Жаңалықтар

Абай қалдырған із – мәңгілік мұра!

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады. Биыл жарық көрген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамның барлық саласына жаңа серпін берді. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Университетте осы бағыттардың бірі «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы табысты жүзеге асуда. Бұл жоба жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде зор нәтиже беруде.


Осы аталған жоба аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіліп отырады.


Еліміздің Президенті өз мақаласында атап көрсеткен ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту мəселесіне басым көңіл бөлді. Аталған мақаланың бір бағыты "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" жобасы аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы белсенді жұмыс істеуде.


Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім - қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның»,- деп жазып кеткеніндей, жоба әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында шетелдік студенттерге арналған «Абай қалдырған із – мәңгілік мұра! (Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.




Жиында сөз алған кафедра оқытушысы Т. Курманова қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, шығармашылығына жалпы шолу жасады.


Шараны оқытушылар А. Саденова, Л. Торохтий, А. Ахмедовалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажы жалғастырды.


Студенттер Абай шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғаны туралы мәліметтермен танысты. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.


«Абай қалдырған із – мәңгілік мұра! (Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар бұл маңызды іс-шара студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.


 


А.Е. Саденова., Л.С. Торохтий

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары

 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 09.11.2017, 10:27

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
27 Қыркүйек, 13:45
Алматы – жастар қаласы
22 Қыркүйек, 21:21
Тіл - мемлекет тірегі
4 Қыркүйек, 21:09
Рухы биік дара тұлға
12 Маусым, 16:34
Қала әкімі – ҚазҰУ-да

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30