Сәлем салған келін Аллаға серік қосушы емес

Сәлем салған келін Аллаға серік қосушы емес

Исі мұсылман дәл осы сәт қасиетті Құрбан айтты күтіп, әрі Меккеде қажылық парызын өтеу үстінде. Әлемдік діндер арасын татулыққа ша­қырған елімізде діни мәселелер мен қайшылықтар жоқ емес. Өзге мақ­саттағы секталарды айтпағанда, өз ішімізде дәстүр мен діннің арасында қан­шама түсініксіз сұрақтар кезіп жүр. Мәселен, «Мазхаб ұстанған жөн бе?», «Намаз оқығанда «Әминді» дауыстап айту керек пе?», «Музыка ха­рам ба?» Келіннің беташарда сәлем салғаны Аллаға серік қосу емес пе?», «Аруақтарға Құран бағыштауға бола ма?», «Шалбардың ба­лағы тобықтан асса, күнә ма?» деген сынды болмашы сұрақтар мұсыл­ман­дыққа бет бұрған бауырлардың арасында алауыздық туғызып, тіпті бір елдің ішінде бір ғана исламның өзін түр-түрге, ағымдарға бөліп, жік сал­ды.
Осы тұста «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайда қарап, не біті­ріп отыр?» деген де пікірлер жиі ұшы­ра­сады. Шариғат ілімін зерттеп жүрген дін­та­нушы, ҚМДБ уағыз-насихат және ин­тер­нетпен жұ­мыс бөлімінің меңгерушісі Қай­рат Жол­ды­байұлы үстіміздегі жылы қа­лың оқырман на­зарына «Дін мен діл» атты кітап ұсынды. Онда жоғарыдағы сұрақтарға Құ­ран мен Пай­ғамбар хадистеріне, сосын ис­лам ғалым­да­рының еңбектеріне сүйене оты­рып, ай­шық­ты дәлелдермен жауап бе­рілген.
Қазақта «дәстүрдің озығы мен тозығы бар» деген мәтел бар. Демек, қазақы салт-дәс­түріміздің барлығына «харам» деп қа­рауы­мыз қазақылығымызға жат, исламға да қайшы. Бұл туралы Құранда: «Әй, адам ба­ласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйел­ден (Адам, Хауадан) жа­раттық. Сондай-ақ бір-біріңді тану­ла­­рың үшін, сендерді ұлт­тар, рулар қыл­дық. Шы­нын­да, Алла­ның қасында ең ардақ­ты­ларың – тақуа­ла­рың. Шексіз Ал­ла то­лық білуші, әр нәр­седен хабар алу­шы» (Хұжрат сүресі, 13-аят). Алланың өзі қа­сиет­ті Құран Кәрімде адам баласын ұлт пен руға бірін-бірі танып-білуі үшін жаратқанын айтады. Демек, ұлт болған соң, ұлтқа тән түр-келбетіміз, салт-дәстүріміз, ұлттық өнеріміз, дәстүрлі музы­ка­мыздың, ең аяғы ұлттық киіміміздің де бо­лары хақ. Әйтпесе қытай, жапон, кәріс се­кіл­ді шығыс халық­та­рының түрлері ұқсас, алай­да діні бөлек қой. Дәстүріміздің, мә­дениетіміздің алға қо­йылар тұсы да – осы. Ал олардың ішінде ша­риғатқа қайшы кел­мей­тінін қолдану еш әбес­тік емес. Керісінше, ұлтымызға деген Ал­ла алдындағы құрметіміз. Ендеше осы­лар­дың етек жайып, көкейкесті бол­ғандарына тоқталсақ.
«Құран – тек тірілер үшін, өлгендерге пайдасы жоқ» деушілер табылып жүр
