Әлеумет

Міндетті медициналық сақтандыру – сапалы өмір кепілі

  • Міндетті медициналық сақтандыру – сапалы өмір кепілі

    Міндетті медициналық сақтандыру – сапалы өмір кепілі

«Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның» бір бағыты — «Аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу».Медициналық сақтандыру — денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, жалпы қайтыс болған адамдардың 74 проценті созылмалы аурулар салдарынан көз жұмады екен.


Көрсеткіштің ең көбі, яғни 41 проценті қан айналымы жүйесінің, 22 проценті – тыныс алу мүшелері, 20 проценті – онкологиялық аурулардың салдарынан болып жатады. Қалған 17 процентіне жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану және ас қорыту жүйесі аурулары себепкер.


Мұндай көрсеткіштер халықтың аурудың алдын алуға ден қоя бермейтіндігінің дәлелі болып отыр. Қазақстанның әрбір оныншы тұрғыны медициналық көмекке қысылтаяң жағдайда ғана жүгінеді.


Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Қазақстанда 2017 жылы денсаулық сақтау саласына жұмсалған жалпы шығын көлемі жалпы ішкі өнімнің 3,7 процентін құрады. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын жалпы ішкі өнімнің 6 процентін құрайтын, даму жағынан Қазақстан тәрізді елдерге қарағанда, бұл анағұрлым төменірек көрсеткіш. Қазақстанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығындар 41 пайызды құрады, бұл шектік деңгейден екі есе жоғары. Сонымен қатар, жеке шығындардың 30 проценттен астамы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі ақылы медициналық қызметтерді сатып алуға жұмсалады.


Қазақстанда негізгі демографиялық тренд ретінде өмір сүру ұзақтығының жағымды көрсеткішке ие болып отырғанын атап өту керек. Елімізде 2006 жылдан бері өмір сүру ұзақтығы 6,3 жылға ұлғайды, бұл көрсеткіш келешекте де өседі деп болжанып отыр. Алдағы уақытта медициналық қызметті белсенді тұтынушылардың саны тағы да артатыны дәлелденді. 2025 жылға қарай Қазақстанда балалар саны 5,6 миллионнан 6,9 миллион адамға дейін, яғни 23 процентке өседі деген болжам бар. Сонымен қатар егде жастағы адамдар саны 41 процентке, яғни 1,9-дан 2,8 миллион адамға дейін көбеюі мүмкін. Осы тұрғыда отандық денсаулық сақтау саласы тұрғындардың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуі тиіс.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін қосымша құралдарды енгізуді қарастырады, яғни, өз тарапынан азаматтардың әл-ауқатын жоғарылату мен Қазақстандағы өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.


Еркін ҚАЛДАН




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31