Жаңалықтар

QS рейтингі: Еліміздің үш университеті ең үздік 50 жоғары оқу орнының қатарына енді

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Беделді QS халықаралық агенттігі «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» (QS Emerging Europe and Central Asia) QS рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік нәтиже көрсетіп, 10-шы орынға тұрақтаған. Бір жылда бұл оқу орны рейтингте бір орынға көтеріліпті. Осылайша ресейлік ТМУ (11-орын), МФТИ (13-орын), Н.Э.Бауман атындағы ММТИ (20-орын) секілді жоғары оқу орындарын басып озған.


Сонымен қатар еліміздің басқа да ЖОО-лары рейтингте біршама жақсы көрсеткішке қол жеткізген екен. Еуразия ұлттық университеті былтыр 33-ші орында болса, биыл 24-ші орынға табан тіреген. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (жаңа атауы Satbayev University) рейтингте 50-ші орында тұр. Ол бір орынға төмендеген екен.


«Дамушы Еуропа және Орталық Азия» дамыған университеттерінің рейтингінде жетекші екі ресейлік университет көш бастап келеді. Үшінші жыл қатарынан бірінші орынды М.В. Ломоносов атындағы ММУ, екінші орынды НМУ, ал үшінші орынды Тарту университеті (Эстония) иеленіп отыр.


Жыл сайынғы QS Emerging Europe және Central Asia рейтингі университеттердің онлайн қатысуын және PhD деңгейінде білікті қызметкерлердің үлесін қоса алғанда, сегіз түрлі көрсеткіш бойынша университеттерді бағалау арқылы жасалады.




 




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.10.2017, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30