Кәсіпкерлікті қолдау заңдық негізде күшейтілді

Кәсіпкерлікті қолдау заңдық негізде күшейтілді

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары Қазақстанда нарықтық экономиканың берік институционалдық негіздері қалыптасқанын айтты.

"Жеке бастама мен еркін кәсіпкерлік еліміздің экономикалық дамуының және әл-ауқатымыздың артуының басты факторына айналды. Біздің реформаларымыздың табыстылығы мен тиімділігінің жарқын мысалы ретінде Астананы айтуға болады. Оның 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстан атап өтуде", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті қол қойылатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алатын профилактикалық бақылау институтына баса мән берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттеледі", – деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнес шығындарын жаппай төмендету үшін заңда қарастырылған шаралар жөнінде және бәсекеге кедергі келтіретін нормалардың алынып тасталғаны туралы айтты.

"Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бәрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту және жұртшылықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Қазақстан Президенті бүгінде жүзеге асырылып жатқан "Бес әлеуметтік бастама" шағын және орта бизнес үшін зор мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтіп, осы заңның қабылдануы халқымыздың игілігі жолында елдегі кәсіпкерлік қызметті жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мейіргүл Оңғарова 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста