Жаңалықтар

40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді

  • 40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді

    40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді

Алматы қаласының №68 мектеп-гимназиясындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Наталья Дрейт Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде мұғалімдердің артығымен жұмыс істейтіні туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Параграфтар, 40 минуттық сабақтардың қалай өткені, «Күнделік» атты электронды журналын толтыру, дәптерлер пен күнделіктерді тексеру, ата-анамен жұмыс, сыныптан тыс жұмыстар, есептер, педагогикалық жиындар, семинарлар, сабаққа күн сайын дайындалу сияқты жұмыстың бәрін апталық кестеге жинақтадық. Дене шынықтыру мұғалімі ретінде ең көп жүктемем – 39 сағат еді, алайда аптасына жұмсайтын уақытымды есептегенде 83 сағат болды. Сонда 39 сағатты алып тастағанда мен 42 сағат артық жұмыс істеймін. Бұл сағаттар үшін маған мемлекет ақы төлемейді", - деді мұғалім Наталья Дрейт.

Бұдан бөлек дене шынықтыру мұғалімдері барлық жарысқа, спартакиадаларға қатысып, балаларды дайындайды және оларды жарыстарға апарады. Бұл үшін де оларға ақы төленбейді.


"Бұдан мұғалімдердің физикалық және психологиялық тұрғыда артығымен жұмыс істеп жатқанын көреміз. Осы орайда мұғалімдердің жалақысын ғана емес, олардың зейнет жасын ұзарту мәселесін де қарастыруымыз керек. КСРО кезінде 25 жылдық педагогикалық өтілі бар мұғалімдер өз қалауы бойынша зейнетке шыға алатын", - деді ол. 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 08:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30