Жаңалықтар

8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған

  • 8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған

    8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күндік нәтижесі бойынша 8 499 оқушы емтиханнан өте алмады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты деп жазады Baq.kz.

Брифингте Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесін баяндады.


«Тіркелген өтініштердің саны – 61 098. Нақты Ұлттық бірыңғай тестілеуге 58 967 түлек кірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1%-ке жоғары, яғни биылғы көрсеткіш 96,5%-ті құрап отыр. Шекті балды алғандардың саны – 50 468. Бұл санды өткен жылмен салыстырар болсақ, көрсеткіш 1%-ке өскен», - деді директор.Осы орайда ол ҰБТ-дан тиісті балды жинай алмаған түлектерге тоқталды.


«Ал ҰБТ-дан өте алмағандардың саны – 8 499. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1%-ке төмен. 3 түлектің ҰБТ нәтижесі күшін жойды. Жалпы Қазақстан бойынша орташа балл – 83. Өткен жылмен салыстырғанда орташа балл 3%-ке артқан. Былтырғы көрсеткіш – 80%», - деді Рамазан Әлімқұлов.


Оның айтуынша, ҰБТ-да әлі ешкім ең жоғары 140 балл алмаған.


Айта кетейік, түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді енді 5 күн тапсырады.


Дәурен ЕРБОЛАТ 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сенбі, 23.06.2018, 21:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30