Жаңалықтар

2018 жылы мектеп бағдарламасына дін тақырыбындағы жаңа оқулық енгізіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандағы мектеп оқушылары «Қоғам және дін» атты жаңа оқулықтармен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Білім және ғылым министрлігімен бірлесе «Қоғам және дін» деген жұмыс атауымен жаңа оқулық бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Кітап мектеп бағдарламасына енгізілетін болады. Онда әлемдік діндер мен мемлекеттің өркениетіне қатысты білім беруде ғылыми контент күшейтілген»,-деді Ермекбаев.


Осы орайда ведомство басшысы оқулық алдағы оқу жылының екінші жартысына немесе 2018-2019 оқу жылына әзірленетінін атап өтті.


Сонымен қатар ол сайттарды мониторингілеуден бөлек, кітаптарды сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын сөз етті.


«2017 жылы сараптамадан 1,5 мыңнан астам осындай нысан өтті, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі кітапхана қоры да бар, яғни бас бостандыған айыру орындарындағы кітап қоры талдаумен қамтылды. Ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінде деструктивті мазмұндағы 13 кітап анықталды»,-деді министр.


 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 28.08.2017, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31