Елімзде полимер өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда

Елімзде полимер өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда

 Атырау облысындағы арнайы құрылған мұнай-химия аймағында полимерлер өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда. Өндірілетін көмірсутек шикізатын терең қайта өңдеу, яғни қосылған құны жоғары мұнай-газ-химия өнімін өндіру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту бағыттарының бірі.

Халықаралық талдау ком­па­ния­ларының деректері бойынша (McKinsey, IHS) әлемдегі халық санының өсуі және жан басына шаққандағы табыстың артуы 2030 жылға қарай мұнай-газ-химия өнімін тұтынудың (қазіргі 1 трлн АҚШ долларынан) 1,8 трлн АҚШ долларына дейін 2 есеге өсуіне әкеп соғады. Бұл ретте полипропилен және полиэтилен сияқты ең қажетті полимерлерді әлемдік өндіру (барлық полимерлерді жалпы тұтынудың 60%-ы) 2030 жылға дейінгі барлық анонсталған жобаларды іске асырған жағдайда да сұраныстан төмен болады. Осылайша Platts және IHS халықаралық маркетингтік компаниялар деректері бойынша 2030 жылға қарай полипропиленге деген ұсыныс 90 млн тонна болған кезде сұраныс 98 млн тоннадан асады. Сондай-ақ полиэтиленге деген ұсыныс шамамен 120 млн тонна болған кезде сұраныс 160 млн тоннаға дейін артады.
Қазақстандағы мұнай-химия өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің оң бағасы көптеген зерттеулер­дің, соның ішінде Exxon Mobil, Shell сияқты халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялардың және Nexant консалтингтік ком­паниясының нәтижелерімен расталған. Әлемдік үрдістерді, атап айтқанда көмірсутекке баламалы энергия көздерін белсенді іздеуді ескере отырып, перспективада мұнай-газ-химия өндірілетін мұнай және газды негізгі тұтынушы болатындығы болжануда. Сондықтан барлық мұнай-газ саласының даму қарқынын сақтау үшін басқа да мұнай өндіретін елдер сияқты Қазақстанның Үкіметі де мұнай-газ-химияға ерекше назар аударуда.

Заманауи мұнай-газ-химия өндірістерін ұйымдастыру үшін мем­лекеттік қолдаудың айтар­лықтай шаралары қабылданды. Атап айтқанда, Атырау облысында арнайы мұнай-химия аймағы құрылды. Онда салық және кеден артықшылықтары қолданылады. Шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілген. Жобалау және құрылыс кезінде халықаралық стандарттарды тікелей қолдану мәселесі шешілген. Бұл жобалардың құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаларды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күрделі шығын­дарды 20 пайызға дейін және операциялық шығындарды 15 пайызға дейін қысқартуға мүм­кіндік беретіндігін ескере отырып, мемлекет аталған АЭА инфра­құрылымын салуды қар­жы­ландыруда.

Атырау облысындағы арнайы мұнай-химия аймағының аумағында полипропилен және полиэтилен өндіру бойынша жобалар іске асырылып жатқаны белгілі. Ағымдағы жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асырудағы ын­тымақтастық бойынша екі маңызды құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС), Borealis аустриялық компаниясы Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасы бойынша ынтымақ­тас­тықтың негізгі талаптары туралы Келісімге (TermSheet) қол қойды.
Қол қойылған Келісім мемлекеттік қолдаудың шаралар пакетін бекітіп, жобалау сатысына көшуді негіздейді. ТЭН әзірлеуді аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2018 жыл. Аталған жоба ҚР аумағында жылына 1250 мың тоннаға дейін полиэтилен өндірісін ұйымдастыруға мүм­кіндік береді. Бұл ішкі сұра­нысты толықтай жауып, тұрақты экспорттық түсімді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ жоба аясында құрылыс кезеңінде 4 мыңға жуық жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 560 тұрақты жұмыс орнын және мультипликативтік әсер есебінен байланысты сала­лар үшін 3 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде ЖТС, әлеу­меттік салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары түрінде бюджетке жыл сайынғы аударымдар түседі. Жобаны іске асыру нәтижесінде озық шетелдік технологияларға трансферт жүргізіледі, ал өндірілетін өнім полимерлік өнімнің 50-ден астам түріне алдағы қайта өңдеуге (жергілікті полимерлік технологиялық өнімді дамытуға жәрдемдесу) шикізат ретінде болады.

Қазақстан Республика­сын­да­ғы жалпы ішкі өнімге үлесі – жылына орташа алғанда 1,2%. Екінші құжат – Атырау облысындағы полипропилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға да ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС) және Borealis компаниясы арасында қол қойылды. Меморандумға сәйкес Borealis полипропилен жобасына техникалық-экономикалық талдау және заң сараптамасын жүргізеді. Бұл жобаның құны 2,6 млрд АҚШ долларын, зауыттың қуаты жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды. Полипропилен өндіру бойынша жобаны қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ іске асыруда, атап айтқанда ЕРС мердігер анықталды, қарызды қар­жы­лан­дыру тартылды, құры­лыс жұмыс­тары басталды. Құ­ры­лыс­тың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.
Айта кеткен жөн, Borealis әлем­дегі Үздік-4 полиэтилен ірі өндіруші-компаниялардың құ­ра­мына кіреді. Ең жоғары тех­нологиялы және жоғары мар­жи­налдық компания. Borealis компаниясының акционерлері: Mubadala (БАӘ) – 64% және OMV (Аустрия) – 36%.

Исатай ЕРЖАН

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста