Ассамблея

Бірлігі мықты елдің болашағы жарқын

  • Бірлігі мықты елдің болашағы жарқын

    Бірлігі мықты елдің болашағы жарқын

Жақында Атырау облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко өңірде келелі кездесу жасап, Ассамблеяға қатысты бірқатар мәселелерді талқыға салды. Соның ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы бағдарламасының жүзеге асу жайы мен бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар барысы сөз болды.

Аталмыш жиынға Атырау облысының ҚХА мүшелері, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері мен жергілікті басқарушы билік өкілдері, мемлекеттік орган басшылары мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Жиында еліміздегі этномәдени орталық мәселелері, Ас­самблея институтын дамыту, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың ел ішінде жұмыс істеу барысын талқыланды.
Еліміздің экономикасына зор үлесін қосып отырған аймақтың жетістіктерін атап өткен Леонид Прокопенко Мемлекет басшысының Қоғамдық келісім кеңес­терінің алдына қойған міндеттері туралы айта келе, кездесуге қатысушылардың назарын Қазақстан дамуының маңызды шартына аударды. Бұл – халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету, оның бірігуі, елімізде барлық әлеуметтік-саяси экономикалық реформалар жүргізу үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко – Биыл ассамблея жұмысын жандан­дыру бағытында «ҚР Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы заңға өзгертулер ен­гі­зілді. Мұнда этномәдени бірлестік өкілдерін мемлекеттік қолдау мақсатында жаңа норма пайда болды. Осыған бай­ланысты ең алғаш рет еліміздегі этно­мәдени бірлестіктер қоғамдық аккре­дитациядан өтетін болады. Аккредитация ережесін қараша айында әзірлеуді жос­парлап отырмыз. Сондықтан келесі жылдың бірінші жартыжылдығында – өңір­лік, екінші жартыжылдығында рес­­пуб­­ликалық этномәдени бірлестіктер аккредитациядан өтетін болады. Бұл өзгерістер рухани жаңғыру, этносаралық қарым-қатынасты жетілдіре түседі. Ассамблея өкілдері басым бағыттардың барлығына атсалысулары қажет. Биылғы қарашада Солтүстік Қазақстан облысында республикалық Қоғамдық келісім кеңесін өткізбекшіміз. Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру, қоғамдық бақылау мәселесі талқыланатын болады. Бұл халықтың аз қамтылған топтарына салық жүктемесін азайтуға, жатақханалар құрылысын салуға, білім беру гранттарын бөлу тиім­ділігіне қатысты дейді.
Оның айтуынша, жастармен жұмысты жандандыру, бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру бағытындағы жұмыс­тар жүргізілуі тиіс. Қазақстан халқы ас­самблеясының «Ұлы дала елі», «Қазақ­тану», «100 жаңа есім» жобаларының маңыздылығына тоқталған Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орын­басары Л.Прокопенко «Қайырымдылық керуені» жылдың дәстүрлі қорытынды шарасы биыл Атырауда өтетінін, аталған форум барысында жаңа жобалардың таныстырылымы болатынын мәлім етті. Жиында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында өңірде қандай жұмыстар атқарылуда екенінен ақпараттандырды. «Өңірімізде «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша бастапқы ипотекалық тұрғын үй сатып алу механизмі табысты қолда­нылуда. Облыстағы үш жоғары оқу орны жатақханамен қамтамасыз етілді. Биылғы білім күні Д.Нұрпейісова атындағы Ха­лық­тық музыка академиясы, Атырау му­зыка колледжі студенттері үшін бір жа­тақхана аштық. Аймақта 2020 жылға қа­рай студенттер үшін жатақханадан орын беру мәселесі толықтай шешілетін болады. 2017 жылы облыста 222, биыл 247 білім беру гранттары берілді. Біздің барлық жұмы­сымыз Мемлекет басшысы қойған мін­деттерді шешуге бағытталған» деді өз кезегінде Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар кездесуде жақын арада жаңа Достық үйінің құрылысы бас­талатыны да айтылды. Жобалау-сметалық құжаттама толық аяқталып, жоба мем­лекеттік сараптамадан өткізілуде. Жаңа Достық үйінің жобасы облыстың 19 этно­мәдени бірлестігінің өкілдерімен таңдап алынғаны атап өтілді. Бүгінде өңірде Атырау облысының ҚХА-ның 87 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 75 аналар кеңесі, 1 ғылыми-сараптамалық топ, журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы бар. Осы жылы Қазақ­стан халқы ассамблеясының облыстық филиалы екі мыңнан аса іс-шара өткізді. Кездесуде Қазақстан халқы ас­самблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко жергілікті этно­мәдени бірлестік жетекшілерінің ұсыныс-пікірлерін де тыңдап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Видергебурт» неміс этномәдени бірлес­тігінің төрағасы Олег Шмальдің ұсынған жобасына қолдау білдірді. Жиын соңынды өңірде атқарылып жатқан шараларға жиылғандар жоғары баға беріп тарқасты.


Еркенұр Ерзия


Көрілген: 258    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 22:13
    Ассамблея және медиация
    7 Қыркүйек, 12:34
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30