Ассамблея

Қайырымдылық жасау жұмыстары жетіле түсуде

  • Қайырымдылық жасау жұмыстары жетіле түсуде

    Қайырымдылық жасау жұмыстары жетіле түсуде

Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалады екен. "Қайырымдылық жасау ардың ісі" деп көпшілік адамдар онысын жасырғанымен, осы бағытты зерттеуші сарапшы мамандар еліміздегі жергілікті халықтың қайырымдылық жасау әдетіне айналғанын жасырмайды.


Қазір осы құбылыстың нақты қашан пайда болғанын дөп басып айту тіпті, мүмкін емес. Сондықтан, көмек көрсетудің қажеттілігі көптеген мыңжылдықтар бойы қалыптасқан деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Ал бүгінде өтеусіз жасалатын мұндай көмектер кез келген қоғамда, кез келген әлеуметтік-мәдени қауымда молынан кездеседі. Әйтсе де қайырымыдылық жасаудың үздік модулін қалыптастырып отырған Қазақстан қоғамында қайырымыдылық жұмыстары Ассамблеялықтар арқылы да көрініс тауып отырғаны жасырын емес.


Елімізде жасалатын қайырымыдылық жұмыстарына көз салсақ, КСРО тарағаннан кейін қайы­рымдылық бірлестіктері­нің функцияларын атқарып тұрған мекемелер кешені өз қызметін тоқтатты. Дегенмен уақыт өте қайырымдылық практикасы қалпына келтірілді, қоғам сұранысына сай бейімделді. Және бұл істе Қазақстан жеріне өзінің тәжірибесін алып келген шетел компанияларының рөлі аз емес. Олар қайырымдылық бағытындағы өз ұсыныстарын ұсынып қана қоймай, бұл бағыттағы жұмыстарды дамытуға да сеп болды. Уақыт өте келе ең алғашқы аса күрделі қайырымдылық жобалары пайда болды. Қазіргі таңда Қазақстанда қайы­рымдылық қызметпен кез келген адам айналыса алады.


Мемлекет басшысы Үкіметпен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, барлық өңірлердің әкімдерімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында елдегі барлық қайырымдылық акция­ларын үйлестіру мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын. нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы талай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Қайырымдылық шаралары Ассамблеяның жұмыс бағыттарының бірі деп танылғаннан кейін  «20 игі іс» әлеумет­тік акциясының шеңберіндеталай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.  Дегенмен де, Қазақстандағы қайырымдылық институты әлі де қалыптасу үстінде. Бұған қазіргі осы мақсатқа жұмсалған шығынның көлемі мен қоғамның көзқарасы куә. 


Өткен жылы ол ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты әрі этносаралық қарым-қатынасты жетілдіре түсуге байланысты «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігі айтылды. Қазіргі таңда бұл заң жобасы Елбасының қарауында жатыр. Заң бойынша енді бір облыстың деңгейінде жұмыс істейтін этно-мәдени бірлестіктер жергілікті, ал 8 облыста жұмыс істейтін этно-мәдени бірлестіктер республикалық болып саналады. Содан кейін көптеген жылдар бойы тіркеліп, бірақ іс жүзінде нақты жұмыс атқармай отырған этно-мәдени бірлестіктер жұмыстарына талап күшейтіледі. Олар қоғамдық аккредитациядан өткізіліп, бұл олардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Заңға енгізіліген өзгерістерге сай, енді қайырымдылық жұмыстары да жаңа сарынға ие болады дейді мамандар.


Еркенұр Ерзия 


 




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31