Ассамблея

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

  • Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматыдағы Достық үйінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай және республикалық «Қамқор» акциясының аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.


Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен сұрапыл жылдары өмірге келген қариялар шақырылып, мерекелік дастарқаннан дәм татты. Қазыналы қарттар жиналған жастарға өткеннен сабақ алып, татулық пен бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауға үндеді. Ал өнерлі жастар майдангер ата-әжелеріне арнап, арнайы концерт қойып, ақ баталарын алды. Ұлы Отан соғысының ардагері: Бейсенғали Жұбаниязов "1943 жылдан бастап аяғына дейін болдым. Батыс фронт сонда Калинин, Смоленск бағытында болдым. Ухапчин деген қаланың түбінде жарақат алдым. Госпительде көп емделіп, қайтадан шығып, Кольский жартыарал деген жерге кеттік. Сонда соғыстың аяғына дейін болдым. 1950 жылы қайтып келдім" дейді. Жеңіс үшін жанын берген бабалар ерлігі ұмытылмақ емес. Іс-шараның ұйымдасытырылуына мұрындық болған  Алматы қала әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жанат Мұрынова Осы айдың екісінен бері Алматы қаласындағы 86 соғысқа қатысқан ардагерлерді үйлеріне барып құттықтадық. Жақсы күймен, жақсы көңілмен қарсы алды. Ең жасы қазір 92-де - дейді. 


Қала көлемінде қайырымдылық шарасы әлі де жалғаса бермек. 


Еркенұр ЕРЗИЯ


 




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 01:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 22:13
    Ассамблея және медиация
    7 Қыркүйек, 12:34
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31