Тілді дамытуда Ассамблеяның еңбегі ерекше

Тілді дамытуда Ассамблеяның еңбегі ерекше

Жыл сайын елімізде қыркүйек айы Тілдер мерекесі ретінде аталып өтіледі. Республика көлемінде қазірдің өзінде алдын ала арнайы тілдер мерекесіне арналған түрлі апталық, айлық іс-шаралар өткізілуде. Айта кетер жайт елімізде Қадыр Мырза Әлі атамызша айтқанда «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, көп тілді білуге жағдай жасалуда, алайда бұдан мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәртебесі кеміп жатқан жоқ. Керсінше мемлекеттік тілдің мәртебесі артып, қазақ тілді мектептер мен балабақшалардың саны көбейіп, мемлекеттік іс қағаздары қазақ тіліне көшуде. Елбасының тапсырмасымен осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмыс бағыттарының бірі ретінде қазақ тілін дамыту тапсырылған болатын. Содан бері Ассамблея тарапынан қазақ тілінің өркендеуі үшін біршама жұмыстар атқарылды.
Айта кетер жайт еліміз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барша ұлттың тілінің дамуы үшін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің ұмытылмауы үшін, мәдениеті мен өркениетінің одан әрі өркендеуі үшін еш аянып қалған емес. Өзге ұлттардың ұлттық құндылығының жойылмауы үшін барынша жағдай жасауда. Мемлекет тарапынан жасалып отырған мұндай қамқорлық, елімізде өмір сүріп жатқан 100-ден астам ұлт пен ұлысқа деген зор құрметі екені даусыз. Алайда соған сай басқа ұлттар да біздің тілімізге, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге деген құрметінің белгісі ретінде, тілімізді үйреніп, салт-дәстүрімізді құрметтеп жергілікті қазақ ұлтымен барынша біте қайнасып, бірлікте өмір сүруге тырысуда. Сондықтан мемлекеттік тіл қазақ тілі де қанатын одан әрі кең жайып, бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлтқа ортақ тіл ретінде дамып келеді. Шын мәнінде бұл еліміздің ұстанып отырған дұрыс саясатының арқасы болса керек. Елімізде қазақ тілімен қатар, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Тіл тұжырымдамасы бағдарламасы аясында этнос топтары тілдерінің де дамуына қолдау көрсетіліп келе жатыр.
Мойнына тілдерді дамытуды міндет етіп алғандықтан жыл сайын Ассамблея тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өзге ұлттардың арасында тілдер байқауы ұйымдастырылуы, жер жердегі Ассамблея орталықтарынан «Тілдарын» тілдерді дамыту мен үйрету орталықтарының ашылуы, жексенбілік мектептердің ашылуы, қазақ мектептеріне барып жүрген өз ұлттардың көбеюі елімізде қазақ тілін дамытуда дұрыс бағытта келе жатқанымызды айғақтайды. Мәселен Ақмола облысында Тілдер мерекесінің он күндігіне орай қырықтан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Айта кетер жайт бұл іс-шаралардың барлығы өңірдегі Қазақстан Халқы Ассамблеясы тарапынан ұйымдастырылуда. «Жыл сайын өткізілетін тілдер онкүндігі биыл қыркүйек айының 5-18 күндері аралығына жоспарланып отыр. Қыркүйектің 5-і күні қазақтың ұлттық қоғамдық-саяси қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Сол себепті жыл сайын дәстүр бойынша осы күні тілдер онкүндігі бастау алады. Онкүндік шеңберінде облыста дөңгелек үстел, байқау, әдеби-сазды кештер, шығарма және сурет байқаулары тәрізді 40-қа жуық шара өткізу жоспарда бар. Жалпы, жылдан жылға шараның аясы кеңейіп келеді" дейді өңірдегі Ассамблея өкілдері. Бір ғана өңірде қырыққа жуық шара Тілдер мерекесіне арналмақ. Ал республика бойынша ұйымдастырылатын қанша іс-шара Тілдің одан әрі дамуына ықпал етері анық. Осы орайда өткен жылы Астана қаласынан Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен № 53 мектеп-лицейінде «Зиё» жексенбілік мектебі ресми ашылған болатын. Жыл өткен сайын елімізде жексенбілік мектептердің көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Өйткені бұл жерде барша ұлттың балалары бірнеше тілді еркін меңгеруіне жағдай жасалған. «Зиё» мектебінің ашылуы да өзбек этносы өкілдерін қуантып қана қоймай, барша тіл үйренгісі келген жастарды қуантты.
