек ұсынылады.

Атап айтқанда:

республикалық бюджеттен:

–Бағдарламаға қатысушыларға және оның әрбір отбасы мүшесіне бір реттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері — 35 АЕК, 84 175 теңгеге тең.

– Коммуналдық төлемдерді және жалға алынған баспананың ақысын төлеуге 12 айға дейін:


1. Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін — 20 АЕК (48100 теңге);

– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса — 25 АЕК (60125 теңге);

– 5 жан және одан көп болса — 30 АЕК (72150 теңге)

2. Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін — 15 АЕК (36075 теңге);

– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса — 18 АЕК (43290 теңге);

– 5 жан және одан көп болса — 21 АЕК (50505 теңге)материалдық көмек көрсетіледі.

Егер де тұрғын үй сатып алғыңыз келсе, бірақ қолыңызда қаржыңыз болмаса, бұл соманың бір жылдық жиынтығын бірден алып, үй алуға болады. Айта кетер бір жайт, бағдарламаға қатысушы отбасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға қол жеткізуі үшін, жанұяның ең болмаса бір мүшесі міндетті түрде жұмыспен қамтылуы керек. Ал жергілікті билік оларды жұмыспен қамтуға міндетті.


Түсінгеніміз, солтүстіктің тек аудандары мен ауылдарына көшу мақсат емес. Облыс орталықтарына да қоныс аударуға болады. Нұржан Нұрашевтың айтуынша, ауылды жерден гөрі қалаға көшкісі келетіндер баршылық. Себебі, онда жұмыс орны көп. Дегенмен, қалада баспана қымбат. Қалтаға қонымдысын табу оңай емес. Ал ауылды жерде бос тұрған баспана көп, — дейді ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұржан Нұрашев.


Осы жерде мемлекет те, жергілікті жердің билігі де қоныс аударушыларды тегін баспанамен қамтамасыз етпейтінін ескерген жөн. Әйткенмен мұны кеш біліп, кері қайтатындар бар.


«Кері қайтамын» дейтіндердің біразына сондағы суық ауа-райы жақпайды екен. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың сөзіне сенсек, былтыр дәл осындай сылтау айтып солтүстікке көшіп кеткен адамдардың 19-ы оңтүстікке қайтып келген. Олар келісімшарттарының мерзімі аяқталған соң, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, министр биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты. Бұл үшін мемлекет мекемеге — әр бір жұмыскері үшін 1 082 250 теңге бөлмек.

Әйткенмен, бағдарлама негізінде емес, жеке көшіп жатқан жандар мұндай шарапатты көре алмайды. Мамандар сондай жандарға мемлекет тарапынан да, жергілікті биліктен де көмек қарастырылмайтынын айтады. Ал, бағдарламаға сәйкес құжаттарын рәсімдегендер, келісімшарттың мерзімі (6 ай немесе 1 жыл) бітпейінше кері қайта алмайды. Келісімшартты бұзса, жолға жұмсалған және мемлекеттен алған барлық ақшасын тиынына дейін қайтаруы тиіс.


Солтүстік өңірлерге оңтүстік аймақтарынан қоныс аударушыларға ұсынылатын бос жұмыс орындары:


1. Орыс және орыс әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына);

2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына);

3. Математика (қазақ және орыс сыныптарына);

4. Химия пәні мұғалімі (орыс сыныптарына);

5. Физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына);

6. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына);

7. Әскери дайындық сабағының мұғалімі (орыс сыныптарына);

8. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

9. Акушер;

10. Акушер-гинеколог;

11. Маммограф;

12. Маммолог;

13. Дәрігер-невропатолог;

14. Дәрігер-офтальмолог;

15. Тіс дәрігері;

16. Балалар дәрігері;

17. Терапевт;

18. Хирург;

19. Құлақ-мұрын, тамақ дәрігері;

20. Мейірбике;

21. Электрші;

22. Тракторшы;

23. Механизатор;

24. Нан пісіруші;

25. Құрылысшы;

26. Агроном;

27. Сатушы;

28. Мал дәрігері;

29. Көлік жүргізушісі;

30. Еден жуушы;



Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ


Көрілген: 127    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30