Жаңалықтар

2018 жылы әлемдегі ең жойқын зілзала күтіледі

  • 2018 жылы әлемдегі ең жойқын зілзала күтіледі

    2018 жылы әлемдегі ең жойқын зілзала күтіледі

 2018 жылы жойқын жер сілкіністерінің саны 1,5-2 есеге артуы мүмкін. Gazeta.ru порталы ғалымдардың мұндай болжам жасауға не түрткі болғанын анықтап көрді. 2018 жыл бастала салысымен Жер бетінде жер сілкіністерінің саны екі есеге өседі. Боулдердегі Колорадо университетінің геофизигі Роджер Билхэм осындай болжамға келді. Мұндай болжамға келмес бұрын ғалым 1900 жылдан бергі магнитудасы 7 баллдан жоғары болған жер сілкінісінің статистикасымен толық танысып шыққан.


Бірнеше жылғы бақылау барысында шыққан қорытынды – Жер айналысының жылдамдығы ішкі күштерге байланысты төмендеген жағдайда жер сілкінісі жиілейтін болады.


XX ғасырда жер сілкінісі артқан 5 кезең анықталды. «Бұл кезеңдерде жылына 25-30 алапат жер сілкінісі болған. Қалған уақытта 15 ірі жер сілкінісі орын алды», - деді Guardian ғалымы.


Күн мен айдың айналысы артқан сайын Жердің тежелетіні анық. Алайда Жердің айналысын тежейтін немесе жеделдетін ішкі күштер де болады.


Жер баяулату фазасына 4 жыл бұрын кіргендіктен, келесі жылы ғаламшарды сейсмикалық белсенділіктің артуы күтілуде. «Gazeta.ru» болжам авторы Роджер Бидхэммен сөйлесті. Ғалым зерттеулерімен бөлісті.


Оның айтуынша, Жер айналысы мен жер сілкінісің жиілігі арасындағы байланыс жүз жылдық кестеде анық көрінеді.



«Жасыл түс экстремалды құндылықтар жойылған жер сілкіністерінің орташа бес жылын көрсетеді. Кейбір жылдары дүмпулердің саны 26-ға жеткен, кейбірі 6-ға дейін түскен. Үстіміздегі жылы Жерде магнитудасы 7 баллдан жоғары алты жер сілкінісі тіркелген», - деді Билхэм.


Ғаламшардың сейсмикалық құбылысы мен Жер айналысының арасындағы байланысты алғашқы болып анықтаған Билхэм емес. «Мақала дайындау барысында екі доктор Левин мен Сасарова да осы мәселе турасында ұзақ жылдар жұмыс істеген», - деді сейсмолог.


Бүгінгі таңда 2014 жылдан бері қарай Жер жаңа тежеу заңына еніп, магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісін ұстап тұр.


Ғалымдар болжамдарының қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізу үшін көп уақыт қалған жоқ дейді. Магнитудасы 7 баллға жеткен соңғы ірі жер сілкінісі Иран мен Ирак шекарасында орын алған. Жүздеген адамның өмірі қиылып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Кейін Тынық мұхиты аумағында 7,3 баллды жер сілкінісі болды.


qamshy.kz




Көрілген: 2123    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.11.2017, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31