Негізі әр ұлт өзінің тілін, тарихын, мәдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі үлкен жетістік. Ал оны үзбей жеткізудің бір-ақ жолы бар, ол — үнемі білім беру, білім алу. Осы орайда елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің ұлттық тілден ажырамау үшін жасалып отырған жағдайдың маңызы зор! Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалған. 22 этностың тілі жеке пән ретінде мектептерде оқытылады. 100-ге жуық мектепте сабақ өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі. Этникалық ақпарат құралдарын қолдау үшін мемлекеттен арнайы қаржы қарастырылған және ол соңғы жылдары 4 есеге көбейтілді. Әртүрлі этностардың ұлттық театрларын, жалпы мәдениетін қолдауды да мемлекет ұмытқан емес.
Жексенбілік мектеп ашыла сала қуаныштарымен бөліскен өзбек этномәдени орталығы мектеп кітапханасына өзбек авторларының кітаптарын тарту етіп, кітап қорын молайтуға да атсалысты. Сондай-ақ жақса мамандармен қамтуға өздерінің ықпалын тигізді. Жалпы мектептің ашылу мақсаты — өзбек тілі мен мәдениетін сақтап және дамыту, ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, сонымен қатар өзбек этностарын, жалпы халықты Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу еді. Аталмыш мектептің бұл мақсаттан қаншалықты шығары алдағы күннің еншісінде.
Айта кетер жайт о баста алғашында қоғамдық негізде жұмыс істеген жексенбілік мектеп уақыт өте келе қоғамымызға өзінің оң нәтижесін бере бастаған соң, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және Астана қаласының Білім басқармасының шешімімен жексенбілік өзбек мектебі ретінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Қазір бұл мектепте өзбек тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін оқытады. Сонымен қатар халық әндері мен өзбек этносының классикалық хореографиясы үйретіледі. Өзбек мәдениеті мен өркениетіне, тіліне қызығушылық танытқандарға жексенбілік мектептің есігі қашан да ашық. Мектептегі бағдарламаға келер болсақ тарих пен әдеп сабақтарында әдеп ережелері мен ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар оқытылады. Тарих сабағында Қазақстан және Өзбекстан тарихы оқытылады.
Жексенбілік мектеп пайдалануға берілген алғашқы жылдары бала саны аз болғанымен бүгінде уақыт өткен сайын балалар саны толығып келеді. Мәселен қазіргі кезде мектепте 60 шақты бала білім алуда. Ол жерге өзбек ұлтының балалары ғана келіп қана қоймай, өзге этностың балалары да келіп, білімін молайта алады. Аты айтып тұрғандай жексенбілік мектепте балалардың білім алуына жайлы екі кабинет пен үлкен хореография залы қарастырылған. Сабақ жексенбі күні таңертеңгі он бірде басталып, түстен кейін сағат үште аяқталады.
Өзбек жексенбілік мектебінің «Зиё» деп аталуы да тегін емес, аудармасы «жарық» және «ағарту» деген мағынаны білдіреді. Осы орайда мектеп ұстаздары «Біздің негізгі мақсатымыз балаларға тек білім ғана беріп қоймай, оларды зияткерлікке, шығармашылыққа, мәдениетке және тәрбиелі тұлға болуға баулу және ең бастысы еліміздің патриоты болуына тәрбиелеу», — дейді.
Жалпы соңғы жылдары еліміздің азаматтарында көп тіл білуге деген ұмтылыс бары аңғарылады. Осы орайда бұл жексенбілік мектепте сабақтар қазақ, өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілетінін айта кетуге болады. Яғни тегін тіл үйренгісі келген бала жексенбі күні осы мектепте бетке алуына әбден болады. «Біз үшін ұлты маңызды емес, баланың қалауы болса, кез келген ұлттың өкілі мектебімізге келе алады», — дейді ұстаздар. Жалпы білім беретін көп мектептердей сабақ бірінші қыркүйекте басталып, әр оқу жылының жиырма бесінші мамырында аяқталады. Өзбек тілі, тарих және әдеп сабақтары 45 минут оқытылады, ал хореография мен ұлттық аспап доирада ойнауға уақыт көптеп бөлінеді. Иә, иә бұл жерде ұлттық аспаптарды меңгеруге де ден қойылады. Сонымен қатар балалар сабақта қазақ, өзбек әдебиетінің шығармаларын оқиды, яғни, түркітілдес ақындар мен жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Оқушылардың тәрбиелік жұмысына Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының барша ұжымы қатысады.
Мектеп оқушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы, өзбек этномәдени орталығы мен Астана қаласының әкімдігі өткізетін барлық шараларға үздіксіз қатысады. Сонымен қатар көптеген халықаралық конкурстардан арнайы сыйлықтармен оралады.
Айтпақша бұл жексенбілік мектептің тағы бір артықшылығы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Зиё» мектебінде балалар латын әліпбиіне негізделген өзбек әліпбиін үйреніп жатыр. Өзбек елінің латын әліпбиіне бізден де бұрын өтіп алғанын ескерсек, олардың бұл салада тәжірибесі молырақ. Сондықтан ел ішінде латын әліпбиінің кең тарауына да жексенбілік мектептің қызметі зор болғалы тұр. Сондытан мектептің бұл артықшылығының балаларға да, ересектерге де пайдасы тиіп жатыр.
Оқу міндетті түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады. «Біздің ерекшелігіміз — ана тілін оқытуда бірден төрт тілді меңгереміз — қазақ, өзбек, орыс және ағылшын тілі. Біздің ұстаздар аталған тілдердің барлығын жетік меңгерген. Қыркүйек айынан бастап алғашқы айларда балалар өзбек әліпбиін латын әліпбиімен оқиды», — дейді мектеп директоры. Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш. Пулатовтың айтуынша, балаларға латын әліпбиін оқыту идеясы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін туындаған.
Жексенбілік мектеп балаларды қолөнерге де баулиды. Қыз балалар қолөнерді меңгеріп отырғанда, ұл балалар ертеден келе жатқан өзбектің ұлттық ер адамдарының музыкалық аспабы — доираны үйренеді.
Мұның бәрі айналып келгенде елімізде Ассамблеяға тілдерді дамытуға мол мүмкіндік берілгеннен кейін туындап отыр.
Аптасында бір болатын жексенбілік мектептің шын мәнінде оқушыларға берері мол екенін бір ғана мектепті мысалға келтіре отырып түсініп отырмыз. Ал еліміз бойынша 100 ден астам ұлт пен ұлыстың 80-ге жуығының жексенбілік мектептері бар екен. Ал жалпы саны 200-дей жексенбілік мектеп тіркелсе, онң жжиырма шақтысы Алматы қаласында орналасқан екен. Бүгінгі күні еліміз бойынша мыңдаған оқушы осы мектептерден білім алуда.
Еліміз бойынша әзербайжан, ассирия, беларусь, венгр, дүнген, грек, грузин, ингуш, еврей, балқар, кәріс, күрд, армян, неміс, поляк, орыс, татар, башқұрт, түрік, ұйғыр, украин және шешен этномәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептері бар екен. Статистиканы сөйлетер болсақ бүгінгі таңда республикамызда немістер - 49, қазақтар - 40, кәрістер - 36, татарлар - 29, славяндар - 27, шешендер мен ингуштар - 26, әзербайжандар - 23, ұйғырлар - 21, орыстар - 20, украиндер - 19, еврейлер - 18, поляктар - 16, түріктер - 14, гректер - 12, армяндар - 11, беларусьтер - 10, дүнгендер - 10, күрдтер мен өзбектер - 8-ден, түркімендер, болгарлар және дағыстандықтар - 4-тен, қырғыздар мен тәжіктер - 3-тен, қарашайлықтар, балқандықтар, қытайлар, чуваштар және қарақалпақтар - 2-ден, ассириялықтар, чехтар, Прибалтика халықтары, грузиндер, осетиндер, лезгиндер, ирандықтар, буряттар, венгрлер, румындар - бір-бірден этномәдениқұрылымдарға ие. Бұл этномәдени орталықтардың барлығы жыл бойына түрлі іс-шаралар өткізеді. Өзара татулық пен бірлікте, өмір сүріп, еліміздің дамуына қызмет етуде.
Ассамблеяның тілдерді дамытудағы, қанатын кең жаюдағы еңбегін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мәселен елімізде тұрып жатқан этнос өкілдері өз ана тілдерімен қатар қазақ тілін үйреніп, сөйлеудің маңыздылығына мән беруде. Бұл бір жағынан міндет болса, екінші жағынан тілге деген құрмет. Бірнеше тілде сөйлейтін адамның қоғамдағы орны да айрықша. Ондай адамның табысы да, ырысы да артық.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі арқылы меңгеруге болады. Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі».
Осы орайда кеше ғана Қарағанды қаласында өткен байқауда Евгений Янке «Тіл жанашыры» сайысында басты орынды иеленді. Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы қазақ ауылында тұрып жатқан неміс жігіт қазақ тілінде анық та қанық сөйлейді. Болашақта журналистика саласында жұмыс істеуді армандайтын Евгений облыстық, республикалық деңгейдегі алуан түрлі байқауларда биік тұғырдан көрініп жүр.
Еліміздің мұндай патриоттары бар кезде еліміздің ертеңіне, тіліміздің тағдырына алаңдамай-ақ қоюға болатындай.
Еркенұр Ерзия


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста