Ассамблея

Қоғамдық келісім кеңестері - игі істердің мұрындығы

  • Қоғамдық келісім кеңестері  - игі істердің мұрындығы

    Қоғамдық келісім кеңестері - игі істердің мұрындығы

Бүгінде қазақ жерінде 140 этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүруде. Жаһандық экономикалық дағдарысты жеңу, ел алдында тұрған келелі міндеттерді іске асыру барысында қолға алынған қыруар тірліктерді бірлесіп атқарудамыз.

Елбасымыздың көрегенділікпен жүргізіп отырған саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі биіктерді бағындырып, дамудың даңғыл жолына түсті. Ең бастысы- бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшыныстың басымдығының арқасында әлемдік дағдарысты жеңудеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың конституциялық және азаматтық құқықтары мен еркіндігі толық сақталынған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті-этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап, дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтардың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Аталмыш ұйым бұл мақсаттарды жоғары деңгейде орындауда.

“Ұлы Дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих этностық алуандылық-біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз-Ел бірлігі болуы керек.

Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз” деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі таңда ауданымызда тұрып жатқан отыздан астам ұлт өкілдері де елдегі бірлікті нығайтып, ынтымағы жарасқан қазақ елінің берекесін арттыруға өз үлестерін қосуда. Ассамблея жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің де маңызы зор!


 Қазақстан халқы Ассамбеясының эгидасымен қоғамдық келісім Кеңестері консультативтік-кеңестік органдар ретінде барлық аймақтарда құрылған.


Қоғамдық келісім Кеңестерінің мақсаты – Қазақстанды дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету бойынша мемлекет пен қоғамның күштерінің бірігуін қамтамасыз ету, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, реформалар бағдарламасын орындаудың басты шарты ретінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.


Қазіргі уақытта бүкіл Республика бойынша 1470 қоғамдық келісім Кеңесі жұмыс істейді.


Кеңестер құрамы ҚХА қағидаты бойынша қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатарынан құрылады.


Сондай-ақ қоғамдық келісім Кеңестерінің құрамына ақсақалдар, аналар кеңестері, азаматтық қоғамның өзге де институттары мен қоғамдық бірлестіктердің асооциациялары енгізілді.


Қоғамдық келісім Кеңестері өз жұмысында тұрғындар үшін маңызы бар экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің кең спектрін қамтиды.


2014 жылғы талдау деректері бойынша Кеңестер жұмысымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, экологиялық және өзге де мәселелердің кең спектрі бойынша 50-ден астам түрлі бағыт қамтылған.


Жалпы алғанда, қолданыстағы форматта Елбасы тапсырмасының контексінде қоғамдық келісім Кеңестері бірқатар функциялар орындай алады:


азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің барлық құрылымдарын біріктіру және құрылымдық салада қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелері бойынша олардың жұмысын үйлестіру;

облыс, қала, аудан жұртшылығының кез келген көкейкесті мәселесін талқылауға, сондай-ақ құрылымдық шешімдерді дайындауға және қабылдауға әмбебап диалог алаңы болуға;

аса маңызы бар мәселелерді ашық және жария түрде талқылау, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізу;

түрлі конфигурация мен форматта азаматтық қоғам иснтитуттары мен биліктің өзара байланысын қамтамасыз ету;

жергілікті атқарушы органдармен орындарда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау жасау;

тұрғындар мәселесіне мониторинг жүргізу;

тұрғындар мәселесінің артикуляциясын қамтамасыз ету, аса қоғамдық маңызды бастамаларды, жобалар мен ұсыныстарды қолдау және бастама жасау;

кез келген сипаттағы көкейкесті мәселе бойынша қоғамдық бәтуаластықты ұйымдастыру.

Қоғамдық келісім Кеңестерінің міндеттері:


тұрғындар, азаматтық қоғам инстиутттары мен жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың облысты және жергілікті қауымдастықты дамыту мәселесін шешуде «ашық үкіметтің» механизмін қалыптастыру процесіне және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен шешім қабылдау процесіне азаматтарды тарту мәселелерін шешуде өзара байланысын қамтамасыз ету;

қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ аймақтық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдар және қоғамдық институттар арасында өзара байланысының көкейкесті мәселелерінің бүкіл спектрі бойынша ұсыныстарды талқылау және дайындау;

аса қоғамдық маңызы бар бастамаларды, жобалар мен ұсыныстарды қолдау және бастама жасау;

келеңсіз тенденциялардың алдын алу және ескерту, алауыздықтар мен дауларды реттеу жөніндегі практикалық шараларды жүзеге асыруға, даулы мәселелерді болдырмауға, әлеуметтік шиеленістің ошақтарын оқшаулауға қатысу. Кеңестер жұмысының маңызды бағыттарының бірі орындарда медиаторлық институтты дамыту- дауларды сотқа дейін реттеу, мүдделер қақтығысы белсенді шиеленісті кезеңге ұласуының алдын алу тәжірибесі болып табылады;

қоғамда өзін-өзі реттеуді кеңінен енгізуге қолдау көрсетуді, мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағын кезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету;

азаматтық қоғам институттарына олардың дайындықтары бойынша аса әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты өкілеттіктерді беруге қолдау көрсету.

Кеңестер отырыстарында этносаралық және конфессия аралық келісімді нығайту, қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу, дәстүрлер мен аға ұрпақ мәдениеті сабақтастығы, денсаулық сақтау және салауатты өмір салты, елдімекендерді абаттандыру, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ауылда кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуды дамытуға қатысты түрлі мәселелер қарастырылады.


Азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту бойынша мақсаттылы бағытталған күштер әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады. Азаматтық қоғамның оның сан қырлы мүдделерімен қалыптасу жағдайында ең алдымен, базалық құндылықтар мен қағидаттар шеңбері бойынша келісімге қол жеткізу маңызды. Осы мәселені шешуде жалпыұлттық идея үлкен мәнге ие, оның мәні:


қазақстандық отаншылдық пен ұлтаралық келісімге негізделген мемлкеттік идеологияны жүзеге асыру;

Қазақстан халқының бірлігін және қоғамдағы толеранттылықты нығайтуда;

қазақстандық қоғамның тарихи, дәстүрлі, рухани және мәдени құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

ұлттық-мемлекеттік қауымдастық ретінде бірыңғай халықты қалыптастыру қағидатын жүзеге асыру болып табылады.

Қоғамдық келісім Кеңестерінің миссиясы - түрлі әлеуметтік күштер мен институттарды біріктіру және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам әлеуетін біріктіру қажет.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:34
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30