Жаңалықтар

8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы облыс әкімінен грант алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

 8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы студент атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Тимурбек Жамаладдинов облыс бюджетінен бөлінген грантқа ие болды.


Оқушының таңдауы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне түскен. Тимурбектің аталмыш ЖОО-да білім алуына мүмкіндік беретін арнайы сертификатты Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстады. Бүгінде ерлігімен көзге түскен оқушы оқу орнына құжаттарын өткізбек.


Тимурбек - үйінің тұңғышы. Артынан екі қарындасы өсіп келеді. Өзі құтқарып қалған бүлдіршіннің отбасымен жақсы араласып тұрады. Биыл қыз бала 3-сыныпқа барады.


«Адам өз айналасындағы қылмысқа бейжай қарамауы керек. Жақсы маман болу үшін жақсы оқып, білім алуы тиіс. Барынша қоғамға пайдалы болуға тырысқан жөн», - деді Тимурбек.


Еске салайық, Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында ағымдағы жылдың сәуір айында 32 жастағы жергілікті тұрғын 2008 жылы туған оқушы қызды зорламақ болды. Жылап, көмекке шақырып жатқан қызды сол ауылдағы Қонаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Тимурбек Жамаладдинов құтқарып қалған. Ол қылмыскерді итеріп жіберіп, бүлдіршінді көтеріп үйіне жеткізіп салған. Күдікті сол күні ұсталды.Кейін оның қылмысы дәлелденіп, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.


 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.08.2017, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31