 «Құранды аруақтарға бағыштауға бол­майды, ол тек тірілер үшін түсірілген» деп жүр­­гендер бар. Соңғы уақытта Құранды ақ ма­таға орап, қастерлеп төріне іліп қою­шы­лар көбейді. Құранға адам қайтыс бол­ған­да, ас бергенде, зират басына барғанда ғана оқылатын кітап деп түсіну – қате. Ол – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген ақы­ретке дейінгі адам баласының рухани да, мате­риал­дық да, әлеуметтік, қоғамдық өмі­ріне қа­тыс­ты бүкіл сұрағына жауап бере­тін қа­сиетті кітап. Сондықтан іздеген сұ­ра­ғымызға жа­уапты да содан алып, жа­нымызда бой­тұмардай ұстап жүру, күн­де­лікті тіршілікте қол­дану тек пайдасын ғана ти­гізбек.
Бұл туралы жоғарыда айтылған Қайрат Жол­дыбайұлының «Дін мен діл» кітабында бұл сұраққа дәлелді жауап берілген: «Әбу Ха­нифа алғашқыда қабір басында Құран оқу­ды мәкрүһ (тыйым салу. автор) санаған. Са­­хаба Абдуллах ибн Омардың зират ба­сын­да «Бақара» сүресінің алғашқы және соң­ғы аят­тарын оқығандығы жөнінде риуаят­тан хабардар болғаннан кейін, ол ойынан қайтқан...Ибнул-Қаййм әл-Жаузия «Рух» атты кітабында былай делінген: «Өлі­ге бағышта­ла­тын істердің ең абзалы – са­дақа, өлі үшін дұға жасау, кешірім сұрау және қажылыққа бару. Ал Құран оқып, ба­ғы­штауға келетін болсақ, оны ақысыз оқып, бағыштаған жағдайда сауабы өліге тие­ді».
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Өлілеріңе «Йа­син» сүресін оқыңдар!» деген (Мағқал ибн Ясардан жеткен хадис Әбу Дәуідтің кіта­бынан).
Ислам діні – бейбітшілік діні, сондықтан шариғат заңдылықтары тек адалдық пен имандылыққа, бейбітшілікке үндейді. Олай болса, үлкенге құрметті, әсіресе, ата-ананы қастерлеуді алға қоятын исламда қазақы дәс­­түр бойынша жаңа түскен келіннің үлкен­дер­ге «сәлем салуы» қалайша Аллаға серік қо­су болмақ? Жүйрік әрі сыйлы адамға ба­ланың «тұсауын кестірту» де харам да, серік қосу да емес. Үлгі боларлықтай адамға ұқса­сын, өмір жолы да, мінезі – сол кісінікіндей жа­ғымды болсын деген ниетпен істелетін тәлім­ді іс. Ал қазақтың жүріп өткен жолы мен тарихынан сыр шертетін «тәтті» күйлері мен «көңілге түрлі ой салатын әсем әндері», ма­ғыналы да мазмұнды ұлттық музыка өнері қа­зақты азғырып, аздырмайды, керісінше, Абай­ша айтсақ, «есті өнер» тыңдаушының кө­ңілі мен жүрегін нұрлан­дырады. Бұзық ойы мен азғырар қасиеті жоқ дәстүрлі ән мен күй қалайша «харам» болмақ?!

Түйін: Алла елшісінің (с.а.у.): «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниет арқылы бағаланады» (Әл-Бухаридың кітабынан Әбу Хафс Омар ибн Әл-Хаттабтан жеткен хадис). Ендеше кез келген істе алдымен Алланы еске ала отырып, Құранда айтылған тыйым салынған дүниелерден аулақ болып, жақсылыққа ниет етсек, Алла да ниетімізге қарамақ.
Адамзат үшін жарқын да жалғыз үлгі – Мұхаммед Пайғамбар болса, қазаққа үлгі болған – Абай атамыздың:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», деген өлең жолдарын қаперде ұстау ләзім. Алла сөзі – Құраннан ғибрат алған жан тасада қалмасы анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста