Ассамблея

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына 15 жыл

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына 15 жыл

    Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына 15 жыл

Бүгінгі күні Қазақстан десе Әлем елдері тұрақтылық пен татулықты ту еткен, Қазақстанда ғана емес жер бетіндегі барша адамзатқа өзара түсіністік пен бейбітшілікті насихаттайтын, барша елді ынтымақтастыққа шақыратын ел ретінде таниды. Бір шаңырақтың астында 120-дан астам ұлт пен ұлысты, 17 конфессияны айрандай ұйытып отырған, үш жыл сайын Елордамыз Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосып, өзара сенім мен түсіністікке негізделген диалог құруға ұйытқы болып отырған еліміздің басты ұстанымы сөзбен ғана емес ісімен де дәлелденіп тұрғандай.

Күн өткен сайын қоғамдағы діннің рөлі артып келе жатқанын сезінген Елбасымыз 2003 жылы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу туралы бастама көтерген болатын. Содан бері аталмыш жиын елімізде тұрақты түрде өткізіліп, дін көшбасшыларын бірлікке шақырып, дінге қатысты мәселелердің тиімді шешіліп, халықаралық ынтымақтастыққа жол ашылып, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстардың алдын алуға ықпал етуде. Ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысатын форумның уақыт өткен сайын абыройы артып, беделі өсе түсуде. Ал Астанамыз бірлік пен біртұтастықты бекемдеген мемлекетіміздің ордасы ретінде, бейбітшілік пен келісімнің алтын тұтқасына айналып келеді.

Айта кетер жайт еліміздің ұстанымын бүгінде халықаралық сарапшылар, беделді халықаралық ұйымдар өте жоғары бағалайды. Өйткені бүгінгі күні ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтаудың маңызы зор екенін, бейбіт өмір жоқ жерде берекелі өмір, мемлекеттің дамуы, экономикалық гүлдену болмайтынын уақыт көрсетіп отыр. Сондықтан бүгінгі күні біздің еліміздің ұстанымы әлем елдеріне үлгі болуда.

Негізі әлем бойынша таралған барлық діндердің ортақ диалогын құру туралы бастама қолға алынып, 1986 және 2002 жылдары Италияда арнайы жиын өткен. Алайда бұл басқосу ары қарай тұрақты түрде дәстүрге, диалог алаңына айнала алмаған. Сондықтан 2003 жылдан бастап, үш жыл сайын еліміздің тұрақты түрде әлемдегі діндерді татулыққа шақыратын диалог алаңына айналып, әлемдегі діндердің көшбасшыларын елімізде жинай алуымыз еліміз үшін зор мақтаныш. Биыл алтыншы рет өткізілгелі отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кездесуіне 15 жыл толып отыр.

Әлемде түрлі оқиғалар орын алып, пікір қайшылықтары және өзара келіспеушіліктер болып жатқанына қарамастан, дін өкілдері ортақ диалог алаңында әлемді алаңдатқан мәселелерді талқылап, діни мәселелерді ортаға салып, келісімге келуге ұмтылады. Бұл кездесудің жыл өткен сайын әлем бойынша маңызды жиынға айналып келе жатқанының айқын көрінісі, бүгінгі күні оның аудиториясының кеңейе түсуі.

Мәселен ең алғаш 2003 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынына әлемнің 13 елінен 17 діни ұйым өкілдері қатысқан. Ал, 2006 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ құрылтайына әлемнің 26 елден 29 өкіл келсе, 2009 жылғы ІІІ съезде 35 елден 77 арнайы делегация келген. Кезекті 2012 жылы өткен IV съезде 40 елден 85, 2015 жылғы V съезде 42 елден 80 делегация бас қосты. Сондықтан биылғы құрылтай осы дәстүрден жаңылмай келетін қонақтар саны жағынан өсе түсетініне күмән жоқ. Жыл өткен сайын әлем елдерінің назарын аудартып, қызығушылығын тудырып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиыны келелі мәселелер шешу жағынан да маңызды. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық ұйымдар елімізде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан дін көшбасшыларының басқосуына жоғары баға беріп, қолдау білдіруде. Үш жыл бұрын өткен дәстүрлі жиынға БҰҰ-ның сол кездегі бас хатшысы Пан Ги Мунның арнайы өзі келіп қатысуы басқосу беделінің жыл өткен сайын артып келе жатқанын көрсетсе керек. Осыған дейін ұйымдастырылған мұндай басқосулардың бірде бірінің осы кезге дейін осынша құрамдағы әлемдік және дәстүрлі діндердің ең беделді басшыларының басын қоса алмағанын ескерсек елімізде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуының әлем назарын аудартып отырғаны байқалады.

Сонау ең алғаш 2003 жылы өткен басқосуда сөз болған мәселелерден бастап, 2015 жылғы кездесуде көтерілген мәселелерге қарап, аталмыш жиынның көтерер жүгі де айтарлықтай болғанын аңғарамыз. Мәселен, алғаш өткен құрылтайда экстремизм, терроризм, дінге жала жаппау мәселелері көтерілсе, екінші рет өткен съезде Таяу Шығыс пен сол кездері соғыс жүріп жатқан Ирак елдерін бейбітшілікке шақыруға бағытталған. Ал ІІІ съезде сол кездері дүниенің әр бұрышын шарпып тұрған лаңкестік әрекеттердің алдын алуға арналған. 2012 жылы өткізілген дін көшбасшыларының IV съезінде дін көшбасшыларының тұрақты дамуы, дін және мультикультурализм, дін және әйел, дін және жастар тақырыптары талқыланған. Ал 2015 жылы өткен V съезде «Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» тақырыбында діни көшбасшылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі, моральдық рухани құндылықтар, әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік, қоршаған орта және үйлесім, диалог және әсіресе дағдарыс кезіндегі ынтымақтастық, діннің жастарға ықпалы, дін мен саясат ықпалдастығы, өзара диалогтың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі жайында мәселелер талқыланған. Сол кезеңдегі әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелердің тиімді шешілуіне, алдын алуға ықпал еткен діндарлар басқосуы биыл да сол биіктен көрінері анық. Биыл 10-11 қыркүйек күндері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбына арналып отыр. Арнайы діндер съезіне арналып, Бас қалада тұрғызылған Бейбітшілік және келісім сарайы әлемдік мәселелердің тиімді шешілуіне мұрындық болып отырғаны, Елордамыздан әлемдік біртұтастық пен бейбітшіліктің бастау алып жатуы еліміз үшін зор абырой.

1991 жылы 29 тамызда Тәуелсіздік ала сала бүкіл адамзат баласының амандығы үшін Семей ядролық сынақ полигоны жауып, артынша ешбір елде жоқ, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың басын біріктіретін, біртұтастыққа шақыратын бірегей институт Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрған еліміздің ширек ғасыр уақыт ішінде әлі күнге ұстанымының өзгермеуі, тек әлемдегі барша адамзатты тыныштыққа, береке бірлікке, бейбітшілік пен біртұтастыққа, татулыққа шақыруы еліміздің еңсесін биіктеті түсері анық. Еліміз толеранттылық саясатын ұстану арқылы конфессияаралық және ұлтаралық татулығымен барша адамзатқа, әлем елдеріне үлгі болып отыр.

Айта кетер жайт, осы уақытқа дейін еліміздегі діни мәселелерді де тиімді шеше алуымыз, 40-тан астам конфессия өкілдері арасындағы татулықты сақтай алуымыз, экстремизм мен терроризм мәселелерінің дер кезінде ауыздықталып отыруы еліміздің бұл салада айтарлықтай тәжірибе жинай алғанын көрсетеді.

Осы уақытқа дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес съезді барлық ұстанымға ортақ құндылықтар бар екенін дәлелдеп берді. Сондай-ақ барлық діннің бітімгершілік күші кез келген қоғамдағы жанжал-қақтығыстардың, төзімсіздік пен радикализмнің алдын алуға мүмкіндік жасай алатынын, мәдениеттер мен өркениеттер диалогының жаһандық үдерісінің дамуында діннің маңызды рөлге ие екенін көрсетті. Елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезд шешімдері басқа елдер тарапынан да қолдау тауып жатыр. Әлемдік діни конфессиялардың, мемлекеттер мен үкіметтердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мәдениетаралық диалогты ілгері жылжыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын көрнекті ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен көрнекті саясаткерлердің қатысуымен өткізілетін, дінаралық диалогты ұйымдастыруға ықпал ететін съездің біздің қоғамымызға ғана емес, әлем елдеріне, барша адамзат баласына берері мол екенін еріксіз бағамдайсың...


Сәмет Оқан

 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 01:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 22:13
    Ассамблея және медиация
    7 Қыркүйек, 12:34
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31