АХМЕТ ЯСАУИ университеті оқуға шақырады

АХМЕТ ЯСАУИ университеті оқуға шақырады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - еліміздегі алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны. 1991 жылы 6 маусымда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан қаласын өркендету мақсатында құрылған бұл оқу орнына алғашқы жылы небәрі 332 студент оқуға қабылданса, қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық жастар білім алады.
Университетіміз дайындық курсы, медицина, стоматология, әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану, инженерия, өнер, филология, дипломнан кейінгі білім беру салалары бойынша мамандар даярлайды. Осы бағытта 14 оқу корпусы, 7 ғылыми зерттеу институты бар. Дәрісханалар түгелімен заман талабына сай жабдықталған. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға бар жағдай жасалған: спорт залдары, футбол алаңдары, теннис корттары, ашық волейбол және баскетбол алаңдары бар. Мәдениет орталығындағы 700 орынды бір үлкен зал, 150 орынды 10 кіші залы, 3 хореография сыныбы түгел студенттерге қызмет көрсетеді. 


Ал, шетелде білім алғысы келетіндер болса, университетіміз әлемнің 190 елімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған. Сол негізде студенттер «Erasmus+» «Мәулана», «Орхун» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелде бір семестр бойы білім алу» бағдарламалары бойынша алыс және жақын шетелдік университеттерде білім ала алады. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Түркия және Еуропа мемлекеттерінде білімін жетілдіру мүмкіндігі зор.
Сондай-ақ, «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Польша, Испания, Түркия және Ресей университеттерінен ғалымдар келіп дәріс оқиды, ғылыми тәжірибе алмасады.
Отыз жылға жуық тарихында университетімізді бітірген түлектер біршама жетістіктерге жетіп үлгерді. Мәселен, олардың қатарында ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльмира Әзімова, бүгінгі Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан жас кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Мақсат Қожамбек, «Хабар» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Ғани Жәпішовтер бар.
Құрметті жас талапкер, егер бізге оқуға түсем десеңіз, есігіміз ашық. Қабылдау комиссиясы 18-26 шілде күндері мемлекеттік білім грантына, 5-15 тамыз күндері Түркия грантына, 5-25 тамыз күндері ақылы негізде білім алатын талапкерлерден бакалавриат бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдайды.
Ал, күндері магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша құжаттар қабылдау 3-31 шілде аралығында.
Емтихандар, бірінші шет тілі бойынша 10-15 тамыз күндері, ал мамандық бойынша 16-20 тамыз аралығында өтеді.
Ақылы негізде білім алатын талапкерлер үшін оқу ақысы төмендетіледі.


Мекен-жайымыз:
1. Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29. №2оқу ғимараты
2. Шымкент қаласы А.Байтұрсынов 7/7.
3.
Байланыс телефоны: 8 (72533) 6-36-90, www.ayu.edu.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста