Әлеумет

Павлодарда 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік жағдайы түзелді

  • Павлодарда 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік жағдайы түзелді

    Павлодарда 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік жағдайы түзелді

Жыл басынан бері Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге күш салған. Олардың ішінен шамамен 1,5 мың адам жұмысқа орналастырылып, кәсіптік оқытуға жіберілді.


Азаматтардың әлеуметтік мәртебесінің өзектілігі – бұл кепілдендірілген әлеуметтік төлемдердің түсуі және лайықты зейнетақымен қамтамасыз етілуі яғни елдегі экономикаға бейресми жұмыс күшін тарту арқылы  жұмыссыздықты жою қазіргі таңда маңызды мәселе болып отыр. 


Егер азамат жұмыссыз болған жағдайда жұмыспен қамту орталығын барып ресми түрде тіркелу қажет. Жұмысшы еңбек келісім шартынсыз жұмыс атқаратын болса - жұмыс берушімен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеу қажет, ал жұмыс беруші бас тартқан жағдайда Павлодар облысының еңбек басқармасына жазбаша түрде жүгінуіне болады. Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін барлық азаматтар (жеке көлік, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) - Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына барып тіркеуге тұру қажет.


Азаматтар өздерінің әлеуметтік мәртебелерін Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығынан анықтай алады. Сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы барлық қажетті ақпаратты толық білуге болады. 


Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 9251 адам өтініш білдірген.


Жұмыспен қамту орталығында 2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны - 1368 адам.


Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 456 мүмкіндігі шектеулі адамдар өтініш білдірді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 456 адам қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмыс орнына-210 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға -214 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға-10 адам орналастырылды, жастар тәжірибесін өтуге 7 адам және кәсіби оқытуға 15 адам жіберілді.


Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:


Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады.


1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-231 адам)


2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-553 адам)


«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберіде шеңберінде, кәсіби және техникалық білімді іске асыру үшін аймақтық комиссия мүшелерімен 11 оқу орны анықталды, оқыту 19 мамандық бойынша 1 қырқүйек айынан оқыту басталды, жұмысқа қабылдау жоспары-231 қатысушы.


Қалалық комиссия мүшелерімен техникалық және кәсіби оқытумен қамтылған 232 қатысушының- 9,11 сынып түлектерінің тізімі бекітілді.


Мемлекеттік қолдау шаралары- тегін оқыту, шәкіртақы, ыстық тамақпен қамтамасыз ету.


Қысқа мерзімді оқытуға (3 айға дейін) 564 қатысушы немесе жоспардан 101,9 % жіберілді. 34 мерзімінен бұрын және 564 адам оқытуды уақытылы аяқтады. 377 азамат жұмыспен қамтылды. Қалған жұмыссыз азаматтар бүгінгі күні жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған (оқытуды аяқтау мерзімі 2017 жылдың 29 желтоқсан айы).


9 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды (тізім бекітілген). 2017 жылға-57,2 млн.теңге , есеп мерзіміне - 57,2 млн. теңге бөлінді, 56,8 млн. теңге (99,3%) игерілді.


Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (микроқаржыландыру).


Биылғы жылы Павлодар қаласы аймақтық комиссиясының жарлығына сәйкес, 17 адамға 276,9 млн теңге бөлінді.


2017 жылдың 2 тоқсанында «Бизнес – Кеңесші» жобасы шеңберінде бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, 24 бағдарлама қатысушысы оқытуды өтті.


«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Павлодар облысы кәсіпкерлік, сату және туризм басқармасы» ММ екінші деңгейлі банктермен келісім жасасты.


- АҚ «АТФ Банк» 50,0 млн.теңге сомасында;


- АҚ «Нұр Банк» 40,0 млн.теңге сомасында;


- АҚ «Халық Банк» 95,0 млн.теңге сомасында;


- АҚ «Сбербанк» 150,0 млн.теңге сомасында.


2018 жылғы 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша 208,5 млн. теңгеге 16 ықтимал қарыз алушы өз бизнесін кеңейту үшін микрокредитті алды.


Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 165,1 млн. теңге болатын 14 потенциалды қатысушының құжаттары бар, оның ішінде:


- микрокредитті мақұлдау үшін - 51,0 млн. теңге сомасында 4 қатысушы;


- микрокредитті қарастыруда - 114,1 млн. теңге сомасында 114 қатысушы;


Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:


1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, 220 кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 2218 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 5134 адам орналастырылды.


2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 520 адам, соның ішінде:


-ЖБ есебінен- 35,2 39,6 млн. теңге сомасына 400 адам.


-РБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 120 адам.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-593 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 224 адам, ЖБ -369 адам. 74,8 млн.теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 559 қатысушы немесе 94,3%.ие.


421 адам оқытуды аяқтады, оның ішінде 244 адам немесе 60% жұмысқа орналасты (2017 жылғы 29 желтоқсанда аяқталған 177 адам ға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі).


3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 240 адам, соның ішінде;


- РБ есебінен-23,9 млн. теңге сомасына 70 адам;


- ЖБ есебінен-44,5 млн. теңге сомасына 170 адам.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесі шеңберінде ұйымдастырылған жұмыс орындарға 252 түлек жіберілді. Соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-182 адам. . 68,4 млн. теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 252 қатысушы немесе 100%.ие. 214 түлек қатысуды аяқтады, 166 түлек немесе 78% жұмыспен қамтылды, қалған түлектерді жұмысқа орналастыру жалғасуда.


4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 800 адамға 133,7 млн. теңге бөлінді. 170 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. 2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, 914 адам қатысуға жіберілді, 133,7 млн. теңге немесе 100% игерілді. Сондай-ақ, биылғы жылы Бағдарлама бойынша этникалық қазақтардың «Оралмандардын» көшуіне, құрамы 74 адамнан тұратын 26 отбасына 3,4 млн. теңге сомасында субсидиялау беру көзделуде.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдайы бойынша құрамы 47 адамнан тұратын 15 отбасына 3,4 млн. теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия төленген (Алматы облысы, Арқалық ауданы - 1 отбасы, Ресей - 5 отбасы, Өзбекстан - 2 отбасы, Қытай - 3 отбасы, Моңғолия - 3 отбасы, ОҚО, Сырдария ауданы - 1 отбасы). Субсидияның мөлшері - 35 АЕК (2017 жылға АЕК - 2269 теңге) немесе отбасы мүшесіне 79415 теңге.


Аймақтық квотаға кірген оралмандар мен қоныстанушылар үшін, құрамы 74 адамнан тұратын, 15 отбасыға 2,3 млн. теңге коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындары үшін субсидия бөлінген.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындарын өтеу үшін құрамы 36 адамнан тұратын 11 отбасыға 2,3 мың теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия бөлінген.


Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.


Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.



Шұғыла Кәрім


Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 11:25
    Кәсіпкер болам десеңіз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30