Қазақстанда қайырымдылық дамып келеді

Қазақстанда қайырымдылық дамып келеді

Елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалатынын байқаймыз. Халқымыздың қанына сіңген қайырымдылық қасиеті еліміздің басына қандай күн туса да үмыт қалған емес. Сонау қиын қыстау заманда өзі бір үзім нанға зар болып отырса да, қиын қыстау күндер басына туған талай кәріс, әзірбайжан, тәжік, неміс секілді талай ұлтқа құшағын айқара ашып, бір бөлмелі үйінің бір бұрышынан орын тауып берген. Ал бүгінде ұлтымыздың бір бөлшегіне айналып отырған, бүгінде ұрпақтары бір қауым елге айналған, өзге ұлт өкілдері қазақ халқына осы бір кең пейілі үшін разы.

Ал кезінде қазақ халқының өздеріне көрсеткен қайырымды мінезін өзге ұлт өкілдері бүгінде өздеріне сіңірген. Сондықтан Ассамблеяның бір жұмыс бағыты ретінде қайырымдылық қызметі жедел дамып келеді. Елімізде қайырымдылыққа қатысты заң да қабылданды. Қазіргі уақытта қайы­рым­ды­лық туралы заң әлемдегі көп­теген елдерде бар. Тіпті, мұндай құжат Түрік­менстан, Тәжікстан, Өзбекстанда да қолданылып келеді. Біле-біл­сек, дәл қазір ол аса қажетті заң­дардың бірі. Атал­мыш құжат қайы­рым­ды­лық сала­сындағы құқық­тық қа­тынас­тардың сипа­тын ай­қын­дайды, сондай-ақ, қайы­рым­дылық қыз­метпен айналысатын ұйымдар үшін мемлекеттік қолдау нысандарын белгілейді. Алайда, қайырымдылыққа қатысты осынау маңызды құжат Қазақстанда бұдан 15 жыл бұ­рын әзірленіп қойылғанына қара­мастан, күні кешеге дейін қабыл­данбай келді. Тек 2015 жыл­дың 16 қарашасында ғана Мемлекет басшысы Бес инс­титуттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асы­руға және қайырымдылыққа, оны ынталандыруға арналған құ­қықтық негіздер құруға бағыт­талған «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл заң қайырымдылық саласында туындаған қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның мақсаты қоғамдағы қайырым­ды­лықтың рухани-адамгершілік құн­ды­лық­тарын қалыптастыру, қолдау және нығайту жолымен қоғам­ның өзіндік ұйымдас­тыру­ын дамытуға ықпал ету болып ­табылады. Алайда, жақсы заңды қабыл­дау – бұл істің жартысы ғана. Енді осы құжат еліміздегі қайы­рымдылықты жандандыруға, қазақстандық қайы­рымдылық дәстүрлерін жаң­ғыртуға және сол арқылы азамат­тық қоғамның шоғырлануын қамта­масыз етуге көмектесуі тиіс. Заңда ерекше рөл Қазақстан хал­қы Ассамблеясына бе­рі­л­ген. «Қайырымдылық туралы» ҚР Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін нығайту мақсатын­да елде қайырымдылықты дамыту­­ға жәрдемдесіп, қайырымдылық ­саласында үйлестірушілік және өзге де қолдау істерін жүзеге ­асыруы тиіс.

Бүгінгі күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміз бойынша отыз мыңнан артық іс шараға ұйытқы болса, оның елеулі бөлігі қайырымдылық бағытын қамтиды. Жалпы ресми сарапшылардың есебі бойынша, Қазақстанның қайырымдылық нарығы жылына 300-400 млн теңгені құрайды екен.Жалпы елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалады екен. Тұрмыс салтымызға сай оны көпшілік адамдар жасырғанымен, осы бағытты зерттеуші сарапшы мамандар еліміздегі жергілікті халықтың қайырымдылық жасау әдетіне айналғанын жасырмайды. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, қазақ халқының қайырымдылық қасиеті елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдеріне де «жұға» бастағанын осыдан аңғарамыз. Қайырымдылық жасаудың үздік модулін қалыптастырып отырған Қазақстан қоғамында қайырымдылық жұмыстары ассамблеялықтар арқылы тіпті жандана түскенін байқаймыз. Жалпы қазақстандықтардың қайырымдылық жасау ідетіне айналған, жұмыла жасайтын тірлігіне айналғанын түсінеміз.

Қорытындылай келе, қайы­рымдылық тек қоғамда әлеуметтік ынтымақтастық атмосферасын құру үшін ғана маңызды емес екенін атап өту қажет. Қайы­рымдылық Қазақстанның бола­шағы үшін өте маңызды болып табылатын экономикаға әлеуметтік сипат беретін әкімшілік тәсілмен либералдық-нарықтық балама болуы әбден мүмкін. 

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста