Ассамблея

Бес бастама – әлеуметтік серпіліс

  • Бес бастама – әлеуметтік серпіліс

    Бес бастама – әлеуметтік серпіліс

Талдықорған қаласы, Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні өтті.


Дөңгелек үстел отырысына Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық «Нұр Отан» партиясы, ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер төрағалары, ғылыми-сарапшы топ, жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.


Жиынға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұсынбайұлы төрағалық етті.


Күн тәртібінде Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылау болды.Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі. Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы бағдарламаға ерекше тоқталып, "Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Тұрғын үйге қолжетімділік деген дер кезінде қабылданған өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талап қойғаны барша жұртшылықты қуантқанын" айтты.


«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы  Президенттің бес әлеуметтік бастамасын кеңінен түсіндіріп, әрбір бастаманың елдің экономикалық дамуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үлкен және өте жақсы ойластырылған жұмыстардың нәтижесі.


Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы – Қоғамдық келісім кеңесі барлық аудандарда көшпелі кездесулер өткізді, сондай-ақ Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқыға салғанын жеткізсе, 


Облыстық «Огни Алатау» газетінің редакторы, ҚХА төрағасының орынбасары, жетекші журналистер клубының төрағасы Идигов Атсалим Саламович – Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біздің мемлекет әрдайым әлеуметтік бағдарға ие болды. Сондықтан екі ұзақ мерзімді стратегияларда және Елбасы барлық жыл сайынғы Жолдауында халықты қолдау бойынша нақты шаралар қарастырылды. Оларды кезең-кезеңмен іске асыру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді. Тіпті дағдарыс кезеңінде де бұл курс өзгеріссіз қалды. деп жиынды қортындылады. 


Еркенұр ЕРЗИЯ


 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 01:20

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31